Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Қазақстан азаматтары жаппай гимнастикаға шығады


Алдағы сенбі, қыркүйектің 7-сі күні республика бойынша Денсаулық фестивалі өтеді.

Биылғы фестивальдің ұраны — «Денсаулығым керемет — жаттығуға көп рахмет!». Осыған орай, республика бойынша жаппай гимнастика жаттығуларын ұйымдастыру жоспарланған. Ол үшін таңертең бір уақытта радио желі арқылы кешенді жаттығулар мен оларды орындау тәртібі таратылады. Осы кезде барлық стадиондар мен спорт алаңдарында сан алуан іс-шаралар — «Анам, әкем және мен — спортшы отбасымыз!», «Қол жеткіземіз көпке — болсақ біз бірге!», ұрпақтар эстафетасы, памперспен жүгіру сияқты «көңілді старттар», көрмелер, викториналар және байқаулар өтеді. Сондай-ақ сұлулық пен денсаулыққа арналған тауарлар, спорт әдебиеттері мен дұрыс тамақтану өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылмақ.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
353

Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына 106 футбол алаңы сыйға тартылады

Шығыс Қазақстан облысының орталығында Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына дайындық барысы пысықталды. Бұл туралы облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбай баяндады, деп хабарлайды Аltaynews.kz сайты. Басқарма басшысының келтірген деректеріне қарағанда, «жүз жылдыққа жүз алаң» жоспары бойынша аймақтың елді мекендерінде 106 алаң пайдалануға берiлмек. Өскеменде 8 алаң салынуы тиіс болса, соның екеуі қолданысқа беріліп қойған, алтауында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Семейде 13 алаң жоспарланса, жетеуі іске қосылып, алтауының тұсауы оныншы қыркүйекте қиылмақ. Риддер қаласында межеленген төрт футбол алаңының үшеуі аяқталып, біреуінде жұмыс әлі жүргізілуде. Абай ауданында да дәл осындай жағдай, төрт алаңның үшеуі дайын, біреуі жақын арада қолданысқа өт…

0
0
551

Семейде көркем гимнастика мектебі ашылды

№ 2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде гимнастика залы ашылды. Спорт нысанының салтанатты ашылуына қала әкімі Айбек Кәрімов, спорт қауымдастығы, жанкүйерлері, жас спортшылар қатысты. Бұл туралы Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторынан хабарлады. Көркем гимнастика мектебінің ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала әкімі Айбек Кәрімовтің айтуынша, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 55 млн. теңге қаржы бөлінген. Баласын спорттың осы түріне бергісі келгендер соңғы он жылдан бері жеке ғимаратты былай қойғанда жаттығу залын таба алмай, талай рет тұйыққа тірелген. Осынау игі қадам — елімізде біраз уақыттан бері қолға алына бастаған бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы жүзеге асқан іргелі істердің бірі. Іргетасы 1985 жылы қаланған ғимарат бүгінде жан-жақты жөндеуден өткізілг…

0
0
594

Қыркүйек айында өтетін әлемдік спорт додаларының күнтізбесі

«Аламан» спорттық-ақпараттық порталы қыркүйек айында болатын ірі халықаралық турнирлердің кестесін ұсынады. Бокстан жасөпірімдер арасындағы әлем чемпионаты. 7-15 қыркүйек. Киев (Украина) Триатлоннан әлем чемпионаты. 11-15 қыркүйек. Лондон (Англия) Стенд атудан әлем чемпионаты. 14-25 қыркүйек. Лима (Перу) Күрес түрлерінен әлем чемпионаты. 20-22 қыркүйек. Будапешт (Венгрия) Әйелдер боксынан жасөспірім және жастар арасында әлем чемпионаты. 20-29 қыркүйек. Велоспорттан (шоссе) әлем чемпионаты. 22-29 қыркүйек. Флоренце (Италия) Дзю-додан әлемдік гран-при. 28-29 қыркүйек. Алматы Волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 13 қыркүйек, академиялық есуден Азия чемпионаты 25 қыркүйекте басталады. Ал 28 қыркүйекте волейболдан ерлер арасындағы құрлық біріншілігі мен қазіргі бессайыстан да Азия че…

0
0
262

Фабио Каннаваро қыркүйекте Қазақстанға келеді

Италия құрамасы сапында футболдан әлем чемпионы Фабио Каннаваро отандық футболдың 100 жылдығын тойлауға Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Іс-шара Семейде 21 қыркүйек күні өтеді. Бұл күні қазақстандық және кеңестік футбол ардагерлерінің жолдастық кездесуі болады. Естеріңізге сала кетейік, Ф.Каннаваро 2006 жылғы әлем чемпионатындағы жеңістен басқа, 2000 жылы Италия құрамасымен Еуропа біріншілігінің «күміс» жүлдесін иеленді. Ол итальяндық «Наполи», «Парма», «Интер» және «Ювентус», сондай-ақ испаниялық «Реал» командаларының сапында өнер көрсеткен. 2006 жылы Каннаваро Әлемнің үздік ойыншысы атағымен қоса «Алтын доп» иегері атанды. 2011 жылы тізесінен жарақат алып, футболшы мансабын аяқтауға мәжбүр болды. Айта кетерлігі, Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында, айтулы да…

0
0
224

Еуропа Лигасындағы «Шахтердің» ойындарына кіру билеті 1500-ден 5000 теңгеге дейін болады


шахтер жанкуйелеры

Қарағандылық «Шахтер» Еуропа Лигасында кемінде үш ойынды өз алаңында елордалық «Астана Арена» стадионында өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Шахтердің» матчтарына кіру билетінің құны орта есеппен 1500-ден 5000 теңгеге дейін болады», — деп жазады өзінің твиттердегі парақшасында ҚФФ атқарушы директоры Олжас Абраев.

Естеріңізге сала кетейік, қарағандылықтар бірінші ойынын 19 қыркүйекте Салоникида ПАОКқа қарсы өткізеді. Матч бос стадионда көрерменсіз өтеді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
281

Ақжүрек Таңатаров әлемдік алтынға таласады

16 қыркүйектің күні Будапеште (Венгрия) күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды alaman.kz. Қазақстан еркін күрес құрамасының бас бапкері Руслан Өмірәлиев әлемдік сынға қатысатын балуандардың есімін жариялады. Ал грек-рим күресінен Лондон ойындарының қола жүлдегері Данил Гаджиев құрамаға енбей қалды. Еркін күрес: 55 кг — Расул Қалиев, 60 кг — Даулет Ниязбеков, 66 кг — Даурен Жұмағазиев, 74 кг — Ақжүрек Таңатаров, 84 кг — Аслан Кахидзе, 96 кг — Таймураз Тигиев, 120 кг — Дәулет Шабанбай. Грек-рим күресі: 55 кг — Нұрсұлтан Қалмырзаев, 60 кг — Алмат Кебіспаев, 66 кг — Ербол Қоңыратов, 74 кг — Асхат Ділмұхамедов, 84 кг — Нұрсұлтан Тұрсынов, 96 кг — Ерұлан Ысқақов, 120 кг — Нұрмахан Тінәлиев. Әйелдер күресі: 48 кг — Зульфия Яхъярова, 51 кг — Татьяна Аманжол, 55 кг — Айжан Исма…

0
0
532

Озил «Арсеналға» ауысты

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Месут Озил лондондық «Арсенал» сапына ауысты. Бұл туралы «канонирлердің» ресми сайты хабарлап отыр. Неміс футболшысының трансферлік құны 45 миллион еуроғабағаланған көрінеді. Месут Арсен Венгер командасымен 5 жылдық келісім-шартқа қол қойған. Футболшының жылдық табысы 8,6 миллион еуроны құрап отыр. Ал «корольдік клуб» сапында жартылай қорғаушының жылдық табысы 5 миллион еуроны құрайтын. Месут Озил «Арсенал» командасының трансферлік тарихындағы ең қымбат футболшылардың көшін бастады. Осыған дейін команданың бұл дәрежедегі қымбат ойыншыларының қатарында Хосе Антонио Рейес (17,6 миллион фунт), Санти Касорла (16,7 миллион фунт), Сильвен Вильтор (15,4 миллион фунт) және Андрей Аршавин (14,5 миллион фунт) болатын. Өз кезегінде Месут Озил: - Менің «Реал» с…

0
0
288

«Президент Кубогы» мәресіне жетті


Иран командасы

Алматыда ерлер арасында волейболдан өткен «Президент Кубогы» өз мәресіне жетті. Бас жүлде Иран (U-23) жастарына бұйырса, Қазақстан құрамасы үшінші орынды қанағат тұтты.

Ақтық сынға жолдама алған Иран (U-23) жастары Ресей (U-23)жастарын финалдық тартыста 3:0 (28:26, 25:22, 25:15) есебімен жеңіп, алтыннан алқа тақты. Ал үшінші орынды сарапқа салған Қазақстан құрамасы Бахрейннен 3:0 (25:23, 29:27, 25:23) есебімен басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар V орынға таласқан Олег Кузнецов баптайтын Қазақстан-2  командасы түріктерден 1:3 (25:23, 28:30, 19:25, 16:25) есебімен жеңіліп, VI орынды иеленді. Жарысқа қатысқан Катар құрамасы VII орынды, БАӘ VIІІ орынмен доданы қорытындылады.

 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

0
0
266

Чемпиондар Лигасының добы таныстырылды

УЕФА добтары

Adidas компаниясы Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының 2013/2014-маусымына арналған арнаулы доптарды таныстырды, деп хабарлайды УЕФА-ның ресми сайты.

Чемпиондар Лигасы (Finale 13) мен Еуропа Лигасының доптары турнир логотипімен сәнделген және топтық кезеңнен бастап қолданыла бастамақ.

0
0
961