ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Е.Орынбаев Самар ауылындағы спорт кешенінің ашылуына қатысты

Сурет podrobnosti24.ru сайтынан алынған

 

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ербол Орынбаев Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Самар ауылындағы спорт кешенінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Спорт кешені екі бөліктен тұрады, бірі – көптеген ойын түрлеріне арналған жабық ғимарат болса, екіншісі – сапалы жасанды шөбі бар футбол алаңы. Нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің арқасында бой көтеріп отыр. Айта кетерлігі, соңғы үш жылда Шығыс Қазақстан облысы бойынша шамамен 135 спорттық нысан салынған. Сонымен қатар, бизнестегі әлеуметтік жауапкершілікті сезінген азаматтар ауыл мен қалаларда «Туған жерге қызмет ет» атты акция аясында 20 спорт алаңдарын салған.

2013 жылы осы акция бойынша тағы да бірқатар әлеуметтік нысандарды салу жоспарланып отыр. Облыстағы ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға да қол қойылған.