Ертең қазақстандықтар бүкілхалықтық жаттығуға шығады
7-қыркүйекте «Денсаулық фестивалі -2013» акциясының шеңберінде қазақстандықтар бүкілхалықтық жаттығуға шығады, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
Бұқаралық бұл шара барлық қалалар мен елді мекендердің алаңдарында, стадиондары мен спорт сарайларында, үйлердің аулаларында , клубтар мен фитнес орталықтарында, тіпті жұмыс орындарында да жүргізіледі деп жоспарланған.
АСТАНА. ҚазАқпарат

