Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өскеменде 2014-2015 жылғы хоккей маусымы ашылды

Өскеменде кеше, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Жұлдызша» 2014-2015 жылғы хоккей маусымының салтанатты ашылуы өтті.

Оған қала әкімінің орынбасары Бұлбұл Бакинова, бірқатар мекемелердің басшылары, хоккей спортының ардагерлері, мұғалімдер мен мектеп оқушылары қатысты, деп хабарлайды 1720.kz.

Әдеттегідей жыл сайын қыс маусымы басталар алдында «Жұлдызша» хоккей маусымының ашылуы өтеді. Балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтына тәрбиелеп, хоккей спортын, сондай-ақ, көпшілік дене шынықтыру және спортты жасөспірімдер арасында дамытуды мақсат еткен шараға қалалық мектептердің хоккей командалары мен балалар жасөспірімдер клубы қатысты. Салтанатты шара басталмас бұрын № 24 және № 44 мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен флэшмоб пен барлық қатысушы командалардың салатанатты шеруі ұйымдастырылды.

   
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
305

Осы тақырып бойынша

Өскеменде 2014-2015 жылғы хоккей маусымы ашылды - Yvision.kz