Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Таланттарды түлеткен көпкүндік

«Қазақстан оқушысы» – аламан теңдессіз дода. Еліміздің ең үздік велоспортшыларының бәрі осы көпкүндікте шыңдалып, спорттық ғұмырларын осы додадан бастаған. Шығыс Қазақстан облысында велоспорттан «Қазақстан оқушысы» деп аталатын дәстүрлі көпкүндік веложарысы басталды. Осымен 44-ші рет ұйымдастырылып отырған аталмыш додаға еліміздің бірнеше аймағы мен Өзбекстаннан жалпы саны 121 велошабандоз қатысуда. «Қазақстан оқушысы» – аламан теңдессіз дода. Еліміздің ең үздік велоспортшыларының бәрі осы көпкүндікте шыңдалып, спорттық ғұмырларын осы додадан бастаған. Атап айтқанда, Андрей Кивилев, Александр Шефер, Сергей Третьяков, Александр Винокуров, Андрей Мизуров, Андрей Кашечкин, Дмитрий Фофонов, Асан Базаев, Роман Киреев сынды әйгілі кәсіби велоспортшыларымыз осы көпкүндіктің әр жылдардағы жеңімпа…

0
0
418

Қазақ футболының 100 жылдық мерейтойын тойлайтын күн бекітілді

Қазақ футболының 100 жылдық торқалы тойы аталып өтетін нақты күн бекітілді. Шығыс Қазақстан облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сүйенсек, мерейтой 21-22 қыркүйекте Семей қаласында өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz. Бүгінде еліміздегі ең үлкен спорттық мерекеге кешегі кеңестік дәуірдегі аты аңызға айналған «Спартак» (Мәскеу), «Рубин» (Қазан), «Динамо» (Тбилиси), «Қайрат» (Алматы), «Восток» (Өскемен), «Спартак» (Семей) футбол клубтарының ардагерлері қатысуға келісімдерін беріп қойыпты. Олардың қатысуымен Семейдегі күрделі жөндеу жүргізілген «Спартак» стадионында жолдастық кездесулер өтеді. Бұл – футбол десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер үшін әйгілі аяқдопшыларды көз-бен көріп, қолтаңбаларын алуға тамаша мүмкіндік. Сонымен қатар бұл күндері қаланың ортал…

0
0
267

Қалың қалай, «Барыс»?

Өзіміздің маман Андрей Шаянов та, ресейліктер – Андрей Хомутов пен Владимир Крикунов та елордалық ұжымды биікке жетелеуге қауқарсыз болды. Ендігі кезек – Селинге келді. Фин маманы ауыр жүкті арқалай ала ма? Астананың «Барыс» хоккей клубы жаңа маусымға қызу дайындалуда. Финляндиялық бапкер Ари-Пекка Селин келгелі бері бірнеше жолдастық кездесу өткізген елордалық ұжымның дайындық деңгейін дәл анықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Өйткені «Барыс» бірде сәтті, бірде сәтсіз өнер көрсетуде. Швейцария жерінде дайындығын пысықтап жатқан командамыз жергілікті «Давос» ұжымымен екі бірдей жолдастық кездесу өткізді.Алғашқы бәсекеде елордалықтар 5:2 есебімен жеңіске жетті. Сөз ретінеқарай айта кеткеніміз жөн шығар, «Давос» Швейцария елінің бетке ұстар командаларының бірі саналады. Бұл клуб ішкі біріншілік…

0
0
499

Ксения Первак Ресей атынан өнер көрсететін болды


Ксения Первак

Бұрын Қазақстанның намысын қорғаған теннисші Ксения Первак Ресей атынан өнер көрсететін болды, делінген Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) ресми сайтында, деп ақпарат таратты Sports.kz.

Бастапқыда 22 жастағы Челябинск тумасы Ресей Федерациясының намысын қорғаған еді. Дегенмен, 2011 жылдың қыркүйек айында спортшы Қазақстан азаматтығын алып, еліміз үшін өнер көрсете бастады.

Қазіргі таңда Первак дүниежүзілік рейтингте 140-шы орында тұр.

 

«www.bnews.kz».

0
0
249

Қазақстандық баскетболшылар Азия чемпионатында Қытайдан жеңіліп қалды


Қазақстанның баскетболдан ерлер құрамасы

Азия чемпионатының екінші топтық кезеңінің бірінші матчында Қазақстанның баскетболдан ерлер құрамасы Қытайдан жеңіліп қалды – 67:73 (12:24, 18:18, 16:8, 21:23), деп хабарлайды Sports.kz.

«Қазақстандықтарда Джерри Джонсон – 13 ұпай, Михаил Евстигнеев – 11, Рустам Яргалиев пен Виталий Лапченко – 9 ұпай алып, жақсы ойнады», – делінген хабарламада.

Жарыс Филиппиндегі Манила қаласында өтіп жатыр. Ертең қазақстандықтарға қарсы Корея командасы ойнайтын болады.

 

«www.bnews.kz».

0
0
699

Албандықтарға қарсы ойында «Шахтер» өз басымдылығын қорғайтын болады

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері Виктор Кумыков албаниялық «Скендербеу» клубымен өтетін ойын алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайдыSports.kz. – Бізге қарсылас командамен ғана емес, ылғал және ыстықпен де күресуімізге тура келеді. Мұндағы ауа райын өздеріңіз көріп тұрсыздар, мұның барлығы ойынға өз әсерін тигізеді. Ауыр болатыны анық. Бірақ бастысы – өз басымдылығымызды қорғау керек, – деп атап өтті Виктор Кумыков. – Ертең ойын көбіне психологиялық сипатта болмақ. 3:0 есебі мазасызданбауға себепші болуы мүмкін. Футболда мысал көп. Осы орайда қандай жұмыстар жүргізілді? – Біз бірінші ойыннан кейін-ақ бірден осы бағытта жұмыс істей бастадық. «Бобруйск» пен «Тирандар» клубтарын, өзіміздің «Ақтөбе» 3:0 бола тұра, кейін 3:4 есебімен жеңіліп қалғанын және біздің к…

0
0
406

С. Емельянов Канадада өткен ескек есуден әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық каноэші Сергей Емельянов Канада елінде ескек есуден әлем чемпионатында мәре сызығын бірінші болып кесті, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі. «1-4 тамыз аралығында канадалық Вейланд қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионаты өткен. Бұл аталмыш жас санатындағы тұңғыш рет өткізіліп отырған әлем чемпионаты. Каноэ-бірлікте Сергей Емельянов 1000 метрге есуден венгерлік спортшы Кристоф Каут пен украиндық ескекші Павло Алтуховты басып озып, 3:55 уақыт көрсеткішімен бірінші болып жетті. 200 метрге есуде қазақстандық каноэші венгерлік спортшы Джонатан Хайдтен бірнеше милисекунд артта қалып қойды (00:00:00:120)»,- деп жазылған хабарламада. Барлығы Қазақстанның атынан 12 спортшы қатысты. Сонымен қатар, жарыс нәтижесі бойынша Сергей Емельянов пен Екатерина…

0
0
396

Астанада шаңғы-роллерден алғаш рет Ашық кубок өтеді

4 тамызда Қазақстанның елордасында шаңғы-роллерден тарихымыздағы тұңғыш Ашық кубок өтеді. Бұл туралы astana.kz сайты шаңғы жарысы федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Додаға Олимпиада ойындары-2014 спортшылары, Қазақстанның үздік шаңғышылары, соның ішінде Әлем чемпионатының жүлдегерлері Алексей Полторанин мен Николай Чеботько, командалық спринттен Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы Денис Волотка, жастар арасындағы Әлем чемпионатының жүлдегері Марк Старостин және т.б. қатысады. «Біздің пікірімізше, чемпиондардың жақын араласуы жастарымызды жаңа спорттық жетістіктерге жетелейді. Мұндай жаппай іс-шараларды өткізу қоғамды, әсіресе жастарды салауатты өмір салтына және спортқа тартады!»,- дейді ұйымдастырушылар. Турнирге қатысуға спортқа әуес қыз-жігіттер, ерлер мен әйелдер,…

0
0
382

«Ақтөбе» — УЕФА клубтары рейтингісінде үздік қазақстандық команда

«Ақтөбе» Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасындағы квалификацияның үшінші раундының алғашқы матчтарынан кейін УЕФА клубтары рейтингісінде ең жоғары орынға ие болды, деп хабарлады Sports.kz. Владимир Никитенконың командасы соңғы 5 маусымда жалпы 7.500 балмен 188-ші орында, ал қарағандылық «Шахтер» 262-ші және қостанайлық «Тобыл» 330-шы орында тұр. Рейтингті испандық «Барселона», неміс «Бавариясы» және ағылшын «Челсиі» бастап тұр. УЕФА клубтарының рейтингісі (2 тамыз): 1. «Барселона» (Испания) — 133.314 2. «Бавария» (Германия) — 128.742 3. «Реал» (Испания) — 126.314 188. «Ақтөбе» (Қазақстан) — 7.500 262. «Шахтер» (Қазақстан) — 4.750 330-332. «Тобыл» (Қазақстан) — 3.250 351-353. «Ертіс» (Қазақстан) — 2.750 393-397. «Ордабасы» (Қазақстан) — 2.000 393-397. «Атырау» (Қазақстан) — 2.000 409-413.…

0
0
286

«Шахтердің» қақпашысы Мокин – Қазақстан премьер-лигасының үздік ойыншысы

32-жастағы «Шахтердің» қақпашысы Александр Мокин Қазақстан премьер-лигасының шілдедегі үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sports.kz. Ол чемпионаттағы жалғыз матчын «Тобылға» қарсы өткізді (2:0), ал Чемпиондар лигасында үш ойын өткізіп, қақпаға бірде-бір доп жібермеді. Сұрау салу арқылы өткізілген сайыста жеңімпаз 28 ұпай жинады. Екінші орынды 29-жастағы «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Марат Хайруллин иеленді. Шілдедегі үш матчта Марат Хайруллин 3 ойын өткізіп, 2 гол соқты. Марат Хайруллиннің қоржынында 16 ұпай. Үшінші орынға 32-жастағы «Тобыл» капитаны Нұрбол Жұмасқалиев тұрақтады. Жұмасқалиев шілдеде ел чемпионатындағы 148-ші голын соғып, Олег Литвиненконың рекордын бұзды. Дауыс беру қорытындысы: 1. Мокин Александр «Шахтёр» — 28 (7,3,1) 2. Хайруллин Марат «Ақтөбе» — 16 (3,3,1) 3. Жұма…

0
0
243