ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Былтыр спорттық шараларға 3 млн 200 мың адам қатысты

Былтыр спорттық шараларға 3 млн 200 мың адам қатысты

2012 жылы спорттық шараларға 3 млн 200 мың адам қатысты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Дене шынықтыру және спорт агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бұқаралық спортты дамыту мәселесіне келетін болсақ, жыл сайын өткізілетін бұқаралық спорттық шаралардың саны артып келе жатқанын атап өткен жөн. Өңірлерде халықтың бос уақытын спортпен шұғылдануға арнауға қажетті шарттарды жасауға назар көбірек бөлініп отыр. 2011 жылы 7 мыңға жуық бұқаралық спорттық шара өткізелген болса, 2012 жылы болған бұқаралық спорттық шаралар саны – 18 мың. Ал ол шараларға 3 млн 200 мың адам қатысты. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын халық көрсеткіші — 21,6%», — деді Қожағапанов.

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА