«Ақтөбе» — УЕФА клубтары рейтингісінде үздік қазақстандық команда
«Ақтөбе» Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасындағы квалификацияның үшінші раундының алғашқы матчтарынан кейін УЕФА клубтары рейтингісінде ең жоғары орынға ие болды, деп хабарлады Sports.kz.
Владимир Никитенконың командасы соңғы 5 маусымда жалпы 7.500 балмен 188-ші орында, ал қарағандылық «Шахтер» 262-ші және қостанайлық «Тобыл» 330-шы орында тұр.
Рейтингті испандық «Барселона», неміс «Бавариясы» және ағылшын «Челсиі» бастап тұр.
УЕФА клубтарының рейтингісі (2 тамыз):
1. «Барселона» (Испания) — 133.314
2. «Бавария» (Германия) — 128.742
3. «Реал» (Испания) — 126.314
188. «Ақтөбе» (Қазақстан) — 7.500
262. «Шахтер» (Қазақстан) — 4.750
330-332. «Тобыл» (Қазақстан) — 3.250
351-353. «Ертіс» (Қазақстан) — 2.750
393-397. «Ордабасы» (Қазақстан) — 2.000
393-397. «Атырау» (Қазақстан) — 2.000
409-413. «Астана» (Қазақстан) — 1.750
409-413. «Жетісу» (Қазақстан) — 1.750
409-413. «Оқжетпес» (Қазақстан) — 1.750.

