Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Зарина Дияс Қазақстан теннис федерациясымен келісім шартын үзген

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақ теннисшісі Зарина Дияс Қазақстан теннис федерациясымен келісім шартын үзгелі екі жыл болған. Бұл туралы ол vesti.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Мен екі жылдан бері Қазақстан теннис федерациясымен (ҚТФ) келісім шартта емеспін», — деді теннисші.
Демек, Зарина Диястың халықаралық жарыстарға қатысуын Қазақстан теннис федерациясы қаржыландырмайды.
ҚТФ қаржыландыратын теннисшілер қатарына Ярослава Шведова, Галина Воскобоева, Юлия Путинцева, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев кіреді. Бұл спортшылардың барлығы Ресейден келген, деп жазады alaman.kz.

0
0
241

Қызылордалықтардың шайбалы хоккей саңлақтары атануы ғажап емес

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат — Қызылордалықтар үшін шайбалы хоккеймен кәсіби түрде айналысуға осы уақытқа дейін мүмкіндік болмай келген еді. Енді, міне таяуда қаладағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде шайбалы хоккейден бөлімше ашылып, оған хоккейдің қыр-сырына қанық білікті бапкер Талғат Әкімжанов жетекшілік жасайтын болды. Ол 2006-2008 жылдары Алматы қаласының «Достық», 2009-2011 жылдары Астана қаласының «Барыс», 2011-2013 жылдары Ақтау қаласының «Каспий» және «Мұнайшы» хоккей клубтарында аға жаттықтырушы қызметтерін атқарған. Т. Әкімжанов шайбалы хоккейден ҚР спорт шебері. 1989 жылы жасөспірімдер арасында КСРО чемпионы, 1991 жылы жасөспірімдер арасында ТМД елдерінің чемпионы, 1992-1994 жылдарда Өскемен қаласының «Торпедо-2», 1999-2004 жылдарда Астана қаласының «Барыс» командасында ойнаған болатын.…

0
0
627

Сочиде конькишi Кузин 1000 метрлiк қашықтықта бiрiншi келдi

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық конькишi Денис Кузин Сочиде өткен бақылау жарысының 1000 метрлiк сайысында алдына жан салған жоқ, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол мың метрлiктi 1 минут 9,85 секунда жүгiрiп өттi. Екiншi орында Барт Свингс (1.10,97)  келдi. Мәренiң сызығын  үшінші болып ресейлiк Алексей Суворов (1.11,23) кестi.

25 жасар Кузин 1000 метрде 2013 жылдың әлем чемпионы екендiгiн еске саламыз.

Айта кетейiк, бұл күнi әйелдер арасында қазақстандық спортшы Екатерина Айдова осы қашықтықта екiншi (1.17,67) болды.

0
0
342

Геннадий Головкин Осуману Адаманы айқын басымдылықпен жеңді

Миллиондаған қазақстандық жанкүйерлерді Геннадий Головкин тағы бір жеңісімен қуантты. Ол Монакода болған кезекті жекпе-жегінде Гана елінің былғары қолғап шебері Осуману Адаманы айқын басымдылықпен жеңіп, орта салмақта WBA нұсқасы бойынша оныншы рет және IBO нұсқасы бойынша жетінші рет әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Кездесудің алғашқы минутынан-ақ Геннадий Головкин қарсыласын үсті-үстіне соққының астына алды. Бірінші раундтың соңғы секундтарында Осуману Адама шаршы алаңның төрінде есеңгіреп жатты. Бұдан кейін де жерлесіміз қарсыласын үздіксіз соққының астына алды. Соның нәтижесі болар, ганалық боксшы тағы екі рет нокдаунға түсті. Ал жетінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Сонымен Геннадий Головкин кәсіби бокстағы кезекті кездесуін техникалық нокаутпен аяқтады. Бұл ай…

0
0
480

Олимпиада алауын алып жүретіндердің есімдері белгілі болды

2006 жылы өткен айдында билеуден Олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Татьяна Навка 6 ақпанда Сочиде 2014 жылғы ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарының эстафетасында алғашқы алау ұстаушы болмақ, деп хабарлайды спорт жаңалықтары агенттігі Р-Спорт. Эстафета мәре сызығына 5-7 ақпан күндері шығады. 5 ақпан күні Олимпиада алауы Бүкілресейлік «Орленок» балалар орталығы, Лазаревское, Адлер және Красная поляна шипажай аймақтары арқылы өтіп, 6-7 ақпан күндері Сочи қаласына жетеді. Олимпиада алауы эстафетасының коммуникациялық қызметінен «Р-Спорт» агенттігіне хабарлағандай, Навка Сочидегі теміржол бекетінен 6 ақпан күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 11.00-де шығады. Бұл күнгі факел ұстаушылардың ішінде сондай-ақ әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенконың жұбайы Яна Рудовская, ғарышкер Сергей Крикалев…

0
0
359

Қанат Ислам: «Астана арландарына» қайтып оралмаймын

«Астана» президенттік клубына қосылсаң, «Арландар» сапына қайта қабылдауға дайынбыз, деп Бақтияр Артаев арнайы кездесіп, ұсыныстарын айтты. Бақтияр ғана емес, «Астана арландары» кәсіби бокс клубының директоры Болат Манкенов ағамыз да қайта келуімді сұраған. Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдамаға таласуыма мүмкіндік бар екенін де айтты. Мен бас тарттым, — дейді боксшы Қанат Ислам «Sport» басылымына берген сұхбатында. Бұл туралы alaman.kz сайты жазады. Сайтта сондай-ақ соңғы кездері бокс жанкүйерлері арасында «Қанат Исламның «Арландар» сапына қайтып оралуы мүмкін», деген әңгіменің жиі айтылып жүргені туралы жазылған. «Өздеріңізге белгілі, мен қазір кәсіпқой бокста жүрмін. Бір жылда 16 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеттім. Оның 14-і нокдаун, 2-уі нокаут. 15-ші кездесуімде колумбиялық Э…

0
0
341

Қазақстандық палуандар АҚШ-та өткен турнирде бірінші орынды олжалады

Қазақстандық грек-рим күресінің өкілдері АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласында өткен «Дейв Шульцтің мемориалы» атты XVI халықаралық турнирде жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді. Бұл туралы Қазақстанның Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы хабарлайды. Федерацияның мәліметінше, 13 палуаннан құралған біздің команданың мүшелері 7 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен. Таңат Сағындықов бастап барған команда өз қоржынына 2 күміс, 2 қола медаль салған. 59 келі салмақтағы палуанымыз Мейрамбек Айнағұлов Жапония, АҚШ, Қытай спортшыларынан басым түсіп, финалдық жолдамаға арналған жекпе-жекте ғана тізе бүккен. Ал 71 келі салмақтағы Асхат Жаңбыров қола жүлде иеленсе, 80 келі салмақтағы Азамат Күстібаев күміс медальді қанжығасына байлады. 98 келідегі Ерұлан Ысқақов болса, финал…

0
0
1047

Қазақстан құрамасы бендиден Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасы бендиден

Ресейдің Иркутск қаласында өткен бендиден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы alaman.kz хабарлады.

Сайттың мәліметінше, біздің құрама үшінші орын үшін өткен кездесуде Финляндияны ұтты — есеп 5:3.

Қазақстан жартылай финалда Швецияға жол берген, есеп — 3:4. Ресей мен Швеция алтынға таласқан додада ресейліктер жеңіс тұғырынан көрінді. Әлемдік деңгейдегі бәсекенің қола жүлдесін Қазақстан осымен бесінші рет иеленіп отыр.

   
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Әбу-Асқар Мекешұлы
0
0
315

«Astana Arlans» мексикалықтармен жекпе-жекке шығатын саңлақтарын жариялады

Қазақстандық «Astana Arlans» келесі кездесуін «Mexico Guerreros» командасымен өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Осыған орай астаналық клуб аталмыш кездесуге өз боксшыларын сайлап қойды. 52 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Мирас Жақыпов мексикалық боксшы Элиас Эмигдиомен шаршы алаңға шығады. «Арландар» капитаны Самат Башенов 60 келі салмақта Линдолфо Дельгадо Гарзаға қарсы жұдырықтасса, 69 келіде Манат Әмірзақов Марвин Кабрерамен күш сынасады. Ауыр салмақтарда Astana Arlans намысын екі хорватиялық алып қорғамақ. 81 келіде Хрвое Сеп мексикалық клубтың легионері Петр Чебанумен жекпе-жекке шығады. Ал аса ауыр салмақта Филипп Хргович қарсыласы Херардо Мигель Бисбальмен жұдырықтаспақ. Матч 7 ақпанда Мексикада өтеді. Оған дейін «Астана Арландары» өз жерінде 1 ақпан күні Russian Boxing Team ко…

0
0
254

Допты хоккей: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты

Допты хоккей: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты
Иркутск қаласында допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалда АҚШ құрамасын бет қаратпай жеңді.

Бірінші таймда Алексей Никишовтың шәкірттері жауапсыз бес доп салса, ойынның екінші кезеңі 6:3 болып аяқталды. Жалпы есеп — 11:3.

Қазақстан құрамасы 1 ақпан күні жартылай финалда Швеция — Белоруссия жұбының жеңімпазымен кездеседі. Әрине, бұл жерде әлемнің әлденеше рет чемпионы — шведтердің бәсі басым. Қазақстандықтардың қарсыласы да сол болары анық.

ОРАЛ. ҚазАқпарат -Автор: Елжан Ералы
0
0
451