Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Сочи Олимпиадасы: Шорт-тректен 500 метр қашықтықта бақ сынаған қазақстандықтар ширек финалға өтпеді

СОЧИ. ҚазАқпарат — Шорт-тректен 500 метр қашықтықта бақ сынаған қазақстандықтар ширек финалға өтпеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.

Айта кетейік, осыған дейін олар командалық спринтке қатысып, финалға жолдама алған. Батыс Қазақстан облысының тумасы 20 жастағы Айдар Бекжанов жарыс жолына бесінші болып шыққан. Ол мәреге үшінші болып жетті.

Ал 23 жастағы батысқазақстандық Нұрберген Жұмағазиев жарыс жолына  венгриялық, голландиялық және қытайлық спортшылармен бірге алтыншы болып шықты. Алайда Жұмағазиев бұл топта төртінші келді.

Естеріңізге сала кетейік, іріктеу сынынан өту үшін бірінші және екінші орындарға ие болу қажет еді.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
0
0
409

Бас бапкер Юрий Красножан Қазақстан футбол құрамасының кеңейтілген құрамын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бас бапкер Юрий Красножан Қазақстан футбол құрамасының кеңейтілген құрамын жариялады, деп хабарлайды Қазақстанның футбол федерациясы. Сонымен, қақпашылар: Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер» Қарағанды), Владимир Логиновский («Астана»), Антон Цирин («Атырау»). Қорғаушылар: Елдос Ахметов («Астана»), Марк Гурман («Қайрат», Алматы), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Виктор Дмитренко («Астана»), Ренат Абдулин («Атырау»), Валентин Чуреев («Атырау»), Захар Коробов («Жетісу», Талдықорған), Константин Энгель («Ингольштадт», Германия), Сергей Малый («Шахтер», Қарағанды). Жартылай қорғаушылар: Марат Шахметов («Астана»), Серікжан Мұжықов («Астана»), Жамбыл Көкеев («Қайрат», Алматы), Азат Нұрғалиев («Ордабасы», Шымкент), Ұлан Қонысбаев («Шахтер», Қарағанды), Андрей…

0
0
263

БОКС: Қазақстан боксшылары Өзбекстан құрамасын ойсырата жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астанада бокстан төрт ел құрама командаларының матчтық кездесулері жалғасуда. Бұл сында биыл Қазақстан, Өзбекстан, Ұлыбритания және Ресей ұлттық құрамалары бақтарын сынап жатыр. Кеше, 17 ақпан күні бокстан төрт ел матчтық кездесуі аясында Қазақстан құрамасы Өзбекстан боксшыларымен жұдырықтасып, қарсыластарын 7:3 есебімен ойсырата жеңді. «Жастар» сарайында өткен турнирде ең алдымен Ұлыбритания мен Ресей құрамалары өзара сынға түскен болатын. Бұл сайыста орыс спортшылары қарсыластарынан 3:7 есебімен басым түсті. Бүгін боксшылар демалады. 19 ақпанда — турнирдің соңғы күнінде Ұлыбритания Өзбекстан құрамасымен қолғап түйістірсе, Қазақстанның гүрзі жұдырық жігіттері Ресей спортшыларымен күш сынасады. Үлкен танымалдылыққа ие болған жарыс биыл осымен төртiншi жыл өткiзiліп от…

0
0
910

Сочи Олимпиадасы: Берестовский мен Іңкәрбек акробатика бойынша финалға өте алмады

СОЧИ. ҚазАқпарат — Қазақстандық фристайлшылар Сергей Берестовский мен Бағлан Іңкәрбек акробатика бойынша финалға өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Сочи Олимпиадасынан.

Олар екі біліктілік турниріне қатысып, біріншісінде, Сергей 16-орында, ал Бағлан 21-орында болды. Екіншісінде, олар сәйкесінше 11 және 13-орында тұрақтады. Әр турда финалға үздік нәтиже көрсеткен алғашқы алты спортшы өтеді. Екі турдың қорытындысы бойынша С. Берестовский 17-ші, Б. Іңкәрбек 19-шы орынға жайғасты.

Акробатика бойынша жарыстар квалификациялық және финалдық кезеңдерді қамтиды. Оның әрқайсысында спортшылар арнайы трамплиннен екі мәрте секіреді. Ақтық сайысқа аталған жарыстан ең жоғары балл жинағандар өтеді.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
0
0
298

Денис Тен — Eurosport телеарнасының қонағы

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан үшін осынау үлкен додада қола медаль алып бергеніме қуаныштымын. Бұл туралы жексенбі күні кешке Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Eurosport телеарнасының тікелей эфирінде сұхбат беру барысында мәлім етті. «Әрине, мен өз еліме қола жүлде жеңіп алғаныма қуаныштымын. Осы жарысқа төрт жыл тынбай дайындалдым. Қазақстандықтар және менің жанкүйерлерім үлкен қолдау айтуда. Әрине әлем чемпионатынан кейін психологиялық қысым болды, бірақ мен отандастарымның үмітін ақтағаныма қуанамын. Қазақстан үшін осынау үлкен додада қола медаль алып бергеніме қуаныштымын», — дейді ол. Оның айтуынша, Олимпиада барысында іштей үлкен жауапкершілікті сезінген. «Жарыстың екінші күнінде мен өз-өзіме қатты күш түсірмеуге тырыстым. Бұдан да үлкен қысым барын түсіндім. Жалпы жақс…

0
0
327

Қазақ боксшылары Ұлыбритания құрамасынан басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астанада бокстан төрт ел құрама командаларының матчтық кездесулері өтуде. Кеше, 16 ақпан күні басталған додада Өзбекстан құрамасы Ресей боксшыларынан 6:4 есебімен басым түсті. Қазақстан Ұлыбритания құрамасын 8:2 есебімен ойсырата жеңді. Бүгін, 17 ақпанда елордалық рингке Ұлыбритания мен Ресей боксшылары шығады. Ал сағат 17.00-де Ресей мен Қазақстан өзара бәсекеде мықтыны анықтайды. 18 ақпанда құрамалар демалады. 19 ақпан күні сағат 14.00-де Ұлыбритания мен Өзбекстан жұдырықтасады, 17.00-де Қазақстан мен Ресей боксшылары кездеседі. Үлкен танымалдылыққа ие болған жарыс биыл осымен төртiншi жыл өткiзiліп жатыр. Турнирге британиялық боксшылар алғаш рет қатысуда. Мұның алдында командалық кездесулерге әр жылдары Әзірбайжан, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Украина және Франция қ…

0
0
339

Астанада бокстан Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей және Өзбекстан құрама командаларының жекпе-жектерi басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгiн Астанада бокстан Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей және Өзбекстан құрама командаларының матчтық жекпе-жектерi басталды. Үлкен танымалдылыққа ие болған жарыс осымен төртiншi жыл өткiзiлуде. Турнирде британиялық боксшылар алғаш рет қатысуда. Бұның алдында командалық кездесулерге әр жылдары Әзірбайжан, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Украина және Франция құрамалары келiп, өзара жұдырық түйiстiрген болатын. Бокс сүйер қайым 19 ақпанға дейiн жалғасатын аталмыш матчтарды «Жастар» сарайында немесе Қазақстанның футбол федерациясының сайтынан онлайн режимде тамашалай алады. Бүгiн, 16 ақпанда Ресей-Өзбекстан, Ұлыбритания-Қазақстан матчтары өтедi. 17 ақпанда Ұлыбритания мен Ресей, Өзбекстан мен Қазақстан өзара қолғап түйiстiрмек. 19 ақпанда Ұлыбритания Өзбекстанмен, Ресей Қазақста…

0
0
272

Сочи Олимпиадасы: 17 ақпанда Қазақстан намысын дебютанттар қорғайды

СОЧИ. ҚазАқпарат — Бүгін, 17 ақпанда Сочидегі Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар тек фристайл-акробатика бойынша жарысқа шығады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Қазақстан атынан аталмыш жарыс түріне екі фристайлшы: Сергей Берестовский мен Бағлан Іңкәрбек шығады. Отандастарымыздың 21 қарсыласы бар, оның төртеуі Беларусь Республикасының спортшылары. Сайыс «Роза Хутор» экстрим-саябағында өтеді. Акробатика жарыстары біліктілік кезеңі және ақтық сыннан тұрады. Оның әрқайсында спортшылар арнайы трамплиннен екі рет секіруі керек. Финалға ең көп ұпай жинаған спортшы ғана өте алады. Іріктеу кезеңінде жинаған ұпайлар финалда есепке алынбайды. Төрешілер әр спортшының ойын мәнерінің техникалық жағынан қозғалыс күші мен секіріп, одан жерге қонуына дейінгі аралығын бағалап, ұпай береді.…

0
0
622

«Тобыл» футболшылары румыниялық клубтан жеңіліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы Румынияның «Клинчени» командасынан 0:2 есебімен ұтылды, деп хабарлайды «Тобыл» клубының ресми сайты. «Командалар бірінші таймды голсыз өткізді. Екінші кезеңде қарсыластар шаршаңқырап қалғанда, қауіпті сәттер көбейді. Осындай шабуылдарда румындық футболшылардың мерейі үстем болды», — делінген хабарламада. «Тобыл» үшінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады. «Клинченимен» болған матчта қостанайлықтардан 8 ойыншы қатысқан жоқ. Ненад Шливич пен Никола Тонев жарақаттардан кейін өздерінің алғашқы ойындарын өткізді. Екеуі де бір-бір таймнан доп тепті. «Келесі жиында біздің команда толық құраммен шығатын болады. Сол кезде ойыншылардың нәтижелерін көреміз», — дейді «Тобыл» клубының спорттық директоры Константин Гальченко. Автор: Жасұлан Жолдыбаев Басты с…

0
0
423

Сочидегі Олимпиада: Қазақстандық Екатерина Айдова 1500 метрлік қашықтықта 28-ші орында

СОЧИ. ҚазАқпарат — Конькимен 1500 метр қашықтыққа жүгіруден қазақстандық спортшы Екатериан Айдова 28-ші орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Ол ойын соңында 2 минут 0,93 секунд нәтижесін көрсетіп, жеңімпаздан 7,42 секундқа қалып қойды.

Бір қызығы, жеңістің барлық тұғырын, төртінші орынды қоса есептегенде, голланд спортшылары бағындырды. Алтын алқаны 53,51 секунд нәтижесімен олимпиаладық рекордты жаңартқан Йорин Тер Морс иеленді. Ал екінші мен үшінші орын оның жерлестері Ирен Вюст пен Лотте Ван Бекке бұйырды.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
0
0
219