Спортшылар үшін де мемлекеттік рәміздердің маңызы зор. Өйткені елдегі, әлемдегі додалар кезінде жеңіске жетсе, сол мемлекеттің Әнұраны ойналып, Туы биікке көтеріледі. Бұл туралы еркін күрестен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, ересектер арасында әлем және Азия біріншілігінің қола жүлдегері Екатерина Ларионова мәлім етті. Оның айтуынша, жеңіс тұғырына көтерілген сәтте алатын әсер айрықша. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. «Жеңімпаздың құрметіне көк байрақ көкке самғайды, жүрегіңді шымырлатып Әнұран шырқалады. Сондай кезде жүрегіңді Отаныңа деген мақтаныш сезімі кернейді. Тіпті көз жасыңа иелік ете алмай қалатын сәттер де болады. Мұның бәрін мен бір ғана сөзбен түсіндіре аламын. Ол — туып-өскен жеріңе, сенің жетістікке жетуіңе бар жағдайды жасаған…