Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Сочи-2014: Шаңғы жарысынан Қазақстан командасы 13-орында

СОЧИ. ҚазАқпарат — Шаңғы жарысынан ерлер арасында 4х10 шақырымдық эстафетада Қазақстан командасы 13-орынды місе тұтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Жарысқа 16 команда қатысты. Ереже бойынша әр қатысушы 10 шақырым жүріп өтіп, эстафетаны құраманың келесі мүшесіне беруі тиіс. Жарысты Денис Волотка бастады, ол тіпті он шақырымдық қашықтықтың ортасында алдыңғы шептен көрінді. Алайда соңына қарай Денис Сергей Черепановқа эстафетаны тоғызыншы болып берді. Сергей өз дистанциясында Денистің нәтижесін жақсарта алмады, ол Евгений Величкоға эстафетаны он екінші болып жеткізді. Евгений болса соңғы қалған спортшы Марк Старостинға эстафетаны жеткізу кезінде нәтижені бір сатыға төмендетіп алды. Марк осы нәтижені сақтай отырып, жарысты аяқтады. Бұл сайыста бірінші орынды шведтер командасы алды, ал…

0
0
348

Олимпиаданың медальдік есебінің көшбасшылары, 6-күн

АСТАНА. ҚазАқпарат — Сочидегі ХХІІ қысқы Олимпиадалық ойындардың алтыншы күні аяқталды.

Сочидегі қысқы Олимпиадалық ойындардың ресми сайтында хабарланғанындай, 13 ақпандағы жарыстардың қорытындысымен: бірінші орынға 10 медальмен (7 алтын, 2 күміс, 1 қола) Германия жайғасты, екінші орында — 10 медальмен (4 алтын, 4 күміс, 2 қола) канадалықтар, үшінші орынға — 13 медальмен (4 алтын, 3 күміс, 6 қола марапат) норвегиялықтар, төртінші орынға — 12 медальмен (4 алтын, 3 күміс және 5 қола марапат) голландтықтар, бесінші орынға — 12 медальмен (4 алтын, 2 күміс, 6 қола марапат) АҚШ құрамасы ие болды. Ақ Олимпиада-2014 қожайындары — Ресей 11 медальмен (2 алтын, 5 күміс марапат, 4 қола) жетінші орынды иеленді. Қазақстан құрамасында — әзірге медальдар жоқ.

Басты сөздер: ОлимпиадаСпорт
0
0
337

Қазақстандықтардың 13 ақпандағы Олимпиададағы ойындарының қорытындылары

АСТАНА. ҚазАқпарат — Сочидегі Олимпиадада 13 ақпанда қазақстандық спортшылар бес түрлі жарыстарға қатысты, деп хабарладыSports.kz. Сөреге алғашқы болып 10 шақырымдық қашықтыққа шаңғышылар шықты. Қазақстаннан оған Татьяна Осипова, Елена Коломина және Анастасья Слонова қатысты. Ең жақсы нәтиже — 36-шы орынға табан тіреген Коломина ие болды, Слонова — 46-шы, Осипова 52-ші орынды қанағат тұтты. Шорт-тректен құрамында Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Денис Никиша және Нұрберген Жұмағазиев бар Қазақстан командасы АҚШ, Оңтүстік Корея және Голландия өкілдерімен бірге 5000 метрлік эстафетаның жартылай финалына қатысты. Жарыс қорытындысымен біздің шорт-трекшілер төрттікте голландиялықтарға ғана жол беріп, екінші орынды иеленіп, финалға шықты. Конькимен жүгіру спортында 1000 метрлік қашықтыққа әйелд…

0
0
269

Денис Тен — мәнерлеп сырғанаушылардың әлемдік рейтингісінде бесінші орында

АСТАНА. ҚазАқпарат — 2013/2014 маусымдағы әлемдік рейтингіде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 5 орында. Бүгін Сочиде күштілер ондығына кіретін спортшылардан қысқа бағдарламада Олимпиада мұз айдынына Теннен басқа тағы 6 мәнерлеп сырғанау шеберлері шығады, деп хабарлады Sports.kz. olympic.khabar.kz ақпаратына қарағанда, Денис Теннің атақты қарсыластарының арасында — әлемдік рейтингіде бірінші орында тұрған, 2013-2014 маусымдағы Гран при финалының жеңімпазы Юдзуру Ханю, үш мәрте әлем чемпионы Патрик Чан, Еуропа-2013 чемпионы, Әлем чемпионаты-2013 қола жүлдегері Хавьер Фернандес, Олимпиада-2010 қола жүлдегері Дайсукэ Такахаси, Тацуки Матида және Михал Бржезина бар. 1. Юдзуру Ханю (Жапония) — 4558 ұпай 2. Патрик Чан (Канада) — 4368 3. Хавьер Фернандес (Испания) -3903 ұпай 4. Дайсукэ…

0
0
400

Евгений Плющенко спорттық мансабын аяқтағанын ресми жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенко бейсенбі күні Сочиде спорттық мансабын аяқтағаны жөнінде ресми мәлімдеді. Танымал спортшы жарақатына байланысты Олимпиаданың ерлер арасындағы жекелей турнирінен шығып қалғаннан кейін осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады Р-Спорт.

Сонымен қатар ол мәнерлеп сырғанауда қалатынын, шоуда өнер көрсететінін айтты, қазір спортшы жаңа  бағдарламасын әзірлеуде.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
0
0
292

Сочидегі Олимпиада: Қазақстандық биатлоншы Ян Савиций 20 шақырымдық жекелей жарыста 20-шы болып келді

СОЧИ. ҚазАқпарат — Қазақстандық биатлоншылар 20 шақырымдық жекелей жарыста ойындарын аяқтады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі Сочидегі ХХІІ қысқы Олимпиададан.

Ян Савицкий біздің спортшылар арасында басқалардан жақсырақ уақыт көрсетті — ол көшбасшыдан 2  минут 24,1 секунд кейін қалып, 52 минут нәтижемен 20-шы орынға шықты. Одан кейін Антон Пантов қашықтықты 52 минут 51,5 секундта еңсеріп, 27 орынға тұрақтады. Сергей Наумик 58 минут 03,2 секундтық нәтижемен 76-шы болып келді.

20 шақырымдық қашықтықта «алтынды» француз Мартен Фуркад, «күмісті» — Эрик Лессер, «қоланы» — Евгений Гараничев қоржынға салды.

Басты сөздер: ОлимпиадаСпорт
0
0
244

Астанада «Реалдың» академиясы ашылуы мүмкін

Астанада мадридтік «Реал» командасының футбол академиясы ашылуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы «Астана» командасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды дейді Tengrinews.kz. Осы мәселеге байланысты кеше Астана футбол федерациясы мен «корольдік клуб» басшылары арасында келіссөз өткізілді. Кездесу Астанада өткен. Мадридтіктердің сапынан бұл жиынға клубтың техникалық директоры Пабло Гомес Ревенга мен команданың оқыту жүйесіне жауапты Мануель Паррено Родригес қатысты. Келіссөз барысында алға қойылған басты мақсат – «Реал» командасының академиясын Астанада ашу болды. Бірақ, жиында қос тарап қандай шешімге келгені белгісіз. Айта кетейік, бүгінде «Реал» академиясы әлемнің 68 елінде жұмыс істеп жатыр. Тектес:Астана, Реал Мадрид, Футбол Осы жердесіз: Негізгі бет » Спорт » Спорт…

0
0
612

Елсияр Қанағатов: «Галышеваның спортта қалуына барлық жағдайды жасаймыз»

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышеваның спортта қалып, әрі қарай жаттығуына барлық жағдай жасалынады. Бұл туралы ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігінің төраға орынбасары Елсияр Қанағатов BNews.kz сайтына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz «Фристайл спортының могул түрінен жүлде аламыз деп жоспарладық. Галышеваны төрешілер әділетсіз бағалады. Мен шағым жазып, жағдайды соңына дейін анықтадым. Бірақ, маған төрешілердің ұпайына шағым жазылмайтындығын айтты. Олар қалай шешсе, солай болады екен. Басқа жолы жоқ», — деді Елсияр Қанағатов Сондай-ақ, агенттіктің төраға орынбасары Галышеваның спорттан кетемін деп айтқаны асығыс шешім екенін де айта өтті. «Юлия «спорттан кетемін» деп эмоцияға беріліп асығыс айтып қойған сияқты. Бұл мәселе тұрғысында біз облыстық басшылықпен келі…

0
0
662

Денис Кузин жүлдесіз қалды

Осыдан бірер минут бұрын Сочи Олимпиадасында конькимен жүгіру спортынан ерлер арасындағы 1000 метрлік бәйге аяқталды. Өкінішке қарай, сенім артқан серкеміз Денис Кузин жүлдеге маңайлай алмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Шыны керек, Денистің орнынан қозғалуының өзі соншалықты шапшаң болмады. Қанша тырысып, қарқынын үдетуге тырысқанымен, бағы жанбады. Бұйырғаны – 7-орын ғана… Уақыты – 1.09,10. Бұл қашықтықта тағы да Голландия дүлдүлдерінің жұлдызы жарқырап жанды. Стефан Гротхейс (1.08,39) алтынмен апталып, Олимпиада чемпионы атанды. Оның отандасы Михел Мюлдер (1.08,74) қола жүлдеге қол жеткізді. Осы екеуінің арасына «сына» қағып, күміс жүлдені Канада конькишісі Денни Моррисон (1.08,43) еншіледі. Бұл қашықтықта Денистен бөлек тағы екі конькишіміз сынға түсіп, Роман Креч (1.09,63) 13-орынғ…

0
0
347

Сочидегі Олимпиада: 13 ақпанда қазақстандықтар Денис Тенге жанкүйер болады

СОЧИ. ҚазАқпарат — Сочидегі кезекті олимпиадалық күн қазақстандықтар үшін Астана уақытымен сағат 16.00-да «Лаура» шаңғы және биатлон кешеніндегі сайыстармен басталады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. 10 шақырымдық классикалық стильдегі шаңғы жарысына біздің спортшыларымыз Татьяна Осипова, Елена Коломина және Анастасия Сломина қатысады. Марафонға барлығы 76 спортшы шығады. Бүгін алғашқы командалық жарыстар белгіленіп отыр. Құрамында Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Аслан Даумов, Нұрберген Жұмағазиев және Денис Никиша бар шорт-трек спортшылары 5000 метрлік эстафетаға шығады. Шорт-трек — конькимен шапшаң жүгіру түрі, онда спортшылар ұзындығы 111,2 метрлік сопақша мұз жолының үстімен жарыс қашықтығын барынша шапшаң еңсеруі тиіс. Эстафетаға төрт спортшыдан сегіз команда қатысады. Әрбір коман…

0
0
231