Гір спортынан әлем чемпионатында қазақстандықтар жеңіс тұғырынан көрінді
Гректердің Лутраки қаласында гір спортынан әлемнің XXI чемпионаты өтті.
Қазақстан ұлттық құрамасында Ақсу ферроқорытпа зауытының «Металлург» спорт клубының тәрбиеленушілері өнер көрсетті, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Қазақстандықтар 247 ұпаймен жеті медаль алып, Украина командасына есе жіберіп алып, екінші орынға ие болды.

