Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бокстан Әлем чемпионатында алғашқы қазақстандық боксшы жарыс жолынан шығып қалды

Антон Пинчук

Әлем чемпионатының кешкі сессиясында 91 келі салмақ дәрежесіндегі Қазақстанның өкілі Антон Пинчук Өзбекстан боксшысы Рустам Тулагановқа қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Кездесу қорытындысы бойынша өзбек спортшысы жеңімпаз атанып, ширек финал жолдамасын қанжығасына байлады.

Бұған дейін ширек финалдық жолдамаға Қазақстан намысын қорғайтын төрт боксшы — Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) және Мерей Ақшалов (64 кг) ие болған еді.

 
0
0
252

Осы тақырып бойынша

Бокстан Әлем чемпионатында алғашқы қазақстандық боксшы жарыс жолынан шығып қалды - Yvision.kz