Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ақтөбе» Еуропа лигасында норвегиялық «Хедд» клубынан ұтылып қалды

«Ақтөбе» Норвегияның «Хедд» клубына қарсы өткізілген Еуропа лигасының бірінші ойынында 0:1 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

Владимир Никитенко жылдам гол соғуды тапсырса керек, «Ақтөбе» командасы бірден алға ұмтылды. Сергей Давыдов қарсыластарды сыға жүріп қорғанысқа бар күшін салды. Әуелде қазақстандықтар басым көрінген, бірақ көп ұзамай норвегиялықтар шабуылдай бастады. Кенет қақпаға қарай тебілген доп ыршып барып Эспен Стандальдің аяғына түсіп еді, тәжірибелі футболшы мүмкіндікті қалт жібермеді.

Қарымта ойын 25 шілдеде Ақтөбеде өтеді, басталуы 22:00-де.

«Хедд» (Хедд, Норвегия) — «Ақтөбе» (Ақтөбе, Қазақстан) 1:0 (1:0)

Гол: Стандаль 28 (1:0)

Ескерту: Эурнес 70 — Логвиненко 50

«Хедд»: Лье, Латифу, Тёрнквист (к), Молту, Брандаль, Нильсен, Эурсенс, Сандаль, Хелланд, Стандаль (Эртсос 78), Магнуссен

«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Харабара, Бадло (к), Давыдов (Лисенков 82), Хайруллин, Примус, Тағыберген (Мирошниченко 46), Кенжесариев, Логвиненко, Ковальчук

Бас төреші: Ставрос Трицонис (Грекия)

 

 
0
0
323

Осы тақырып бойынша

«Ақтөбе» Еуропа лигасында норвегиялық «Хедд» клубынан ұтылып қалды - Yvision.kz