Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Ақтауда полицейлер мен әскери қызметкерлер Конституция күніне орайластырып, шағын-футбол чемпионатын өткізді

Ақтау қаласында Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті, облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, ҚР ІІМ ІӘ 6656 әскери бөлімі бөлімшелері атынан шыққан 16 командадан 160 спортшы қатысқан шағын-футбол бойынша чемпионат қорытындылары шығарылды. Ұйымдастырушылар чемпионатты ҚР Конституция күніне арнады. «Мұндай жарыстар дене пішінін сақтауға, әріптестік қарым-қатынасты, достық рухты нығайтады. Барлығыңызға сәттілік, ал ең мықты командаға жеңіс тілеймін», — деді жарыстың ашылуында Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Бөкен Жұмағали. Чемпионатқа құрметті қонақ ретінде Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Әділбек Ниязымбетов, Азия чемпионы, бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Берік Әбдірах…

0
0
590

«Тараз-Арена» жаңа спорт сарайының құрылысы аяқталып қалды

Жамбыл облысының облыс орталығында «Тараз-Арена» жаңа спорт сарайының құрылысы аяқталуға таяп қалды. Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Гамлет Қайнарбековтің сөзінше, 2,5 мың адамға арналған спорт сарайының құрылысы 2011 жылдың мамыр айында басталды, қыркүйек айының соңында пайдалануға берілмек. «Мұндай спорт ғимараттары біздің облысымызда бұрын- соңды болмаған және «Тараз-Арена» аймақтағы бұқаралық спортты дамытуда үлкен рөл ойнайды деген сенімдемін», — делі жамбыл спортының жетекшісі. Спорт сарайы салынып жатқан «Бәйтерек» ықшамауданының 7,5 га ауданында орналасқан, құрылыс 10,6 мың шаршы метрді алып жатыр. Жобаның құны — 4,8 млрд. теңге, соның ішінде құрылыс-жөндеу жұмыстарының құны 3,6 млрд. теңге, жабдықтар құны — 477,6 млн. теңге. Жобаға тапсырыс беруші…

0
0
555

«Селтик» — «Шахтер» қарымта ойынына норвегиялық қазы төрелік етеді

Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық іріктеу кезеңінің шотландиялық «Селтик» пен қазақстандық «Шахтер» арасындағы қарымта кездесуіне Свейн Оддвар Моэн бастаған норвегиялық қазылар бригадасы төрелік етеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Моэнге Ким-Томас Хаглунн мен Франк Андас көмектеседі, ал Ким-Анри Йонсен мен Свейн-Эрик Эдвартсен қосымша төрешілер болады. Төртінші төреші — Свен-Эрик Мидтхелль. Черногориялық Мирослав Джуканович УЕФА делегаты болса, испаниялық Мануэль Мехуто Гонсалес бақылаушы атанады. Моэн 1996 жылдан футбол матчтарына төрелік етіп келеді. 2005 жылдан халықаралық деңгейдегі ойындарға қазылық етеді. 2012 жылдың сәуірінде ФИФА оны 2014 жылғы әлем чемпионатында қазылық етуге үміткер төрешілер тізіміне қосты. Естеріңізге сала кетейік, «Шахтер» мен «Селтик» арасындағы матч…

0
0
325

Павлодар облысында Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2015 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары бекітілді

Өңір басшысы Е. Арынның төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында Павлодар облысындағы Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарлары бекітілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен. «Павлодар облысындағы Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары дене шынықтыру және спорттың инфрақұрылысын дамытуға, осы саланы білікті мамандармен қамтамасыз ету, халықтың түрлі топтарын дене шынықтыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу, спорт резервін дайындау және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеуге бағытталған», — деді дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы М. Айдашев. Жоспарды іске асыру аясында Кенжекөл, Павлодар ауылдары мен Ленин кентінде, сондай-ақ Тереңкөл, Успен, Баян…

0
0
366

Александр Винокуровтың велосипеді 3.5 миллионға сатылды

Велоспорттан Олимпиада чемпионы атанған Александр Винокуровтың велосипеді Боровоеде өткен қайырымдылық аукционында 3,5 миллион теңгеге сатылды. «Бастапқы бағасы 700 000 теңге болған велосипед 3,5 миллион теңгеге сатылды. Велосипедтің сатылымынан және басқа да лоттардан түскен қаржы Көкшетау қаласындағы облыстық перзентхананы жабдықтауға жұмсалады», — дейді аукцион ұйымдастырушылары. Александр Винокуровтың айтуынша, дәл осы велосипедпен ол 2011 жылы Тур-де-Франс көпкүндігіне қатысыпты. «Велосипед 2011 жылы Тур-де-Франсқа қатысты. Ол жақта менің велосипедтен құлаған кезім де болды. Ол жақтың өзіндік тарихы бар. Мен оны білемін, және оны бәрі білсін», — дейді А. Винокуров. Аукционда велосипедтен бөлек Олимпиада чемпионы тарапынан басқа да лоттар ойнатылды. Винокуровтың жеңіске жеткен төрт же…

0
0
1064

Винценцо Нибали «Вуэльтаның» 2-кезеңінен кейін көш бастап келеді

«Saxo-Tinkoff» командасының ирландиялық велошабандозы Николас Роч испаниялық «Вуэльтаның» екінші кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sports.kz. Екінші орынды «Катюшаның» велошабандозы испандық Даниэль Морено иеленсе, AG2R командасының өкілі итальяндық Доменико Поццовиво мәре сызығын үшінші болып кесті. Жалпы есепте «Астананың» көшбасшысы итальяндық Винценцо Нибали көш бастап келеді, Роч екінші, ал «RadioShack Leopard» өкілі испандық Аймар Субельдия үшінші орынға жайғасқан. «Вуэльта», 2-кезең Понтеведра - Альто до Монте да Гроба, 177,7 км 1. Николас Роч (Ирландия, «Saxo-Tinkoff») - 4:37:09 2. Даниэль Морено (Испания, «Катюша») - +0:02 3. Доменико Поццовиво (Италия, AG2R) - +0:06 Жалпы есеп 1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 5:07:22 2. Николас Роч (Ирландия, «Saxo-Tinkoff») - +0…

0
0
260

Футбол: Оралдың «Ақжайығы» тағы да 2:2 есебімен тең ойнады

24 тамыз күні премьер-лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Өскеменнің «Востогын» қабылдады. Сербиялық маман Любко Петрович жаттықтыратын батысқазақстандықтардан ойынның 25-минутында чехиялық легионер Павел Черны есеп ашты. Бірінші таймның соңғы сәттерінде «Востоктан» өткен жылғы маусымда «Ақжайық» сапында доп тепкен Вячеслав Эрбес есепті теңестірсе, ойынның екінші кезеңінде 58-минутта Сергей Костюк өскемендіктерді алға шығарды. Дегенмен 65-минутта «Ақжайықтың» құрамындағы камерундық легионер Саджо Хаман таразы басын қайта тең қылды. «Ақжайық» өткен турда Атырауда да 2:2 есебімен тең ойнаған еді. 30 тамызда әлі де соңғы орында келе жатқан оралдықтар Таразда жергілікті командамен күш сынасады. Осы турда Талдықорғанда «Жет…

0
0
341

«Менің жеңістерім — бүкіл Қазақстанның жеңісі!» — Геннадий Головкин

«Менің жеңістерім — бүкіл Қазақстанның жеңісі!» — деп мәлімдеді бокстан WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин. Қарағандыда Шахтерлер күніне арналған салтанатты жиында Головкиндер отбасына марапаттар тапсырылды. «Әйгілі спортшыларды тәрбиелеп жеткізген шахтерлер отбасыларын құрмет тұту дәстүрге айналды», — деді мерекенің жүргізушісі. Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев Г. Головкинге төсбелгі және Қарағанды қаласының құрметті азаматы дипломын тапсырды. Әйгілі боксшының әкесі — көмір өнеркәсібі саласының ардагері Геннадий Иванович Головкин «Көмір өнеркәсібі саласының құрметті жұмысшысы» атағына ие болды. Анасы Елизавета Евгеньевнаға да бағалы сыйлық тапсырылды. «Менің балалық шағым шахтерлер отбасында өтті. Мен өз ата-анамды мақтан тұтамын, Қарағанды облысында туғаныма қ…

0
0
397

Темір Тайсонның «ерлігі»

Америкалық әйгілі боксшы Майк Тайсон өз өмірін өзгертіп, алкоголь мен есірткіден бас тартқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ресейдің «Жаңалықтар» ақпараттық агенттігі. Осы аптада Тайсон боксерлік кездесулердің промоутері ретінде жұмысқа кірісті. Оның Iron Man Productions компаниясы жұма күні Нью-Йоркте алғашқы турнирін өткізген болатын. Осыған орай өткізілген баспасөз мәслихатында Тайсон өз өмірі жайлы сыр бөлісті. «Мен өмірде көп жамандық жасадым. Сол үшін кешірім алып, өмірімді өзгерткім келеді. Мен ажал алдында тұрмын, өйткені мен — маскүнеммін. Ішімдік пен есірткіге жоламағаныма алты күн болды. Бұл — мен үшін нағыз ерлік. Енді бұл бәлеге ешқашан жақындамаспын», — деп ағынан жарылды «темір» Тайсон. Аса ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Майк Тайсон шаршы алаңда 50 рет жеңіс…

0
0
400

«Астана» «Вуэльтаның» алғашқы кезеңінде топ жарды.


Қазақстандық «Астана» велокомандасы

Қазақстандық «Астана» велокомандасы Испанияның «Вуэльта» көпкүндігінің алғашқы топтық кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Екінші орынды «RadioShack-Leopard» иеленсе, «Omega Pharma-Quick-Step» үшінші орынды қанағат тұтты.

«Вуэльта», 1-кезең
Вильянуэва-де-Ароса - Санхенхо, командалық жарыс, 27 км

1. «Астана» - 29:59:0
2. «RadioShack-Leopard» - +0:10
3. «Omega Pharma-Quick-Step» - +0:16

Жалпы есеп
1. Янез Брайкович (Словения, «Астана») - 29:59:00
2. Винченцо Нибали (Италия, «Астана»)
3. Паоло Тиралонго (Италия, «Астана»)
4. Якоб Фульсан (Дания, «Астана»)
5. Андрей Гривко (Украина, «Астана»)
6. Танел Кангерт (Эстония, «Астана»).

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
246