Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

ФИФА рейтингінде үш саты төмендедік

Футболдан ФИФА ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Қазақстан ұлттық құрамасы 3 саты төмендеп, 135-ші орынға жайғасты. Көш басында келе жатқан алғашқы ондықтағы ұлттық құрамалардың нәтижелерінде өзгерістер орын алды. Испания ұлттық құрамасытізгінді өз қолында ұстап қалса, Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы үшінші орынға сырғыды. Екінші сатыдан немістер орын алды.Италия құрамасы 4 саты төмендесе, Швейцария ұлттық құрамасы 7 саты алға жылжып, 7-ші орынға табан тіреді. Ал Англия 10 команданы артқа тастап, алғашқы ондыққа енді. Есесіне Бразилия мен Хорватияқұрамалары ондықтан шығып қалды. Ең төменгі нәтижені Жаңа Каледония ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар 31 саты төмендеп, 126-шы орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Молдова құрамасы еншіледі. Олар бірден 33 с…

0
0
428

Әлем чемпионатына тағы 7 команда жолдама алды

2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының топтық іріктеу кезеңі де аяқталды. Дүбірлі додаға қатысатын 32 команданың 2/3 бөлігі белгілі болды. Кеше өткен Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінен кейін тағы да 7 команда Бразилияға жолдама жеңіп алды. Олар: Ресей, Босния, Англия, Испания, Чили, Эквадор және Гондурас ұлттық құрамалары. Ресей құрамасы «мундиалға» 12 жыл араға салып жолдама иеленіп отырса, Босния құрамасы тарихында алғаш рет шығып отыр. Сонымен Әлем чемпионатына жолдама алған 21 ұлттық құрама белгілі. Олар: Бразилия, Жапония, Австралия, Иран, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Италия, Коста-Рика, АҚШ, Аргентина, Бельгия, Швейцария, Германия, Колумбия, Ресей, Босния, Англия, Испания, Чили, Эквадор және Гондурас. Енді қалған 11 жолдаманы сарапқа салатын командалар да белгілі. Еуропада 9…

0
0
488

Қарағандыда волейболдан әйелдер арасында Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтуде

Қарағандыда волейболдан әйелдер командалары арасында ХХІ Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары басталды. Бұл сайыс 23 қазанға дейін созылады. Онда Ұлттық лигадағы «Астана», «Ертіс-Қазхром» (Павлодар), «Алматы», «Қарағанды», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен), «Металлург АМТ» (Теміртау) мен Жоғары лиганың «А» дивизионындағы «Қостанай» және «Б» дивизионындағы «Қуаныш және К» (Солтүстік Қазақстан облысы) арасынан үздік шыққан 3 команда жартылай финалға жолдама алатын болады. Алғашқы ойынын астаналықтар солтүстік қазақстандықтармен, павлодарлықтар теміртаулықтармен, алматылықтар қостанайлықтармен, қарағандылықтар өскемендіктермен өткізуде. Жартылай финалда үздік үштіктің қатарын Талдықорғанның «Жетісуы» толықтыратын болады. Ел чемпионаты мен кубогының иегері саналатын талдықорғандықтарға…

0
0
284

Оралда дойбыдан ардагерлер арасында жарыс мәреге жетті

дойбы

Орал қаласындағы жабық мұз айдыны сарайында қайырымдылық айлығы аясында дойбыдан ардагерлер арасында облыстық турнир мәреге жетті.

Оған Теректі, Ақжайық аудандарынан және Орал қаласынан отыздан астам дойбышы қатысты. Жарыстың бас төрешісі Данияр Жұмагелдиевтің айтуынша, жарыс тартысты өтті. Ардагер дойбышылардың көпшілігі — бұдан бұрын да тұрақты қатысып жүргендер.

Турнир қорытындысында ерлерден Владимир Коровкин жеңімпаз атанса, әйелдерден оралдық Людмила Ермолаева үздік атанды. Жарысқа қатысушыларға ескерткіш сыйлықтар табыс етіліп, оларға мерекелік дастархан жайылды.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
480

Батысқазақстандық самбошылар Салоникиде өткен әлем чемпионатында жүлделі орындарды еншіледі


Грекияның Салоники қаласында самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем біріншілігі мәреге жетті.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш чемпионатқа әлемнің 24 елінен 484 спортшы қатысқан.

БҚО-дан сегіз балуан ел намысын қорғап, соның үшеуі жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, Гауһар Сағадат 75 келі салмақта күміс медальді жеңіп алса, Айбек Аймағамбетов (60 кг) пен Раушан Қадырғалиева (40 кг) қола жүлдені еншіледі.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
258

Astana Dakar «Марокко» халықаралық жарысында көш бастап келеді

Ралли-рейд бойынша Astana Dakar командасы екі күндік жарыс қорытындысы бойынша «Марокко» халықаралық жарысында алдыңғы орындарды иеленді. Осылайша, Денис Березовский басқаратын № 311 экипаж Т2 класында бірінші орынға жайғасса, ал оның командалық әріптестері — Айдын Рахымбаев пен Бауыржан Исабаев — мәреге жеткендердің арасында алғашқы ондыққа ілікті. «Жарыстың екінші кезеңі оңай болған жоқ, әр түрлі кедергілерден өтуге тура келді. Кеше құмнан өтсек, бүгін тастар мен тауларды бағындырдық. Бұл ерекше жаттығу болды. Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша, біздің жағдайымыз жаман емес — кеше өз класымызда екінші орындағылардан 39 минутқа алға шығып, алғашқы нәтижені көрсеттік. Бүгінгі күні біз өз нәтижемізді жарыс кезінде кездескен көптеген қиындықтарға қарамастан, тағы 12 минутқа жақсарттық…

0
0
356

Аргентина мен Уругвай 2030 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізуге ниетті


Аргентина мен Уругвай футболдан 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге біріккен кандидатура ұсынбақ.

Бұл туралы »Depor» басылымына сілтеме жасап alaman.kz жазады. Қазір екі елдің футбол федерациялары арнайы ұсыныс жасауға құжаттар жинай бастаған.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы әлемдік сын Ресейде, 2022 жылғы біріншілік Катарда өтеді.

Ал бұған дейін «Википедия» энциклопедиясында Қазақстан 2026 жылғы ӘЧ өткізуге біріккен кандидатура ұсынады деген ақпарат таратқан еді. Дегенмен, бұл ақпарат кейін расталмады.

0
0
295

«Барыс» жеңіске жетті

Құрлықтық Хоккей Лигасында ойын көрсетіп жатқан «Барыс» өзінің кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталынан хабарлады. «Барыс» хоккей клубының қазіргі көрсеткіші қуантады. Жалпы чемпионат кестесінде «Динамо», «СКА», «Ақ Барыс» клубтарынан кейін төртінші орында тұр. Жалпы ұпайы 34. Ал «Шығыс» лигасы бойынша екінші орында келе жатыр. Алдында тек қазандық «Ақ Барыс». «Барыс», «Ақ Барыс» хоккей командасынан бар болғаны бір ұпайға қалып келеді. «БАРЫС» (Астана) — «ТОРПЕДО» (Нижегород) 4:2 (1:0, 1:1, 2:1) Астана қаласы, «Қазақстан» спорт кешені. Бас төрешілер: Сергей Беляев, Владимир Букин. Қапталдағы төрешілер: Иван Назаров, Константин Чубыкин. Шайбалар: Брэндон Боченикси (Барыс) 17:45 (1:0)Федор Полищук (Барыс) 23:07 (2:0) Хиетанен (Торпедо) 23:53 (2:1) Лакиза (Б…

0
0
221

Бьорндален Допингке қарсы қызметтен ескерту алды

Уле Эйнар Бьорндален

Биатлоннан алты дүркін Олимпиада чемпионы Уле Эйнар Бьорндален өзінің қайда жүргені туралы хабарламағаны үшін Норвегияның Допингке қарсы қызметінен ескерту алды.

Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

Бьорндаленнің айтуынша, ол өзінің Ослоға жаттығу жиынына аттанып бара жатқанын ескертуге ұмытып кеткен. Спортшыны тексеруге Австриядағы үйіне келген инспекторлар Бьорндаленді таба алмай әлек болған көрінеді.

39 жастағы Бьорндален Олимпиада ойындарында алты алтын, төрт күміс және бір қола жүлде жеңіп алған. Әлем біріншіліктерінде норвегиялық 19 мәрте жеңіс шыңын бағындырған.

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат

0
0
219

Әлем чемпионатында бақ сынайтын барлық қазақстандық боксшылар жарысты 1/16 финалдан бастайды

Бүгін бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында бақ сынайтын Берік Әбдірахманов (60 кг) пен Мерей Ақшаловтың (64 кг) қарсыластары белгілі болады. 1/16 финалда Берік пуэрто риколық Даниелито де ла Роза мен грузиялық Гиорги Гогатишвили арасындағы 1/32 финалдың жеңімпазымен кездеспек. Ал Мерейдің қарсыласы шотландиялық Жош Тайлор мен тринидадтық Акиел Оутрам арасындағы кездесудің үздігі болмақ. Ертең енді Біржан Жақыпов (49 кг), Данияр Елеусінов (69 кг) пен Әділбек Ниязымбетовтің (81 кг) қарсыластары анықталады. Бұған дейін жарыстың алғашқы күні Ілияс Сүлейменов (52 кг) пен Антон Пиншоктың (91 кг) 1/16 финалдағы жұптастары белгілі болған еді. Нақтырақ айтқанда, бейсенбі күні Ілияс австриялық Андреу Молонеймен, Антон венгриялық Имре Сцелломен күш сынасатын болады. АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - А…

0
0
1062