Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елордалық спортшылар Азия параойындарынан 13 медаль олжалады

17-ші Азия параойындары қазақстандық спортшылар үшін табысты болды. Қазақстан Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен параойындарында 24 медаль олжалап, Қытайда өткен ойындарға қарағанда үш есе артық жүлде (онда команда 7 медаль алған) иеленген. Пара ойындардың қорытындысы бойынша қазақстандық құрама жалпы командалық есепте 11-ші орын алды, деп хабарлады astana.kz.

24 медальдің 13-і елордалық спортшылардың еншісінде. Атап айтқанда, бес алтын, бес күміс және үш қола жүлде. Спортшылар — «Қайсар» спорт клубының тәрбиеленушелілері.

«Қайсар» — мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған еліміздегі алғашқы арнайы клуб. Мекеме 12 жылдан бері мүгедектерді әлеуметтік бейімдеуге зор үлесін қосып келеді. Клубтың құрамына 13 спорт түрімен шұғылданатын 352 адам кіреді.

Басты сөздер: АстанаСпортҚоғам
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
223

Осы тақырып бойынша

Елордалық спортшылар Азия параойындарынан 13 медаль олжалады - Yvision.kz