Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қуанышбек Мәжитов әлем чемпионатынан қос бірдей алтынмен оралды


Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Қуанышбек Мәжитов Сплит қаласынан (Хорватия) қос алтын жұлдемен оралды, деп хабарлады университеттің баспасөз қызметінен.

Хорватияда барлық күреске тән тәртіптің техникасын қиыстырған жекпе-жек — грэпплинг, панкратион — күрес техникасы мен соққылары бірлескен, әуесқой ММА (ережесіз жекпе-жек) бойынша біріншілік өткен болатын.

Павлодарлық спортшы панкратион мен ММА бойынша әлем чемпионы атанды.

FILA өткізген Хорватиядағы чемпионатқа кадеттер, жасөспрімдер, ардагерлер — 30 елден барлығы 600-ден астам спортшы қатысты.

Осыған дейін Мәжитов ММА бойынша Қазақстан біріншілігін ұтып, осы спорт түрі бойынша ел чемпионы атанған.

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат

 
0
0
258

Осы тақырып бойынша

Қуанышбек Мәжитов әлем чемпионатынан қос бірдей алтынмен оралды - Yvision.kz