Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Чемпиондар Лигасында Роналду Раульдің жетістігіне жетті

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар Лигасында соққан голдарының саны жағынан «Корольдік клубтың» аңыз ойыншысы болған Раульге жетті. «Базельмен» болған ойында Роналду 35-минутта есеп ашып, 71-ші голын салды, деп хабарлады Росбалт.

Танымал футболшы Роналду еуропалық басты турнирдің тарихында ең үздік шабуылшы еді. Алайда, жақында ғана «Барселона» шабуылшысы Л.Месси басып озды. Мессидің қоржынында қазір 74 гол, атақты Рауль аталған турнирде 71 голымен алдына қара салмаған болатын.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
237

Ақтөбелік студент қыз Әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

Батыс Қазақстандағы Марат Оспанов атындағы медициналық университетінің 4-ші курс студенті Гамбургте өткен кір тасын көтеру спорты бойынша Әлем чемпионатында екінші орынды иеленді, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметінен.

Бойжеткен халықаралық ауқымдағы жарысқа алғаш рет қатысты. Ол 63 келі салмақ санатындағы 16 келі штангіні 80 рет көтеріп, ресейлік спортшыға жол беріп, екінші орынды иеленді.

Барлығы чепмпионатқа Қазақстан атынан 46 спортшы қатысты. Олардың ішінде төртеуі жүлделі орынды иеленіп, Қазақстан құрамасына екінші орынды қамтамасыз етті.

Чемпионатта бірінші орын — Ресей құрамасына, екінші орын — Қазақстанға, үшінші орын — Литваға бұйырды.

 
Басты сөздер: Ақтөбе облысыСпорт
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат
0
0
306

ШАХМАТ: Д. Сәдуақасовтың кубогына арналған республикалық турнирде қызылордалықтар үшінші орын алды

Қостанай облысында шахматтан халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың кубогына арналған жасөспірім дарынды шахматшылар арасында республикалық турнир өтті. Биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған бәсекеге Астана қаласы мен еліміздің 11 облысынан 123 балғын шахматшылар қатысты. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 9 турда өткізілді. Турнир нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысының командасы 34,5 ұпаймен үшінші орынды иеленді. Бірінші орында — Астана қаласы (38 ұпай), екінші орында — Қостанай облысы (37 ұпай). Жекелей сында 13 жасқа дейінгі қыздар арасында Самал Әбдуәли 9 ойыннан 8,5 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді. Ал 9 жасқа дейінгі ұлдар арасында Сұлтан Аманжол 7 ұпаймен күміс жүлдені иеленді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. Айт…

0
0
255

Елiмiзге олимпиада алтынын алып беретiн ұлымның болғанын армандаймын — Илья Ильин

Әлемнiң төрт дүркiн чемпионы, екi мәрте олимпиада жеңiмпазы Илья Ильин бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өзiнiң жанұясы жайында ой бөлiстi. Оның айтуынша, Қазақстанға олимпиада алтынын жеңiп алатын ұлдың туғанын қалайды. «Менiң кiшкентай қызым өсiп келедi. Ол мен айналысатын iстi жақсы көредi, бiрақ анасы секiлдi гандболға барып жүр. Егер ұлым болса, спортқа беретiнiм анық. Спорт — адамзаттың ажырамас бөлiгi. Бiз балаларымызды спортқа бейiмдеуiмiз керек, оған өзiмiз де талпынғанымыз жөн. Мен болашақта балам олимпиада чемпионы болғанын армандаймын», — дедi И.Иьин. Сонымен қатар чемпионның атап көрсеткенiндей, ол өз балаларын тек өзi таңдаған спортқа бермек. «Сөз жоқ, спортқа беретiнiм — 100 пайыз. Бiрақ ол ауыр атлетика болады деп айта алмаймын, өздерi таңдау жасайды…

0
0
262

Бауыржан Исламхан футболдан Қазақстан біріншілігінің ең үздік ойыншысы атанды

«Қайрат» (Алматы) футбол клубының жартылай қорғаушысы, 21 жастағы Бауыржан Исламхан ұлттық Премьер-Лига ойыншылары мен жаттықтырушыларының пікірі бойынша футболдан Қазақстан чемпионатының ең үздік ойыншысы атанды. Мамандардың пікірінше, Бауыржан Исламхан биылғы маусымды сәтті өткізген. Ал «Қайрат» командасы маусым барысында чемпиондыққа үміткер командалардың бірі болды. Дегенмен, соңғы ойындарда қарсыластарына есе жіберіп алып, нәтижесінде қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, алматылық клуб биыл Қазақстан Кубогын жеңіп алды. Биылғы біріншілікте Бауыржан барлығы 5 гол салып, әріптестеріне 9 рет гол салуға мүмкіндік берген. Сондай-ақ Бауыржан биыл Ұлттық құрама сапында да тәп-тәуір өнер көрсетті. Ол 6 матчқа қатысып, қарсыластар қақпасына екі гол салған. Оның еншісінде барлығы — 166 ұпай.…

0
0
327

Маған тиісті деңгейде құрмет көрсетпеді деген бос сөз — зiлтемiршi Ж. Қыдырбаев

Әлем чемпионатынан кейiн мені өзгелерге қарағанда тиiстi деңгейде марапаттамады деген жұрт арасында жүрген бос сөз.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыр атлетикадан Әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев мәлiм еттi.

«Маған тиісті деңгейде құрмет көрсетпеді деген бос сөз. Бір адамның екіншісіне таратқан сөзі деп ойлаймын. Марапат жасалып жатыр. Жуырда Жамбыл облысы да марапаттады. Мемлекет тарапынан да құрмет көрсетілуде. Барлығына алғысымды білдіремін», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қоссайыс қорытындысы бойынша 408 келінi бағындырған Жасұлан Қыдырбаев чемпион атанған болатын.

   
АСТАНА. ҚазАқпарат
Басты сөздер: Спорт
0
0
279

ФУТБОЛ: Месси Чемпиондар Лигасында 72-ші голын соғып, рекорд жаңартты

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар Лигасындағы өзінің 72-ші голын соғып, турнир тарихында соғылған голдар саны бойынша рекордты жаңартты, деп хабарлады ВВС.

Аргентиналық футболшы Никосияда өткен «Барселона» мен кипрлық «АПОЭЛ» клубы кездесуінің 38-ші минутында қақпаның «кілтін» таба білді. Бұдан кейін есеп испандықтардың пайдасына шешіліп, есеп: 2:0 болды.

Осылайша, 27 жастағы шабуылшы осыған дейін 71 гол соққан испаниялық футболшы Раульден озды.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
1
0
176

Алматы қаласының әкімі Қазақстан Кубогының иегері — «Қайрат» командасымен кездесті

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Қазақстан Кубогының иегері, Қазақстан Чемпионатының қола жүлдегері «Қайрат» командасының ойыншыларымен және жаттықтырушылар құрамымен кездесті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Кездесу барысында қала басшысы командаға Чемпионаттың қола медальдерін табыс етіп, биылғы маусымдағы жетістіктерімен құттықтап, бұл жоғары нәтижеге Алматы қаласында кәсіби футбол жүйесін дұрыс жолға қоюдың арқасында қол жеткізілгендігін жеткізді. «Біз Сергей Квочкин атындағы балалар академиясын, Тимур Сегізбаев атындағы жасөспірімдер академиясын құрдық. Қазір «Қайрат» командасының негізгі құрамына арналған базаның құрылысы аяқталып келеді. Біздің мақсатымыз — футболды бұқаралық сипатқа ие ету және команданың дамуына барынша жағдай жасау»,…

0
0
181

Қайрат Ахметов аралас жекпе-жектен 21-ші жеңісіне қол жеткізіп, Әлем чемпионы атанды

«Алматы тауэрс» көпсалалы кешенінің аренасында аралас жекпе-жектен «Дала батырлары» халықаралық турнирінде 57 келі салмақ дәрежесінде «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша Әлем чемпионы белбеуі үшін болған соңғы сайыс аяқталды. Қазақстандық сайыскер, бұған дейін бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Қайрат (лақап аты «Қазақ») Ахметов франциялық Салах (лақап аты «Алжирлік») Элкасты жеңді. Сайыс бастала салысымен қарсыластар бір-бірін аңдуға көшті. Алайда, көп ұзамай соққы жасауға ұмтылған қарсыласын Қайрат жерге атып ұрды. Дегенмен, бір-біріне соққы жасауға мүмкіндік бермеген қос сайыскерді төреші тұрғызып жіберді. Екінші раундта да жеңімпаз анықталған жоқ. Сайыс негізінен партерде жалғасты. Ал үшінші раунд Қайраттың басымдығымен өтті. Ол шаршап қалған қарсыласын партерде торға тақап, дәл соққылар жас…

0
0
229

Ақмолалық самбошы А.Сүлейменов әлем чемпионы атанды

Ақмолалық самбошы А.Сүлейменов жапон елінде өткен Әлем чемпионатынан жеңіспен оралды.

Еске сала кетсек, қарашаның 21-23 күндері жапон елінің Нарита-Сити қаласында әскери самбодан Әлем чемпионаты өткен болатын. Осынау додаға Қазақстан атынан Әлем кубогінің иегері, ересектер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы, Азия чемпионатының жүлдегері және тағы басқа халықаралық жарыстарда ел қоржынына жүлде салып жүрген ақмолалық самбошы Алмас Сүлейменов те қатысқан еді.

52 келі салмақ бойынша боз кілемге шыққан жерлесіміз ақтық сында ресейлік Амыра Бакрасовпен белдесіп, қарсыласын айқын басымдықпен тізе бүктірді.

 
Басты сөздер: СпортАқмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат
0
0
281