Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Гүлнұр Ерболова Универсиадада қола жүлдені жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Гүлнұр Ерболова (52 кг) Қазан қаласында өтіп жатқан Универсиададағы белбеумен күресте қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Үшінші орынға тартыста қазақстандық спортшы Украина өкілі Людмила Матюшенконы шаң қаптырып кетті – 9:2.

Еске сала кетсек, кеше дәл осы жарыста Димаш Молдашев (75 кг) Қазақстан қоржынына күміс жүлдені салса, Аян Ермекбаев (82 кг) қола медальді иеленді

 
0
0
380

Осы тақырып бойынша

Гүлнұр Ерболова Универсиадада қола жүлдені жеңіп алды - Yvision.kz