Сметов пен Бозбаев ел біріншілігіне қатыспайды
Қарашаның 15 мен 20 аралығында Өскемен қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді. Өскемендегі жаңадан салынған спорт кешенінде еліміздің әр аймағынан жиналған жалпы есебі 650-ге жуық дзюдошы бақ сынайды деп күтілуде. Біріншілікке қатысатын командалар 2012 жылы өткен дзюдодан ел чемпионатының қорытындысы бойынша анықталады. Мәселен, 2012 жылы Талдықорғанда өткен Қазақстан біріншілігінде 1-6 орын алған командалар өз аймақтарындағы чемпионатта 1-3 орын алған спортшыларын қатыстыра алады; 2012 жылғы чемпионатта 7-10 орыннан көрінген командалар әрбір салмақта 3 балуанын сайысқа қоса алады; 11-14 орын алған ұжымдар әр салмақта 2 спортшысын, 15-16 орын алған командалар әр салмақта 1 спортшысын ғана Өскемендегі ел чемпионатына қатыстыра алады. Өскеменде өтетін ел…





