Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Серена Уильямс «US Open-2013» жеңімпазы атанды


Серена Уильямс

2013 жылғы теннистен «Үлкен Дулыға» турнирлерінің соңғысы — АҚШ ашық біріншілігінің әйелдер арасындағы сыны аяқталды.Биыл да өткен жылғыдай америкалық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямс өз жерінде топ жарды. Бұл — оның «Үлкен Дулыға» турнирлеріндегі 17-ші жеңісі. Финалда ол Беларусь елінің өкілі Виктория Азаренконы 7:5, 6:7, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат

0
0
350

Самара облысының чемпионатынан батысқазақстандық парашютшілер жеңіспен оралды


батысқазақстандық парашютшілер

Самара қаласындағы «Бобровка» әуежайында халықаралық дәрежедегі спорт шебері А.Коротковты еске алуға арналған парашютті-атлетикалық көпсайыстан өткен облыстың 15-ші ашық чемпионатынан батысқазақстандықтар табыспен оралды.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа 8 команда құрамында 26 ер, 12 әйел спортшы қатысып, парашютпен секіруде дәл түсуден, пневматикалық винтовкадан нысана көздеуден және жеңіл атлетикалық кростан сынға түсті.

Құрамында Михаил Землянушин, Дмитрий Недопекин, Илья Китин, Надежда Овчинникова, Александра Ларина бар батысқазақстандықтар 3 алтын, 3 күміс, 8 қола медальді иеленіп, жалпы командалық есепте бірінші орынға көтерілді.

ОРАЛ.  ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
220

Брест қамалында «Бірге — зор күшпіз» автомотожорығы басталды

Сәрсенбі күні, 4 қыркүйекте, Брест қамалында ҰҚШҰ құрылуының 10 жылдығына арналған «Бірге — зор күшпіз» атты автомотожорық басталды, деп хабарлады Ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов. Байкерлер Александр Бордюжа, Алексей Наздратенко және Александр Косарев «Омбы телевизиялық компаниясы» өкілдері еріп жүретін командамен бірге ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері бойынша Бреестіден Душанбеге дейін 10 мың шақырымнан астам жерді жүріп өтпекші. ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа автожорықтың басталуына арналған саллтанатты рәсімде: «Біз бүгін ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері бойынша мотожорықты бастап отырмыз. Колонна Ресей Федерациясының, Қазақстанның шекарасын, Қырғызстан аумағын басып өтіп, Тәжікстан таулары арқылы техникаларды шекаралық әскерлерге тапсыру салтанатымен жорықты аяқтайды», — деді. Н.Бордюжа «…

0
0
329

Ертең қазақстандықтар бүкілхалықтық жаттығуға шығады


всеобщая зарядка

7-қыркүйекте «Денсаулық фестивалі -2013» акциясының шеңберінде қазақстандықтар бүкілхалықтық жаттығуға шығады, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
Бұқаралық бұл шара барлық қалалар мен елді мекендердің алаңдарында, стадиондары мен спорт сарайларында, үйлердің аулаларында , клубтар мен фитнес орталықтарында, тіпті жұмыс орындарында да жүргізіледі деп жоспарланған.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
221

Қазақстан жастар құрамасы Франциядан оңбай ұтылды


2015 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан құрамасы Франциядан 0:5 есебімен ойсырай ұтылды, деп хабарлайды Sports.kz.

10 қыркүйек күні қазақстандықтар сырт алаңда Исландяимен бақ сынасады.

Франция U-21 - Қазақстан U-21 5:0 (3:0)
Голдар: Ферри 10 (1:0), Нтеп де Мадиба 13 (2:0), Мартьяль 17 (3:0), Ландр 57 (4:0), Бензиа 60 (5:0)
Ескертулер: Ферри 86 - Кожабаев 75
Франция U-21: Буше, Фулькье, Зума (Ландр 46), Юмтити, Динь, Ферри, Верету, Саного (Балули 67), Бензиа (Баэбек 73), Мартьяль, Нтеп де Мадиба
Казахстан U-21: Покатилов, Грек, Қожабаев, Пасечник, Сартақов, Бейсебеков, Сариев (Мирошниченко 90), Қуат (Исламхан 76), Аяғанов (Пикалкин 42), Калинин, Муртазаев
Бас төреші: Сергей Слива (Литва)
5 қыркүйек. Кан. «Мишель д’Орнано» стадионы.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
260

Қуанышбек Мәжитов әлем чемпионатынан қос бірдей алтынмен оралды


Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Қуанышбек Мәжитов Сплит қаласынан (Хорватия) қос алтын жұлдемен оралды, деп хабарлады университеттің баспасөз қызметінен.

Хорватияда барлық күреске тән тәртіптің техникасын қиыстырған жекпе-жек — грэпплинг, панкратион — күрес техникасы мен соққылары бірлескен, әуесқой ММА (ережесіз жекпе-жек) бойынша біріншілік өткен болатын.

Павлодарлық спортшы панкратион мен ММА бойынша әлем чемпионы атанды.

FILA өткізген Хорватиядағы чемпионатқа кадеттер, жасөспрімдер, ардагерлер — 30 елден барлығы 600-ден астам спортшы қатысты.

Осыған дейін Мәжитов ММА бойынша Қазақстан біріншілігін ұтып, осы спорт түрі бойынша ел чемпионы атанған.

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат

0
0
258

«Барыс» хоккей клубының биылғы бюджеті жарияланды

«Барыс» хоккей клубы
Құрлықтық хоккей лигасы командалардың биылғы бюджетін жариялады.

Лиганың ресми сайты хабарлағандай, ең ірі бюджет Санкт-Петербор қаласының «СКА» командасына тиесілі. Оның жалақы капиталы 38 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Одан кейін «Ақ барс» (32,9 млн. доллар) және «Металлург» (30,9 млн. доллар) командалары келеді. Ал астаналық «Барыс» хоккей клубы 16,8 млн. доллармен 11-ші орында тұр.

АСТАНА.   ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
247

Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

стивенс головкин

Аты шулы GGG лақап атпен әлемге танымал боксшымыз Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды alaman.kz.

Жерлесіміз АҚШ-тың 28 жастағы боксшысы Кертис Стивенспен қолғап түйістірмек. Геннадий атағы бойынша WBA сериясын 9-рет, IBO 6-рет қорғайын деп отыр. Өз сөзінде Генадий Кертис Стивенсті танымайтынын айтқан.

Кертис Стивенс 28 жекпе-жек өткізген. Оның 25-ін жеңіп, қарсыластарын 18 нокаутпен ұтқан, ал 3 рет жеңілген.

Геннадий 27 жекпе-жек өткізген. Оның 27-сін жеңіп, қарсыластарын 24 нокаутпен ұтқан, ешкімге жеңілмеген.

Жекпе-жек 2 қараша күні АҚШ-тың Мэдисон Сквер Гарден аренасында, Нью-Йорк қаласында өтпек. Осы кездесуге орай, екі спортшының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат

0
0
270

«Шахтердің» Еуропа Лигасына қатысатын тізіміне 25 футболшы енді

Футболдан Еуропа Лигасына қатысатын қарағандылық «Шахтердің» тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz. Ресейлік маман Виктор Кумыков жаттықтыратын қарағандылықтардың тізіміне 25 футболшы енген. Қақпашылар: Стас Покатилов, Валерий Фомичев, Сергей Ткачук және Александр Мокин; Қорғаушылар: Никола Васильевич, Асхат Борантаев, Андрей Порываев, Евгений Тарасов, Алдин Джидич, Михаил Габышев, Сергей Малый, Бақыт Әбуов және Александар Симчевич; Жартылай қорғаушылар: Гедиминас Вичюс, Мақсат Байжанов, Вадим Боровский, Аслан Дарабаев, Геворг Казарян және Рохер Каньяс; Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай, Андрей Финонченко, Роман Муртазаев, Станислав Лунин, Игорь Зенькович және Сергей Хижниченко. Еске сала кетейік, Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчын «Шахтер» қыркүйектің 19-нан 20-на қ…

0
0
237

Ара шағып алғанына қарамастан Нибали «Вуэльтаның» жалпы есебінде көш бастады


Винченцо Нибали

Қазақстандық «Астана» командасының үздігі Винченцо Нибали Испания жолдарымен өтіп жатқан «Вуэльта» мәртебелі велокөпкүндігінде жалпы есепте көш басына оралды, деп хабарлайдыVesti.kz.

Бұл жағдай 11-кезеңнен кейін орын алды. Жеке жарыс қорытындысы бойынша Нибали швейцариялық Фабиан Канчеллара, неміс Тони Мартин және өзінің отандасы Доменико Поццовивоға жол беріп, төртінші орын алды.

Жалпы есепте Нибали ирландиялық Николас Рошеден 33 секундқа озып келеді. Үшінші орында келе жатқан Алехандро Вальверде біздің велошабандоздан 46 секундқа қалып тұр.

Естеріңізге сала кетейік, В.Нибалиді дәл маңдайынан ара шағып алды деген ақпарат тараған болатын. Соның салдарынан «Астана» капитанының беті ісіп кетті.

   

АСТАНА.  ҚазАқпарат

0
0
421