Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ФУТБОЛ: Андрес Иньеста «Алтын аяқ» иегері атанды

Андрес Иньеста «Алтын аяқ» иегері атанды

«Барселона» футбол клубының жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста футболды дамытуға қосқан үлесі үшін, 28 жастан асқан футболшыларға берілетін «Golden Foot» иегері атанып, «Алтын аяғының» ізін тарихта қалдыратын болды, деп хабарлады «Интерфакс».

Биылғы жылы үміткерлер қатарында Тьерри Анри, Мануэль Нойер, Андреа Пирло, Франк Рибери, Криштиану Роналду, Уэйн Руни, Тиагу Силва, Яя Туре, сондай-ақ, Бразилияның аты аңызға айналған әйелдер құрамасының футболшысы Марта да болған.

Футболшылар бұл атақты өмірінде бір рет қана иелене алады. Жеңімпаз Монакода орналасқан «Чемпиондар аллеясына» өз аяғының ізін қалдырады.

Бұған дейін мұндай жетістікке жеткендер:
2003 жылы — Роберто Баджо (Италия)
2004 жылы — Павел Недвед (Чехия)
2005 жылы — Андрей Шевченко (Украина)
2006 жылы — Роналдо (Бразилия)
2007 жылы — Алессандро Дель Пьеро (Италия)
2008 жылы — Роберто Карлос (Бразилия)
2009 жылы — Роналдинью (Бразилия)
2010 жылы — Франческо Тотти (Италия)
2011 жылы — Райан Гиггз (Уэльс)
2012 жылы — Златан Ибрагимович (Швеция)
2013 жылы — Дидье Дрогба (Кот-д’Ивуар)

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
325

Осы тақырып бойынша

ФУТБОЛ: Андрес Иньеста «Алтын аяқ» иегері атанды - Yvision.kz