Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

«Alem Barysy» сайысының жүлде қоры 150 мың доллар

«Хан Шатыр» ойын-сауық кешенінде қазақ күресінен «Alem Barysy» бірінші халықаралық сайысына қатысушылар салмақ өлшеу шарасына қатысты. Арнайы ұйымдастырылған жиында әлемнің ең үздік палуаны атағын жеңіп алу үшін келген 35 елдің спортшысы салмақ өлшеді. 25 қазан күні Павлодарда өтетін «Alem Barysy»-на Қазақстан атынан Бейбыт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров, Асыл Барменов, Руслан Абдразақов қатысады. «Alem Barysy» сайсының жүлде қоры — 150 мың АҚШ доллары. 1-орынды жеңіп алған палуанға 100 мың, 2-орынға 20 мың, 3-орынға 10 мың доллар берілсе, ең үздік 10 палуанға мың доллардан тапсырылады. Күресті тамашалауға келген көрермен арасында ұтыс ойнатылады. Жеңімпазға — Nissan Almera жеңіл автокөлігі. «Alem Barysy» «Қазақстан», «Kazsport», ресейлік «Боец», түркиялық «TRT Avaz» телеарналары арқылы көрсет…

0
0
221

FIFA рейтингінде Қазақстан құрамасы бес саты төмен түсті

Бүгін FIFA-ның футболдан бүкіләлемдік ұлттық құрамалар рейтингі жаңарды. Онда Қазақстан ұлттық құрамасы 127-ші орыннан 132-орынға сырғып, 5 саты төмен түскен. Өткен айда ұлттық құрамамыз 127-орында тұрған болған. Алайда одан бері 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сыны аясында Қазақстан құрамасы екі ойын өткізіп, Нидерланды және Чехия құрамасына жол бергені себепті таблодағы орны төмендеген. Жаңа кестенің төрінен 1669 ұпаймен Германия құрамасы орын алса, 1565 ұпайы бар Аргентина құрамасы екінші орында. Ал Колумбия 1420 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр. Үздік үшеу алдыңғы айдағы орындарын сақтап қалған, ал бұл жолы өткен айда 4-орында тұрған Белгия мен 5-орында тұрған Нидерланды өзара орын ауыстырыпты. Ал әлемнің басқа елдерінің құрамалары қай орынға ойысқанын www.championat.com сай…

0
0
382

ИНЧХОН-2014: Мүгедектер арбасына таңылған қазақстандық жаңа әлемдік рекорд орнатты

Параазиада ойындарында қазақстандықтар бірталай жеңістерге қол жеткізуде. Кеше біздің спортшыларымыздың қоржыны бес наградаға толықты, деп хабарлады sports.kz. Дүбірлі додада қазақстандық жүзгіштер ерекше көзге түсті. Әсерсе, мүгедек арбасына таңылған спортшы Зүлфия Ғабидуллина рекорд орнатып, жұртшылықты таң қалдырды. 23 қазан күнгі қорытынды бойынша — жалпы есепте Қазақстан 11 орында. Инчхон ойындарының соңғы күндерінде сингапурлық, қытайлық жүзгіштерден Зүлфия алтын медальді тартып алды десе болады. Әлемнің төрт дүркін чемпионының жеңісі сенсация тудырды, ол жаңа әлемдік рекорд орнатты. Небәрі 46,40 секундта ол 50 метрді еркін стильде жүзіп өтті. Сондай-ақ Қазақстан қоржынына жүзуден екі алтынды Әнуар Ахметов пен Андрей Афанасьев салды. 100 метр қашықтыққа жүзуден оларға ешкім тең келе…

0
0
230

Михаил Кукушкин Швейцариядағы турнирдің ширек финалына өтпей қалды

Неміс Бенджамин Беккер Базельдегі турнирдің ширек финалына өтті.

Оның қарсыласы Қазақстаннан келген Михаил Кукушкин  үшінші сетте жарысты жалғастырудан бас тартты. Ол 0:4 есебімен есе жіберді, деп хабарлады sports.kz.

Базель (Швейцария). Турнир ATP Swiss Indoors Basel
Екінші айналым.

Беккер (Германия) — Кукушкин (Қазақстан) — 6:7 (3:7), 7:6 (7:4), 4:0.

   
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
279

Головкин мен Рубионың жекпе-жегі — жыл телерейтингінде екінші

Карсонда (АҚШ, Калифорния штаты)  НВО телеарнасы арқылы 18 қазанда көрсетілген кездесулердің рейтингі белгілі болды.

Екі жекпе-жектің бірінде  WBA (Super) нұсқасы бойынша жартылай жеңіл салмақта 28 жастағы ямайкалық Николас Уолтерс 31 жастағы филиппиндікті 6 раундта нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атанған еді. Мұны 1,1 миллион адам көрген.

Келесі жекпе-жекте WBA (Super) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин екінші раундта мексикалық Марко Антонио Рубионы нокаутқа түсіріп,  чемпиондыққа қоса WBC уақытша белбеуін еншілеген еді. Бұл жекпе-жектің рейтингі 1.3 миллион көрерменді құрады, деп хабарлайды sports.kz.

   
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
177

«Қазақстан Барысы-2012» жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев «Alem Barysy»-на әзірлігі қандай екенін айтты

Қазақша күрестен «Қазақстан барысы-2012» республикалық турнирінің жеңімпазы, «Еуразия барысы-2013» I халықаралық турнирдің жеңімпазы жамбылдық спортшы Бейбіт Ыстыбаев әлемдік деңгейдегі жарысқа дайындық үстінде. «Көңіл-күйім жақсы. Жерлестерімнің қолдауын сезінемін, тиісті деңгейде дайындалып жатырмын. Әрине, бәрін рингтегі дода шешеді, бірақ мен де соңына дейін тырысамын», — деді Б.Ыстыбаев «Alem Barysy»-на қатысушылар жиналып жатқан Павлодар қаласында. Еске салсақ, 25 қазанда Қазақстанда алғаш рет қазақша күрес бойынша «Alem Barysy» халықаралық турнирі өтеді. Павлодарда 90 келі салмақ санатындағы палуандар сынға түседі, жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен спортшылар қатыспақ. Турнирдің жалпы жүлде қоры 150 мың долларды құрайды. Жақында «Alem Barysy» турнирінде Қазақстанның намысын қорға…

0
0
717

Алматыда аралас жекпе-жектен «Дала батырлары» халықаралық турнирі өтеді

Алматыда 2014 жылдың 23 қарашасында аралас жекпе-жек өнері бойынша «Дала батырлары» халықаралық турнирі өтеді. Оған «Alash Pride KZ» (Қазақстан) құрама командасының сайыпқырандарымен қатар, АҚШ, Бразилия, Франция, Литва, Тәжікстан және Ресейден (Грозный, Махачкала, Уфа ққ.) жекпе-жек өнерінің шеберлері келеді, — деп хабарлайды sports.kz сайты. Сайыс бағдарламасы бойынша Ержан Естановтың (лақап аты — «Арлан») дағыстандық «Қара жолбарыс» Расұл Мырзаевпен арада қарымта кездесуі өтеді. Сондай-ақ, әлі жеңіліп көрмеген Қайрат (лақап аты — «Қазақ») Ахметов Францияның жаңадан атағы шығып келе жатқан жұлдызы Селах Элкаспен кездесіп, тұңғыш рет «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағын сарапқа салады. Ал Қуат Хамитов («Найман») Черногориялық Васо Бакочевичпен («Қояншық») жекпе-жекке шығ…

0
0
1359

Теннис: Базель турнирінде А.Голубев те жеңіске жетті

Бүгін Швейцарияның Базель қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Андрей Голубев ресейлік, әлемнің 62-інші ракеткасы Теймураз Габашвилимен шеберлік байқасты.

Бұл кездесуде әлемдік рейтингте 66-орында тұрған Андрей 1 эйс, 3 брейк жасап, 6:3, 6:3 есебімен екі партияда жеңіске жетті.

Екінші айналымда А.Голубев латвиялық Эрнест Гулбис немесе хорват Борна Чоричтің біреуімен кездеседі.

Еске сала кетейік, аталмыш жарыста осының алдында қазақстандық Михаил Кукушкин швейцариялық, дүние жүзінің төртінші ракеткасы Станислас Вавринканы ұтқан болатын. Сөйтіп Базель турнирі қазақстандықтар үшін сәтті басталды.

 
Басты сөздер: Спорт
ОРАЛ. ҚазАқпарат
0
0
192

Ақмолалық Дәурен Назаров қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды

Ақмолалық Дәурен Назаров қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды.

«Облыстық ІІД арнайы бөлімшесінде қызмет істейтін полиция лейтенанты Дәурен Назаров 55 салмақта Әлем чемпионы атанды. Турнир қазанның 16-21 күндері Перудің Лима қаласында өтіп, оған 17 елдің спортшысы қатысты», — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«Бұл жолғы турнир оңай болған жоқ.  Соған қарамастан, үздіксіз жүргізген жаттығу мен  жеңіске деген ерік-жігер мені чемпиондық атаққа жетеледі. Турнирде Ресей, Колумбия елдерінен келген  қарсыластарым мықты болды. Ең қиын жекпе-жектерім де осылармен өтті», — дейді Әлем чемпионы.

 
Басты сөздер: Ақмола облысыСпорт
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат
0
0
342

Головкин әлемдегі үздік жеңімпаз боксшылардың бестігіне енді

Головкин әлемдегі үздік жеңімпаз боксшылардың бестігіне енді

Головкин әлемдегі үздік жеңімпаз боксшылар қатарына кірді, деп жазады sports.kz.

Америкалық Bleacher Report басылымы әлемдегі үздік ТОП-12 жеңімпаз боксшыларды жариялады.

Жуырда ғана кәсіби рингте 31-ші рет жеңіске жеткен қазақстандық Геннадий Головкин рейтингте бесінші орынды иеленді.

Тізімді Флойд Мейвезер бастап тұрса, одан әрі Андре Уорд, Роман Гонсалес және Гильермо Ригондо тұр.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
324