Месси, Неймар мен Роналду — Чемпиондар лигасының үздік шабуылшылары
«Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду, сондай-ақ «Барселона» форварды Лионель Месси мен Неймар Чемпиондар лигасының 2014/15 маусымындағы үздік шабуылшылар атанды, деп хабарлады sports.ru.
Аргентиналық, бразилиялық, португалиялықтың есебінде он-оннан гол соғылған. Атап өтсек, Месси мен Неймар Чемпиондар лигасында жеңіске жеткендер. Бразилиялық та финалдық матчта гол соқты.

