«Манчестер Сити» «Тоттенхэмді» жеңіп, Англия чемпионатының көш басына шықты
Англияда Премьер-Лига футбол командалары арасындағы орталық кездесу «Уайт Харт Лэйн» аренасында өтті, деп хабарлайды РБК. «Тоттенхэм» футболшылары «Манчестер Ситиге» қонаққа келген болатын. Пеллегрини басқаратын команданы соңғы кездері «Барселона» және «Бавария» клубтарымен салыстыруда. Шынымен де, Англияның экс-чемпионы «Манчестер Сити» кейінгі кездері қарсыластан қарсылас шақ келтірмей, тамаша нәтижелер көрсетіп жүр. Бірақ «Тоттенхэм» жанкүйерлері кездесу алдында жеңістен үмітті болатын. Себебі Тим Шервуд командасы да соңғы ойындарда жеңіліс көрмеген болатын. Дегенмен «Манчестер Сити» келді де жеңісті жұлып әкетті. Осылайша «Сити» чемпиондық атаққа тағы бір қадам жақындай түсті. Мануэль Пеллегрини ойынның бірінші минуттарынан-ақ оны тек жеңіс қана қанағаттандыратынын көрсетті. Чилилік б…




