Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

СОЧИ-2014: Шорт-тректен қазақстандық спортшылар 5000 метрлік финалдық эстафетаға шығады

Шорт-тректен қазақстандық спортшылар

Шорт-тректен қазақстандық спортшылар бүгін 5000 метрлік финалдық эстафетаға шығады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Топқа 5 спортшы — Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Аслан Дәуімов, Нұрберген Жумағазиев және Денис Никиша кіреді. Жарыс «Айсберг» Спорт сарайында Астана уақытымен түнгі сағат 12-де басталады.
Оған дейін қазақстандық биатлоншылар соңғы жарысқа шығады. Эстафетада біздің 4 спортшымыз — Галина Вишневская, Елена Хрусталева, Дарья Усанова, Марина Лебедева қатысады. Олардың әрқайсысы 6 шақырымды бағындыруы тиіс. Жарыс шаңғы және биатлон жарыстары бойынша «Лаура» кешенінде сағат 20:30-да басталады.

   

СОЧИ. ҚазАқпарат

0
0
271

Қазақ боксшылары төрт ел турнирiнiң жеңiмпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстанның бокс құрамасы Астанада өткен төрт ел турнирiнiң жеңiмпазы атанды.

Соңғы кездесуде бүгiн ұлттық құрама Ресей командасымен жұдырықтасып, 7:3 есебiмен басым түстi. Бұның алдында қазақстандық боксшылар Өзбекстан құрамасын 7:3 есебiмен, Ұлыбритания командасын 8:2 есебiмен тiзе бүктiрген болатын.

Құрама командалардың қатарында әлем чемпионаттарының бiрнеше дүркiн жүлдегерлерi, өз елдерiнiң ең мықты боксшылары кiргенiн айта кетейiк. Қазақстан сапында Бiржан Жақыпов, Ерлан Тамемов, Қайрат Ералиев, Берiк Әбдiрахманов, Алмасбек Әлiбеков, Айдар Әмiрзақов, Данияр Елеусiнов, Сапарбай Айдаров, Әдiлбек Ниязымбетов, Жан Кособуцкий сынды спортшылар өнер көрсеттi.

Басты сөздер: Спорт
0
0
722

Сочи Олимпиадасы: Полторанин мен Чеботько командалық спринтте 8-орын алды

СОЧИ. ҚазАқпарат — Қазақстандық шаңғышылар Алексей Полторанин мен Николай Чеботько Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарында командалық спринт бойынша 8-орынға табан тіреді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі.

Олар 6 айналымдық жарыс жолында 24:01.38 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесті.  Бұл сында 23:14.89 үздік уақыт көрсеткен Финляндия спортышларының мерейі үстем болды. Күміс медаль Ресей спортшыларына бұйырды, ал үшінші орынға шведтер жайғасты.

Еске сала кетейік, 2013 жылы Италияда өткен әлем чемпионатында қазақстандық қос шаңғышы командалық спринтте қола медаль иеленген болатын. Сочиде осы сында 23 команда қатысты.

Басты сөздер: ОлимпиадаСпорт
0
0
269

Конькишi Роман Креч ел үмiтiн ақтай алмаған спортшыларға араша түстi

СОЧИ. ҚазАқпарат — Сочи Олимпиадасында 500 метрлiк сайыста 7-орын алған қазақстандық конькишi Роман Креч, ел үмiтiн ақтамаған спортшыларға араша түстi. «Спорт басшыларына, жанкүйерлерге және журналистерге ең алдымен асығыс қортынды жасамауды, сонымен қатар үмiт күттiрген спортшыларды Олимпиададағы сәтсiздiктерiне бола жазғырмауды сұраймын. Себебi бiздiң барлығымыз ет пен сүйектен жаратылған адамбыз, бәрiнен жақсы бiлетiн өз iсiңде сүрiну қандай қиын екендiгiн бiлемiз. Қателiктердiң арқасында үйренемiз. Осындай қиындықтар спортшыларды шыңдай түседi. Барша қауым сенен жүлде күтiп, спортшыларға қосымша жауапкершiлiк артқан тұста, жүйкеге үлкен ауыртпалық түседi», — дедi ол бүгiн Сочидегi қазақстандық спортшылардың үйiнде. Роман Креч бұл додада айтарлықтай көрсеткiштерге қол жеткiздi. Одан ме…

0
0
328

Сочи-2014: Қазақстандық команда биатлоннан аралас эстафета бойынша 15-орында

СОЧИ. ҚазАқпарат — Қазақстандық команда биатлоннан аралас эстафета бойынша 15-орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпараттың» тілшісі.

Онда екі қазақстандық спортшы Елена Хрусталева мен Дарья Усанова алты шақырымды жүріп өтіп, эстафетаны 7,5 шақырымда жалғастыратын  Ян Савицкий мен Антон Пантовқа беру керек.

Алтын жүлдеге бұл сайыста норвегиялықтар ие болды. Күміс жүлдені чехтар иеленсе, қолаға итальяндықтар қол жеткізді.

 
Басты сөздер: ОлимпиадаСпорт
0
0
357

Австралиялық боксшы Дэниэл Гил Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат — 32 жастағы австралиялық боксшы өзінің отандасы 35 жастағы Гарт Вудты жеңгеннен кейін WBA и IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды. «Жігіттер, Головкин келесі қарсыласым болады деген сенімдемін. Мен тағы да қос чемпиондық титулды Австралияға әкелемін», деген Дэниэл Гилдің сөзін келтіреді Tofight.ru сайты. Оның отандасымен кездесуі Сиднейде өтті. Вуд үш рет — бірінші, бесінші және алтыншы раундта нокдаун алды. Төрешілер алтыншы раундтан соң жекпе-жекті тоқтатты. Айта кетер жайт, Дэниэл Гил 26 ақпанда кездесе де алар еді. Бірақ ол бұл жекпе-жек Австралияда көрсетілмейтін болған соң бас тартқан. Сондай-ақ австралиялық қарсыластарының бәрін сыпыра жеңген, 29 кездесудің 26-сын нокаутпен ұтқан қазақстандықпен…

0
0
288

Головкин биыл тағы үш жекпе-жек өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2014 жылы тағы үш жекпе-жек өткізеді, деп хабарлады Vesti.kz.

Бұл туралы оның промоутері Том Леффлер мәлімдеді, оның сөзін ВКонтакте әлеуметтік желісінде GGG тобы келтірген.

Таяудағы жекпе-жек 26 сәуірде өтпек, ал тағы екі жекпе-жек жазға және күздің соңына қарай белгіленген. Алайда қарсыластардың аты-жөндері айтылмаған.

Бұған қосарымыз, осы кезге дейін Головкиннің 26 сәуірдегі қарсыласының есімі аталған жоқ.

Еске сала кетейік, қазіргі кезде Головкин WBA/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. 26 сәуірдегі кездесу Нью-Йоркте өтеді. Ол GGG үшін кәсіби рингтегі 30-шы кездесу болмақ. Қазақстандық осы кезге дейін бірде-бір рет жеңілместен келеді, соның ішінде 26 рет қарсыласын нокаутқа жіберді.

Басты сөздер: Спорт
0
0
286

Сочи Олимпиадасы: Дмитрий Бабенко 10 шақырымдық жарыста 12-орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат — 28 жасар қазақстандық конькиші Дмитрий Бабенко Сочидегі Ақ Олимпиаданың 10 шақырымдық жарыс жолына шығып, 12-орынға табан тіреді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Ол бұл сайыста 13 минут 33,18 секунд көрсеткішімен мәре сызығын кесіп, көшбасшыдан 48,73 секундқа қалып қойды. Барлық мінбеге голландық конькишілер мінді. 12 минут 44,45 секунд уақытымен  олимпиадалық рекордты жаңартқан Йорит Бергсма бірінші орын алса, Свен Крамер күміс жүлдені қанжығасына байлады. Тағы бір Голландия спортшысы Боб де Йонг үшінші орынға ие болды.

Бұның алдында Д.Бабенко 5000 метрлік қашықтықта 15-орын, 1500 метрлік сайыста 30-орынға табан тіреген болатын.

Басты сөздер: ОлимпиадаСпорт
0
0
336

Сочи Олимпиадасы: Инна Симонова 1000 метрлік жарыстың жартылай финалына өте алмады

СОЧИ. ҚазАқпарат — 23 жасар шорт-трекші Инна Симонова Сочи Олимпиадасында 1000 метрлік жарыстың жартылай финалына өте алмады.

Ол екінші төрттік құрамында Корея, Польша және АҚШ спортшыларымен бірге жарыс жолына шыққан болатын. Сайыстың орта тұсында америкалық Эмили Скотт пен польшалық Катерина Новотка бір-біріне соғылып құлап қалды. Иннаға екінші орын алып, келесі турға өту мүмкіндігі туды. Алайда жерлесімізді америкалық спортшы басып озып, мәреге екінші келді. Жартылай финалға кореялық Сын Хи Пак пен Эмили Скотт өтті.

Симонова Олимпиадада 500 және 1500 метр шақырымдық жарыстарға қатысқан болатын. Дегенмен ол сайыстарда жүлделі орынға іліккен жоқ.

 
Басты сөздер: СпортОлимпиада
0
0
271

Плющенко келесі Олимпиадаға қатысуға бел буды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Жарақатына байланысты Сочи Олимпиадасындағы бәсекесін тоқтатқан ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенко спортқа қайта оралмақ ниетте.

«Қазір мен жарысты жалғастыруды ойлап жүрмін. Бесінші Олимпиадаға қатыспаймын деп үзілді-кесілді айтпаймын»,- деді Плющенко «Бірінші арна» эфирінде.

Еске сала кетсек, Плющенко жарақатына байланысты Олимпиададағы бәсекесін тоқтатқан  еді. Екі дүркін олимпиада жеңімпазы қысқа бағдарлама бойынша жарысқа шығар алдында арқасын жарақаттап алды. Сол күні ол өзінің спорттық мансабын аяқтағандығын мәлімдеген болатын.

Басты сөздер: Әлем
0
0
231