Андре Уорд: «Мен Головкиннің әлсіз тұстарын білемін»
Орта салмақтағы әлемнің үздік боксшыларының бірі, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, америкалық Андре Уорд қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің осал тұстарын жақсы білетіндігін мәлімдеді. Бұл жөніндегі MMAboxing.ru порталы хабарлады. «Мен үшін кіммен болса да шаршы алаңға шығу қиындық туғызбайды. Бұл жағынан мен ешкімнен қашқан емеспін. Мен Головкинді сыйлаймын, алайда оның әлсіз тұстарын да жақсы білемін. GGG тамаша боксшы, бірақ оның қаншалықты мықты екенін де білемін. Головкин Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Ал оның кәсіби рингтегі жетістігіне келер болсам, ол осы күнге дейін бірде-бір мықты, ел таныған боксшымен шығып көрген жоқ. Қазір сіз оның командасынан «Супер орта салмаққа ауысып, кездесу өткізгіңіз келе ме?» деп сұрап көріңіз. Меніңше олардың бұл ұсынысқа «иә»…





