Зарина Дияс ұлттық құрама сапында ойнайтын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс ұлттық құрама сапында Федерация кубогына қатысады. Бұл туралы alaman.kz сайты хабарлайды.
Заринадан бөлек Ярослава Шведова, Кәмилә Керімбаева, Юлия Путинцева құрамаға алынған.
Қытайда өтетін Федерация кубогының азиялық тобында құрамамыз Қытай, Таиланд, Тайпеймен бір топта ойнайды.
Екінші топта: Жапония, Өзбекстан, Гонконг, Оңтүстік Корея бар. Әр топтан 1-орын алған командалар финалда өнер көрсетеді.
Жеңімпаз ел әлемдік топтың плей-офф кезеңіне шығады. Былтыр Қазақстан құрамасы Қытайдан ұтылып, әлемдік топтың плей-офф кезеңіне шыға алмаған.



