Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандық спортшы Денис Тен «Skate America-2014» кезеңінде 4-ші орын иеленді

2014 жылғы Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Skate America гран-приінің бірінші кезеңінде жүлделі орынға небәрі бір-ақ қадам жетпей қалды, деп хабарланған жарыстың ресми сайтында.

Екі күнге созылған сайыс қорытындылары бойынша Денис Тен 224, 74 балл жинаған, сөйтіп ол жалпы есепте төртінші орынға шықты.

Айта кетсек, Skate America-2014 жарысында 269,09 балл иеленген жапондық Татсуки Мачидо жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды мұзайдын иелері — американдық Джейсон Браун, үшінші орынды канадалық Нам Нгуен иеленді.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
462

Осы тақырып бойынша