Қ.Көшербаев «Қайсар» футбол клубына сыйлық беруге уәде етті
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Қайсар» футбол клубына сыйлық беруге уәде етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Қайсар» Бірінші лигада алғашқы орынға ие болып, Премьер-лигаға өтті. Онда бәсекелестік арта түседі, — деді әкім спортшылармен кездесуінде. – Онда сенімсіздік деген болмау керек. Менің ойымша, «Қайсар» Премьер-лигада жақсы ойын көрсетеді. Біздің тарапымыздан да спортшыларға барлық жағдай жасалуда. Алдағы жылы біз 3000 орынға арналған жаңа, төбесі жабық стадионның құрылысын бастаймыз. Біз спортшыларға сыйлық ретінде жаңа стадион саламыз».

