Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Спортшылар үшін де мемлекеттік рәміздердің маңызы зор — Е.Ларионова

Спортшылар үшін де мемлекеттік рәміздердің маңызы зор. Өйткені елдегі, әлемдегі додалар кезінде жеңіске жетсе, сол мемлекеттің Әнұраны ойналып, Туы биікке көтеріледі. Бұл туралы еркін күрестен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, ересектер арасында әлем және Азия біріншілігінің қола жүлдегері Екатерина Ларионова мәлім етті.

Оның айтуынша, жеңіс тұғырына көтерілген сәтте алатын әсер айрықша. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

«Же­­ңім­­паз­дың құрметіне көк бай­­­рақ көк­ке самғайды, жү­ре­­­гің­­ді шы­мыр­латып Әнұран шыр­­қа­ла­ды. Сондай кезде жү­ре­гің­ді Отаныңа деген мақ­­та­ныш сезімі кернейді. Тіпті  көз жа­сы­ңа иелік ете ал­май қала­тын сәттер де бола­ды. Мұның бәрін мен бір ғана сөзбен түсіндіре аламын. Ол — туып-өскен жеріңе, се­нің жетістікке жетуіңе бар жағ­дайды жаса­ған еліңе деген ыстық сезім, ай­рықша адами сүйіспеншілік, махаббат. Сондықтан мен бар­ша қазақстандықтарды мем­­ле­кеттік рәміздерімізді құр­­мет­теуге шақыра отырып, өзіміз алдағы уақытта да еліміздің абыройы үшін халықаралық жарыстарда бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз», — деді Е.Ларионова.

 
 
0
0
344

Осы тақырып бойынша

Спортшылар үшін де мемлекеттік рәміздердің маңызы зор — Е.Ларионова - Yvision.kz