Волейболдан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан Үндістанға жол берді
Бахрейнде волейболдан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан 17-інші Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Үндістан командасынан жеңіліп қалды. Есеп 1:3 (20:25, 36:34, 22:25, 10:25).
Бұдан бұрын қазақстандықтар Өзбекстанды (3:0) және Жаңа Зеландияны (3:2) жеңген еді. Өкінішке орай, қытайлық Тайбэй және Жапония құрамаларынан 0:3 есебімен сүрінді, деп хабарлайды sports.kz.
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

