Футбол өнерін Бразилиядан меңгеріп келген жасөспірімдерімізге ел атынан үлкен сенім артылады — Қ. Биекенов
Футбол өнерін Бразилиядан меңгеріп келген жасөспірімдерімізге ел атынан үлкен сенім артылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында футболдан мемлекеттік жаттықтырушы Қайрат Биекенов мәлімдеді. Оның айтуынша, Бразилияның Риберио-Претто қаласындағы «Futebol Clube Botafogo» футбол клубының «Ботафого Социал Институтын» сәтті аяқтап, елімізге оралған 26 балғын футболшының алдағы тағдыры өз қолдарында. «Қазақстанға оралған жас футболшылар өздерінің шеберліктерін әрі қарай шыңдаулары үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві Дирекциясы» оларды жұмысқа алады. Алғашқы кезеңде жалақылыры 500 АҚШ долларын құрайды. Әрі қарай олар тер төгіп, еңбек етулері тиіс. Егер қандай да бір футбол клубтары шақыратын болса, біз ойыншыларды жіберуге д…


