Германияда өткен Әлем чемпионатынан жерлесіміз қоламен оралды
Сырдария ауданының тумасы Нұрсұлтан Көлдеев Германияның Гамбург қаласында гір көтеруден ересектер арасында өткен Әлем чемпионатында қола жүлдені иеленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Көлдеев 63 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, 32 келі гір тасын қос қолмен жұлқа және серпе жаттығу нәтижесінде 143 ұпай жинады. «Нұрсұлтан әлем чемпионатының қорытындысы бойынша гір көтеру спортынан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Оның спорттағы толағай табыстарына жаттықтырушысы Жасұлан Өмірбаевтың да үлесі зор», — делінген хабарламада. Жарыс қорытындысында жалпыкомандалық есепте бірінші орындыРесей, екінші орындыҚазақстан және үшінші орындыУкраина мемлекеті иеленді. Енді Нұрсұлтан осы жылдың желтоқсан айында Павлодарда болатын Қазақстан кубогында бақ сынамақ.
Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/37707-olamen-oraldy
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

