Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қазконтент» АҚ Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған спорттық турнирлер өткізеді

 

«Қазконтент» АҚ 28 маусымда атап өтілетін Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай волейбол мен футболдан турнир ұйымдастырады.

22 маусымда сағат 9:30-да «Алатау» спорт кешенінде әйелдер арасында «Қазконтент» АҚ кубогы үшін волейболдан жолдастық кездесу өтеді. 2 команда – «Қазконтент» АҚ мен «Интерфакс-Казахстан» ақпарат агенттігі құрамасы қатысуға ниет білдірді.

29 маусымда сағат 9:30-ден 14.00-ге дейін «Алатау» спорт кешенінде ерлер арасында футболдан турнир өтеді. Ойындарға 8 команда – «Қазконтент» АҚ, «Хабар», «24.kz», «Қазақстан», «KzSport» арнасы, «Керек Инфо» еркін блог жүйесі, «Егемен Қазақстан», «Астана Ақшамы» газеті құрамасы қатысады.

Турнирлерге қатысуға ниет білдірушілер [email protected] электронды мекенжайына өтімдерін жібере алады.

 
0
0
329

Осы тақырып бойынша

«Қазконтент» АҚ Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған спорттық турнирлер өткізеді - Yvision.kz