ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ақтөбе» ФК Еуропа Лигасында «Гандзасарды» ұтты

Еуропа Лигасының бастапқы іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Капан (Армения) қаласының «Гандзасар» құрамасы өз алаңында «Ақтөбелік» аяқ допшыларды қабылдады. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

Букмекерлер ойын алдында қазақстандық құрамаға басымдық берді. Алайда алғашқы таймда Владимир Никитенконың шәкірттері шеберліктерін көрсете алмады. Жанкүйерлер екі құраманың да сылбыр ойынын бақылап, алғашқы таймда есеп сол күйі ашылмады — 0:0.

Кездесудің екінші бөлігінде «Ақтөбенің» бапкері шабуылды күшейтуді ұйғарып, алаңға Эмиль Кенжисариевтің орнына клубтың жаңа мүшесі Сергей Давыдовты шығарды. Бұл шешім өзін ақтады десек те болады. Ойынның 65-інші минутында Марат Хайруллиннің берген добын Давыдов дәл нысанаға дарытты.

78-інші минутта Асхат Тағыберген де шеберлігін танытты. Бірақ қазақстандық құрама 90-ыншы минутта өз қақпасын қорғай алмай, Артак Дашян өз есептерін ашты.

Нәтижесінде сырт алаңда өнер көрсеткен жерлестеріміз 2:1 есебімен армениялық клубты қапы қалдырды және оларда турнирді жалғастыруға жақсы мүмкіндік бар. Жауапты кездесу 11 шілде күні Ақтөбе қаласында өтеді деп жоспарланған.