Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Австралиялық спортшы жер шарын 622 күнде жүгіріп айналып өтті

Австралиялық спортшы Том Деннисс

Австралиялық спортшы Том Деннисс жер шарын 622 күнде жүгіріп айналып өтті. Спортшы күніне 42 шақырымнан астам қашықтықты бағындырып отырған.

2011 жылдың 31 желтоқсанында Австралияның астанасы Сидней қаласынан жүгіріп шыққан спортшы алдымен Жаңа Зеландияға жетті. Одан соң Солтүстік пен Оңтүстік Американы, сондай-ақ Еуропа мен Азияның батысынан шығысына дейін жүгіріп өтіп, Австралияның батысына келеді. Сөйтіп елдің оңтүстік жағалауымен жүгіріп үйіне оралды. Том Деннисс бағындырған қашықтықтың жалпы ұзындығы — 26232 шақырым.

Том Деннисс әлемдік рекорд бойынша жер шарын ең тез айналып шыққан адам ретінде тарихта қалды. Ал спортшы жұртшылықпен жүздесуінде, әлемнің оған бұрынғыдай үлкен көрінбейтінін айтқан. Бұл туралы Segodnya.ua сілтеме жасап egemen.kz хабарлады.

0
0
356

БОКС: Әділбек Ниязымбетов — жартылай финалда

Әділбек Ниязымбетов

Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов біздің құрама сапындағы жартылай финалға өткен кезекті боксшы атанды, деп хабарлады sports.kz.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әділбек 1/2 финалға шығу үшін үнді боксшысы Сумит Сангванмен кім мықтыны анықтаған.

Кездесу қорытындысында қазақстандық спортшының мерейі үстем болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін жартылай финал жолдамасына Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) және Иван Дычко (91 кг) ие болған еді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
298

Хоккей: «Барыс» хоккей клубы «Амурдан» басым түсті

Николай Антропов

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Амур» (Ресей, Хабаровск) командасынан басым түсті.

Бұл матчта «Барыс» есепті бірінші болып ашты. Николай Антропов биылғы чемпионатта өзінің алғашқы шайбасын салып, команданы алға шығарды. Есеп — 1:0. Осыдан кейін «Амур» таразы басын теңестіріп қана қоймай, екінші кезеңде есеп айырмасын 1:3-ке дейін жеткізді. Алайда үшінші кезеңде «Барыс» өз шабуылдарын үдетіп, шайбаларды қарша боратты. Брэндон Боченски таразы басын бір шайбаға қысқартса, Талғат Жайлауов есепті теңестірді. Ал үш минут өтпей, Николай Антропов екінші шайбасын салып, дубльдың авторы атанды. Қорытынды есеп — 4:3.

Осы ойыннан кейін «Барыс» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, 46 ұпаймен жалпытурнирлік кестенің бірінші орнына шықты.

     
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
267

Н.Назарбаев Алматыда бокстан әлем чемпионатының финалын тамашалайды

Н.Назарбаев Алматыда бокстан әлем чемпионатының финалын тамашалайды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ақтық кездесулерін тамашалайды,

деп хабарлады Vesti.kz.

Әлемдік біріншіліктің финалдық бәсекелері 26 қараша күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында  өтеді.

Атап өтер болсақ, қазір 4 қазақстандық боксшы әлем чемпионатының ширек финалына шықты — Біржан Жақпов (49 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Мерей Ақшалов (64 келі) және Жәнібек Әлімханұлы (75келі). Тек Антон Пинчук (91 келі) қана бұл сыннан өте алмады.

0
0
436

Иван Дычко Әлем чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды

Иван Дычко

Қазақстандық боксшы Иван Дычко Әлем чемпионатының ширек финалдық жолдамасы үшін мажарлық Иштван Бернадтпен қолғап түйістірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық спортшы жеңіске жетіп, ширек финал жолдамасын қанжығасына байлады.
Бұған дейін дүбірлі доданың 1/4 финалына Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) және Әділбек Ниязымбетов (81 кг) шыққан болатын.

0
0
314

«Ордабасы» футбол клубының орталығы ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы бұрынғы «Цементник» стадионы Қазақстанның Премьер-Лигасында өнер көрсетіп жүрген шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының меншігіне берілді. 2012 жылдан бері жоғарыда аталған спорт нысанында құрылыс жұмыстары облыстық бюджет есебінен жүргізілді. Оған 282,1 млн. теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді. «Тоқтала кететін жайт, былтырдан бері Қазақстан футбол федерациясының шешіміне орай, «Ордабасы» футбол клубында балалар мен жасөспірімдердің дайындық орталығы ашылған еді. Осы күнге дейін Шымкент қаласында жас футболшыларда мұндай оқу-жаттығу орталығы болмаған. Спорт саласы мамандарының ұсынысымен облыс әкімінің қолдауымен аяқталған нысанда бір мезетте 50 футболшы жаттығу жасауына мүмкіндік алып отыр. Көрермендерге арналған 600 орындық жайы бар», де…

0
0
468

Шымкентте Садақ ату спорт кешені ашылды

Садақ ату спорт кешені

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағынан «Садақ ату спорт кешені» ашылды. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Спорт кешені 0,72 гектар аумақта орналасқан. Оның құрылысы 2012 жылы шілде айында басталып, спорт нысаны 2013 жылы қазан айында аяқталды. «Құрылысқа облыстық бюджеттен 127,0 млн. теңге қаржы қаралып, толығымен игерілген. Осы күнге дейін Шымкент қаласында мұндай оқу-жаттығу орталығы болмаған. Спорт саласы мамандарының ұсынысымен облыс әкімінің қолдауымен аяқталған спорт нысаны бір мезетте 60 садақ ату спортшысын қабылдауға мүмкіндік алып отыр», делінген баспасөз баянында.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Қанат Мәметқазыұлы
0
0
1432

ТОП — 10: «Алтын допты» алмаған аңыз футболшылар

Месси төрт дүркін «Алтын допты» алды, Йохан Кройфф, Роналдулар алды. Бұлар шынымен үздік. Бірақ «Алтын допты» қос қолына ұстап, ернін тигізіп көрмегендер бар. Олардың өзі қайталанбас дара ойыншылар.«Аламан» «Алтын допты» алып көрмеген алтын футболшылардың ондығын жариялады. Бұлар «Алтын допты» алған футболшылардың кейбірінен өз клубында танымал, аңыз ойыншылар болып үлгергендер. 1. Дэвид Бекхэм (Англия). Ойнаған клубтары:1993-2003 «Манчестер Юнайтед» (Англия) -1995 «Престон Норт Энд» (Англия) 2003-2007 «Реал Мадрид» (Испания) 2007-2012 «Лос-Анджелес Гэлакси» -2009 «Милан» -2010 «Милан». 2013 «Пари Сен-Жермен» (Франия). Мансап жолын аяқтады. 2.Алессандро Дель Пьеро (Италия). Ойнаған клубтары:1991-1993 «Падова» (Италия) 1993-2012 «Ювентус» (Италия) 2012 жылдан бері «Сидней» (Австралия) 3. Р…

0
0
1361

Бокстан Әлем чемпионатында алғашқы қазақстандық боксшы жарыс жолынан шығып қалды

Антон Пинчук

Әлем чемпионатының кешкі сессиясында 91 келі салмақ дәрежесіндегі Қазақстанның өкілі Антон Пинчук Өзбекстан боксшысы Рустам Тулагановқа қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Кездесу қорытындысы бойынша өзбек спортшысы жеңімпаз атанып, ширек финал жолдамасын қанжығасына байлады.

Бұған дейін ширек финалдық жолдамаға Қазақстан намысын қорғайтын төрт боксшы — Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) және Мерей Ақшалов (64 кг) ие болған еді.

0
0
252

Мерей Ақшалов Әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды


Мерей Ақшалов

Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпонатында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Мерей Ақшалов Доминикан Республикасының боксшысы Карлос Адамспен қолғап түйістірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Кездесу соңында барлық төрешілер бірауыздан Мерейдің мерейі үстем болды деп тапты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан намысын қорғайтын үш боксшымыз ширек финалдық жолдаманы жеңіп алған болатын. Олар — Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг) және Жәнібек Әлімханұлы (75 кг).

 
АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат —  Автор: Ерлік Ержанұлы
0
0
765