Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Дүниежүзiнiң 35 елi «Еуразия Барысын» тамашалайды

«Eurasia Barysy»

7 желтоқсан күні Тараз қаласында қазақ күресінен «Eurasia Barysy» халықаралық турнирінің жалауы желбірейді.

Ұлттық спортымыздан өтетін командалық додаға 8 мемлекеттің спортшылары қатысады. Дүниежүзiнiң 35 елi қазақ күресi мерекесiн Ресейдiң «Боец», Түркияның «ТРТ» арналары арқылы тiкелей эфирде тамашаламақ. Сондай-ақ, бұл сайысты Украина мен Грузия телеарналары да тiкелей таратуға құлықты, деп хабарлады alasharena.kz.

0
0
299

«Барыстың» бүгінгі қарсыласы — «Динамо»

Құрлықтық хоккей лигасының биылғы чемпионаты аясында Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында өтетін ойындар сериясын бастайды. Оның бүгінгі қарсыласы — «Динамо» (Латвия, Рига). Лига ашылғалы бері бұл екі команда 11 рет кездескен болатын. Соның жеті матчында «Барыстың» мерейі үстем болса, төрт ойында «Динамоның» жолы болды. Соңғы рет Рига қаласында кездескенде, Астана қаласының хоккей клубы буллит сериясында 2:3 есебімен ұтылған. «Динамо» қосымша екі ұпайға ие болып, Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде бірнеше сатыға көтерілді. Қазір оның еншісінде 55 ұпай бар. Соның арқасында команда 6-шы орында тұр. Ал «Барыс» 58 ұпаймен 4-ші орында келеді. Айта кетейік, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде басталады. Оны «KAZsport» телеарнас…

0
0
316

Қ.Көшербаев «Қайсар» футбол клубына сыйлық беруге уәде етті

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Қайсар» футбол клубына сыйлық беруге уәде етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қайсар» Бірінші лигада алғашқы орынға ие болып, Премьер-лигаға өтті. Онда бәсекелестік арта түседі, — деді әкім спортшылармен кездесуінде. – Онда сенімсіздік деген болмау керек. Менің ойымша, «Қайсар» Премьер-лигада жақсы ойын көрсетеді. Біздің тарапымыздан да спортшыларға барлық жағдай жасалуда. Алдағы жылы біз 3000 орынға арналған жаңа, төбесі жабық стадионның құрылысын бастаймыз. Біз спортшыларға сыйлық ретінде жаңа стадион саламыз».

0
0
1112

Промоутерлер: Уордты тек Головкин жеңе алады

головкин

Қазіргі кездегі мықты боксшы саналатын америкалық Андре Уордтың Эдвин Родригесті ойсырата жеңгені белгілі. Осы жекпе-жектен кейін баспасөзге Родригестің промоутері Лу ДиБелла сұхбат берді, деп хабарлайды isport.ua порталына сілтеме жасай отырып sports.kz.

«Уорд керемет жекпе-жек көрсетті. Ол Эдвиннен мықты болды және рингте шеберлігін көрсете білді. Менің ойымша, Уордпен тек Головкин қарсыласа алады. Қолымда болса, мен аса үлкен қуанышпен бұл жекпе-жекті ұйымдастырушы едім. Сонымен, күмәндарыңыз болмасын, алда екі мықты боксшының жекпе-жегі күтіп тұр», — деді ДиБелла.

0
0
339

Блаттер Роналдуды құттықтады

Халықаралық футбол федерациясының президенті (ФИФА) Йозеф Блаттер португалдық футболшы Криштиану Роналдуды кеше көрсеткен тамаша ойынымен және Әлем чемпионатына барар жолдамамен құттықтады. «Португалияны құттықтаймын! Олар 29-шы команда болып Әлем чемпионатына жолдама алды. Криштиану өте керемет ойын өрнегін көрсете білді және командасын Әлем чемпионатына алып шыға алды», – деді Блаттер туиттердегі парақшасында. Естеріңізге сала кететін болсақ, кеше Португалия ұлттық құрамасы қос кездесу қорытындысы бойынша Швецияны 4:2 есебімен тізе бүктіріп, Бразилияға жолдама алған болатын. Ал Роналду мен Блаттер арасындағы кикілжіңнен кейін, португалдық футболшының өкпесі әлі тарқай қойған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Роналду «Алтын доптың» салтанатты марапаттау рәсіміне қатысуға…

0
0
332

«Астана арландары» Ресей құрамасымен айқасады


всб логосы

WSB додасының төртінші маусымындағы екінші жекпе-жегін ертең, 22 қараша күні «Астана арландары» Ресейдің Russian Boxing Team командасымен өткізеді, деп хабарлады alasharena.kz.

«Арлан­дардың» намысын бір легионер, төрт қазақ қорғайды. Оның үшеуі — дебютант.

Ал Ресей құрамасының сапында кілең осы додада ысылған боксшылар. Тек аса ауыр салмақтағы Сергей Кузьмин ғана бірінші рет WSВ додасының айқасына қатысқалы тұр.

Ресей құрамасы — «Астана арландары»

52 келі: Миша Алоян — Олжас Сәттібаев

60 келі: Адлан Абдурашидов — Самат Бәшенов

69 келі: Александр Иванов — Мейірім Нұрсұлтанов

81 келі: Дмитрий Бивол — Данабек Сужанов

91+келі: Сергей Кузьмин — Филип Хргович (Хорватия).

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
299

Павлодарда тоғызқұмалақтан ІІ ашық Азия чемпионаты басталды

Бүгін Павлодардағы Шахмат үйінде тоғызқұмалақтан Азияның ІІ ашық чемпионаты басталды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Түркіменстан елдерінен 103 спортшы қатысуда. Жеңімпаздардың есімдері 23-і күні белгілі болмақ. Чемпионатты Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығы мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бұған дейін бұл байрақты бәсеке алғаш рет 2009 жылы Шымкентте өткен болатын. Онда да жоғарыда аталған 9 елден команда қатысқан еді. Онда ел намысын қорғаған спортшылпар ерлер арасында да, әйелдер арасында да қарсылас шақ келтірмеді. Атап айтқанда, астаналық Айдос Сейітжан бірінші, шымкенттік Серік Ақтаев пен Ғалымжан Темірбаев 2-3 орын алған болатын. Ал әйелдер арасында ақтөбелік Диана Кенина бірінші, қ…

0
0
335

«Барыс» бүгін сырт алаңда «Лев» командасымен кездеседі

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Лев» (Чехия, Прага) командасымен кездеседі. «Левтың» Құрлықтық хоккей лигасына қосылғанына көп бола қойған жоқ. Сол себепті осы уақытқа дейін екі команда екі-ақ рет кездескен. Екеуінде де «Барыс» жеңіске жетті. Бірінші ойын 4:2 есебімен аяқталса, екінші матчта Астана қаласының хоккей клубы өз қарсыласынан 5:1 есебімен басым түскен. Лиганың жалпытурнирлік кестесінде «Барыс» (56 ұпай) үшінші орында тұрса, «Лев» (42 ұпай) он бірінші орында келеді. Айта кетейік, кеше «Барыс» хоккей клубының ресми сайтында бүгінгі ойын түнгі сағат 00:00-де басталады деп берілді. Содан кейбір түсініспеушіліктер де орын алды. Ойынның уақыты нақтыланды. «Барыс» пен «Лев» арасындағы матч түнгі сағат 23:55-те басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир…

0
0
221

«Сарыарқа» Саратов командасын ойсырата ұтты

Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы

Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Кристалл» (Ресей, Саратов) командасын ойсырата ұтты. Есеп — 5:0.

Матчтың бірінші кезеңінде «Сарыарқаның» хоккейшілері қарсыластың қақпасына үш бірдей шайба салып, алға шықты. Екінші кезеңде Константин Макаров дубль жасаса, үшінші кезеңде Кирилл Лебедев қарағандылық клубтың басымдығын ұлғайтты. Бұл ойында алғашқы шайба бір ойыншыға артық құрамда соғылды. Ал қалған төртеуін «Сарыарқа» тең жүріп, сала білді. Қорытынды есеп — 5:0.

Осы ойыннан кейін «Сарыарқа» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, барлығы 40 ұпаймен жетінші орнын сақтап қалды. Ал «Кристалл» хоккей клубы он алтыншы орынға сырғыды

0
0
401

Қазақстандық Дания Тілеумбетова бодибилдинг бойынша әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Дания Тілеумбетова

13 қарашадан бастап 17  қарашаға дейін Будапештте (Венгрия) әлемнің 41 елінен келген спортшылар қатысқан бодибилдинг және фитнес бойынша әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Аталған спорт түрі тарихында тұңғыш рет отандық спортшымыз әлем чемпионатында құрмет тұғырының жоғарғы сатысына көтерілді. Мұндай айтулы жетістікке «Модель-физик» санатында Дания Тілеумбетова қол жеткізді. Ол жартылай финалды оңай еңсеріп, бес финалистің қатарына енді. Ал финалда алдына жан салған жоқ.

Дания қыркүйек айында Вьетнамда Азия чемпионатын жеңіп алған. Спортшы Алматыда тұрады, жұмысы да сонда. «Фитнес-блиц» фитнес клубында жаттығады.

0
0
276