Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Польшадағы Әлем чемпионатының алғашқы алтынын қытайлық жеңіп алды

Ауыр атлетикадан Польшаның Врочлау қаласында 59 елдің 317 спортшысы қатысқан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні кеше әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақтағы медальдар топтамасы сарапқа салынды. Онда ел намысын қорғаған Галина Момотова жұлқа көтеруде — 70, серпе көтеруде — 88 келіні бағындырып 115 келі салмақпен 13-орынды қанағат тұтты. Ал қытайлық Тянь Яюнь 199 келімен (115+84 кг) Әлем чемпионы, кореялық Лян Чхун Хва 186 келімен (81+105) күміс, мексикалық Каролина Валенсиа Эрнандес 158 келімен (70+88) қола жүлдегер атанды. Бүгін әйелдер арасында 53 келідегі, ал ерлер арасында 56 келідегі жеңімпаздар анықталады. Бұл сайыста ел үміті Маргарита Елисееваға және Арли Чонтей мен Тимур Хасаровқа артылып отыр. Ал ертең әйелдер арасындағы додада 58 кг, ерлер арасында 62 кг сал…

0
0
244

«Марокко» раллиінің қорытындысы бойынша Astana Dakar командасы үздік ондыққа енді

Astana Dakar командасы

Президенттік клубтың мүшесі «Астана» командасы беделді халықаралық «Марокко» раллиіндегі жарысын тоқтатты.

Жарыс осы елдің аумағында 13-19 қазан аралығында өткен болатын. Қатысушыларға жалпы ұзындығы екі мың шақырымнан асатын аса күрделі жолдан өтуге тура келді. Astana Dakar командасына тиесілі үш жеңіл экипаж құрамының екеуі үздік ондыққа кірді.

HiLux Overdrive автокөлігімен Т1 санаты бойынша жарысқа қатысқан Айдын Рахымбаев/Константин Жильцов және Бауыржан Исабаев/Габдолла Әшімов экипажы бәсеке қорытындысы бойынша 6 және 8 орындарды иеленді. Ал Nissan Patrol автокөлігіндегі олардың әріптестері Денис Березовский/Игнат Фалковтар турнирдің 44 орынын қанағат тұтты.

0
0
272

Легионер спортшылардың Қазақстанға медальдан басқа пайдалары да шаш етектен — Е. Қожағапанов

Легионер спортшылардың Қазақстанға медальдан басқа пайдалары да шаш етектен. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі дене шынықтыру мен спортты дамыту тақырыбына арналған Үкімет сағатында депутаттар сауалына жауап берген Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов мәлім етті. Тоқтала кететін жайт, жиын барысында депутат Майра Айсина еліміздегі спорт клубтарына шақырылатын легионерлер мәселесін көтерген болатын. «Шетелдік спортшыларды елге шақырып, оларға қыруар қаражат шығындау көпшілік арасында наразылық тудырмай қоймайды. Бұлардың ел спортындағы рөлі қандай? Ондай мәселені реттеу үшін қандай шаралар қабылдануда?» — деп сұраған болатын М. Айсина. Өз кезегінде Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов шетелден легионер шақыру ел спортындағы үлкен тәжіриб…

0
0
445

Сочи Олимпиадасына дайындық жаттығулары шетелде өтеді — шаңғышы Н.Чеботько


шаңғышы Николай Чеботько

Сочи Олимпиадасына дайындық жаттығуларын біз шетелде өткізетін боламыз. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында Қазақстанның спорт шебері, шаңғышы Николай Чеботько мәлім етті.

«Ертең біз дайындық жаттығуларын бастаймыз. Бұл — ұзақ кезең. Алдымен біз Австрияға он күнге барып, Рамзау тауларында жаттығамыз. Одан кейін бір айдай Финляндияда боламыз. Басты мақсат — аяқты қарға ертерек тигізіп, дайындықты бастау. Арғы жағын бапкерлермен бірге көре жатармыз. Мен өзім жеке және командалық спринтті қалаймын. 15 шақырымға дейін кез келген дистанцияға дайынмын…50 шақырымнан басқа», — дейді Н.Чеботько.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
404

Қызылорда самбошылары әлем чемпионатынан жүлделі оралды

Қызылорда облысының самбошылары әлем чемпионатынан жүлделі оралды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. «Қазақстандық самбошылар Грекияның Салоники қаласында өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында командалық есепте екінші орын алды», — делінген хабарламада. Әлемнің 27 елінен жиналған 500-ге жуық самбошы арасында қызылордалықтар, 44 келі салмақта жасөспірімдер арасында екі дүркін Азия чемпионы Гүлфайруз Наймантаева (№1ОМБЖОРМ) мен 72 келіде Мереке Құдайбергенова (Жаңақорған ауданы, Түгіскен елді мекені) қола жүлдені қанжығасына байлады. Мереке былтыр Латвияда өткен әлем чемпионатында үшінші орынды иеленген болатын. Қос спортшыны жарысқа Жанар Дүйсекенова, Мақсат Оспанов пен Әбдісаттар Садықов дайындады. ҚЫЗЫЛОРДА.…

0
0
363

ФУТБОЛ: Мундиальдан тыс қалған жұлдыздар

Бразилияға барып ойынның көркін қыздыра алмайтын футбол жұлдыздары бар. «Аламан» ұлттық спорт порталы әлемдік мундиальды сырттан тамашалайтын мықтыларды санамалап шыққан. Уэльс құрамасының қос бірдей жұлдыздары Гарет Бейл (Реал Мадрид), Арон Рэмси (Арсенал) бұл додаға тек көрермен бола алады. Чехия құрамасының капитаны, лондондық Челси клубының 1-ші қақпашысы Петр Чех және Чехтің отандасы Томаш Росицки (Арсенал) муньдиалға бара алмайды. Жұлдыз деуге келмес, бірақ қазақ жанкүйерлеріне жақсы қырынан таныла білген Армения құрамасының ойыншылары Роберт Арзуманян(Ақтөбе), Гаворг Казарян (Шахтер), Артур Едигарян (Қайрат) сынды ойыншылар да бара алмайды. Дания құрамасының белді ойыншысы Скотт Браун да (Селтик) чемпионатқа көрермен болады. Қазақстан құрамасы өнер көрсеткен топтан неміс және әлем…

0
0
614

Әлем чемпионаты: Қазақстандық алты боксшы 1/8 финалға шықты


Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатының жетінші жарыс күні, яғни 20 қазанда құрама сапындағы соңғы 4 боксшымыз алғашқы кездесуін өткізеді.

Олар: Берік Әбдірахманов (60 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг) және Иван Дычко (+91 кг).

Бұған дейінгі сайыста өз бағын сынаған алты боксшымыз түгел жұбын жазбай 1/8 финалға шыққан болатын. Атап айтқанда дүйсенбі күні олардың бесеуі, яғни Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Антон Пинчук (91 кг) өздерінің екінші кездесуін өткізетін болады. Ал сейсенбі күні Илияс Сүлейменов (52 кг) жарыс көрігін қыздырмақ.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат —  Автор: Ерлік Ержанұлы
0
0
364

Геннадий Головкин әлемдегі үздік 10 боксшының қатарына енді

Геннадий Головкин

«Ринг» журналы әлемдегі барлық салмақ дәрежесіндегі ең үздік боксшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.

Тізімді америкалық Флойд Мейвезер бастап тұр, екінші орында — украиндық Владимир Кличко, ал үшінші сатыны АҚШ-тың тағы бір өкілі Тимоти Брэдли иеленіпті.

Үздік ондықты қазақстандық Геннадий Головкин қорытындылап тұр.

0
0
289

Қытайдың Уси қаласында садақ атудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтуде


садақ атудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты

Қытайдың Уси қаласында садақ атудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл сынға қазақ мергендері де аттанған.

Он жеті жастағы Санжар Мұсаев ұлдар арасындағы жекелей сында финалға шықты. Демек, қоржынымызда кем дегенде күміс жүлде бар деген сөз.

Отандасымыз алдымен поляк Кашпер Визонды, француз Томас Коенигті, ширек финалда тайпейлік Ли Чи Тангты ұтты. Ал жартылай финалда ресейлік Арслан Валдановтан 7:1 есебімен басым түсті. Санжар енді алтынды англиялық Патрик Хюстонмен сарапқа салады, деп хабарлайды alaman.kz.

0
0
422

Гір спортынан әлем чемпионатында қазақстандықтар жеңіс тұғырынан көрінді


Гір спорты

Гректердің Лутраки қаласында гір спортынан әлемнің XXI чемпионаты өтті.

Қазақстан ұлттық құрамасында Ақсу ферроқорытпа зауытының «Металлург» спорт клубының тәрбиеленушілері өнер көрсетті, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Қазақстандықтар 247 ұпаймен жеті медаль алып, Украина командасына есе жіберіп алып, екінші орынға ие болды.

0
0
425