Мигель Котто Дэниэль Гилді нокаутқа жіберді
Нью-Йоркте жаңа ғана WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыласы 34 жастағы пуэрторикандық Мигель Котто орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, өткен жылы қазақстандық нокаутқа жіберген 34 жастағы австралиялық Дэниэль Гилмен жұдырықтасты.
Котто жекпе-жекті сенімді түрде бастады. Соққы жасау үшін қашықтықты оңтайлы таңдай білді. Гил айқасты шиеленістіруге тырысқанымен, жылдамдығы бәсеңдеу болды да діттегеніне қол жеткізе алмай, әлекке түсті. Төртінші раундта біршама соққы алмасқаннан кейін, Гил сол бүйірден қуатты соққы жіберіп алды — нокдаун.
Ол орнынан тұра алды, алайда Котто қарқынын күшейте түсіп, оны қайта құлатты. Австралиялық боксшы орнынан тұрғанымен, төрешілер жекпе-жекті тоқтатты, деп хабарлайды sports.kz.
Басты сөздер: Спорт

