Мадридтің «Реал» клубына жаңа бапкер тағайындалды
Рафаэль Бенитес Мадридтің «Реал» футбол клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалды. AS-тің хабарлауынша, корольдік клуб пен испандық жаттықтырушының келісімшарт мерзімі 3 жылды құрайды. Р. Бенитестің жалақысы жылына 4 миллион еуро болмақ. Рафаэль Бенитесті «Реалдың» бас бапкері ретінде ресми таныстыру рәсімі ертең, 3 маусым күні өтеді деп хабарлануда. Естеріңізге сала кетейік, биылғы маусымда мадридтік «Реал» бірде-бір кубокке қол жеткізе алмаған соң, итальяндық Карло Анчелоттиді отставкаға жіберген еді. Испания чемпионатында команда екінші орын алса, Чемпиондар лигасында жартылай финалда сүрінді. Сондай-ақ ел кубогында да корольдік клуб алысқа бара алмады. Рафаэль Бенитес соңғы екі жыл бойы Италияда «Наполи» клубын жаттықтырған болатын. Бұған дейін ол «Валенсиямен» екі мәрте Испания че…


