Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Бакуде өткен халықаралық турнирден қазақстандық боксшылар олжалы оралды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық спортшылар Әзербайжан астанасы Баку қаласында 9 наурыз күні аяқталған ересектер арасындағы «Ұлы Жібек жолы-2014» халықаралық турнирінде бірден үш медальді — алтынды, күмісті және қоланы қанжығаларына байлады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлайды.

60 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі Закир Сафиуллин турнир жеңімпазы атанды. Күміс жүлдені Дәурен Елеусінов (81 кг) иеленсе, қола Сағадат Рахманқұловтың (69 кг) үлесіне тиді. Ал, Ерлан Тамемов (52 кг), Сапарбай Айдаров (75 кг) пен Нұржан Бекзатов (+91 кг) өкінішке орай, ширек финалда ұтылып қалды.

Бұл додаға барлығы 9 елден 130-дан астам спортшылар қатысты.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
401

Қазақстандық паралимпиадашы Александр Колядин мәреге 13-ші болып келді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бұл күндері Сочидегі Паралимпиада ойындарына қатысып жатқан қазақстандық шаңғышы Александр Колядин классикалық стильдегі 20 шақырымдық жарыста 13-ші орынды иеленді, деп хабарлайды «Қазақпарат» тілшісі.

Шаңғы жарысы мен биатлоннан жарыстар кешенінде Александр жетінші орынға шықты. Жарыс қортындысы бойынша ол жеңімпаздан 13 минут 05,2 секундқа қалып қойған.

Айта кетейік, Паралимпиаданың бұл жарысында алтын мен қола жүлдені ресейлік Рушан Миннегулов пен Владислав Лекомцев қанжығаларына байлады. Ал күміс алқа Илка Томистоға бұйырды.

 
Басты сөздер: ОлимпиадаСпорт
0
0
314

Головкин ақпан айының үздік боксшысы

WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин «Спорт-Экспресс» басылымының нұсқасы бойынша ақпан айының үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 2 ақпан күні Геннадий Головкин Монакода өткен Осуману Адамаға қарсы кездесуінде өзінің чемпиондық атағын сәтті қорғап қалған болатын. Бұл — қазақстандық боксшының шаршы алаңда өткізген 29 кездесудегі 29-ыншы жеңісі еді. Головкин оның 16 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Айта кетейік, «Спорт-Экспресс» басылымының нұсқасы бойынша Головкин — Адама кездесуі ақпан айының үздік жекпе-жегі деп те танылған. Ал, ертеректе Головкинге Бүкіл әлемдік бокс ассоциясы (WBA) қаңтар айының үздік боксшысы атағын берген. Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 26 сәуір күні өткізуі керек еді. Бірақ, әкесінің қа…

0
0
274

«Ертіс» командасының тізгінін эстониялық маман ұстады

Павлодарлық «Ертіс» футбол командасын алдағы маусымда Эстония құрамасының бұрынғы бапкері Тармо Рюютли жаттықтыратын болды. Бұл туралы эстониялық БАҚ өкілдері хабарлайды. «Келісім-шарттың көбі шешіліп қойды. Енді тек билет және виза мәселесі қалды. Қазақстанға дәл қай күні баратынымды айта алмаймын. Өйткені, Эстонияда футбол маусымы басталып қойды. Ал, ол жақта наурыздың ортасында ғана бірінші тур ойындары өтеді. Қарап отырсаңыздар, осыдан он жыл бұрын эстониялық бапкерлерге ешкім мұқтаж емес еді. Енді жағдай өзгерді. Біздің бапкерлердің көбі шет елдерде жұмыс істеп жатыр. Демек, бұл біздің деңгейіміздің өскенінің көрсеткіші. Командамен мен әлі толық таныс емеспін. Бірақ, командамен бірден танысып, қызу жұмысқа кірісу керектігін жақсы түсінемін», — дейді Рюютли DELFI басылымына берген сұх…

0
0
288

«Қайсар» командасына тағы екі ойыншы қосылды

Футболдан Премьер-лигаға қайта оралған қызылордалық «Қайсар» өз қатарын тағы екі ойыншымен толықтырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қызылордалық команданың сапына македониялық шабуылшы Душан Савич пен қазақстандық қорғаушы Алдан Балтеав қосылды. «Қайсар» басшылары екі ойыншымен де бір жылдық келісім-шартқа қол қойған. Душан Савич Югославияда дүниеге келген. Сербиялық «Црвена Звезда» командасының тәлімгері болып табылады. Осы уақытқа дейін румыниялық «Брашов», кореялық «Инчхон Юнайтед», өзбекстандық «Пахтакор», македониялық «Работнички» сынды командалардың сапында ойнаған. 2013 жылы футболшы «Волынь» командасының қатарында доп теуіп, 32 кездесуде 6 нәтижелі соққымен көзге түскен. Македония ұлттық құрамасының сапында тоғыз кездесуге қатысқан. Ал, Алдан Балтаев болса қызылордалықтарға жіті…

0
0
408

Қазақстан паралимпиадашылары Сочиде

Ертең Сочиде қысқы Паралимпиада ойындары басталады. Оған біздің елден тұңғыш рет бес спортшы қатысады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ел спорты тарихына көз жүгіртсек, қысқы Паралимпиада ойындарына алғаш рет 1994 жылы бір спортшымыз қатысқан. Содан бері біздің елге бір лицензия бөлініп жүрді. Ал Сочиде өтетін Паралимпиада ойындарына бес спортшымыз бірнеше лицензия жеңіп алды. Мұны соңғы жылдары кембағал спортшыларымызға қолдау көрсетіліп отырғандығының нәтижесі деп түсінеміз. Әрі Қазақстан ұлттық паралимпиадалық комитетінің де қажырлы еңбегін атап өтуге тиіспіз. Бір жылдан асты Қазақстан паралимпиадашыларын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, ҚР Спорт және денешынықтыру агенттігі де жан-жақты демеп-жебеп келеді. Қазақстан паралимпиадашылары Сочиге 1 наурызда барған. Содан бері жерсінуде…

0
0
332

Теннисші Зарина Дияс Қытайда ITF турирінің жартылайфиналына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Цюаньчжоу қаласында өтіп жатқан  ITF  турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда Дияс турнирдің жетінші ракеткасы қытайлық спортшы Кванг Вангті — 6:4, 1:6, 6:1 есебімен жеңді.

Жартылай сында қазақстандық теннисші өзінің бұрынғы жерлесі, қазір Ресей құрамасына қайта ауысқан Ксения Первакпен кездеседі. Ол ширек финалда қытайлық Ю-Фан Хуны — 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірген болатын.

Айта кетейік, турнирдің жалпы сыйақы қоры 50 мың АҚШ долларына тең.

 
0
0
268

Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында «Оскар» сыйлығы иегерінің мультфильмі көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат — Сочидегі Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында көпшілік назарына «Оскар» сыйлығының иегерінің мультфильмі көрсетіледі, деп жазады РБК.

Ресейлік мультипликатор Александр Петров аталмыш шара үшін  сиқырлы жалын құс туралы аңыз негізінде төрт бөлімнен тұратын мультипликациялық туындыны арнайы түсірді. Ертегідегі тауыс құс Ресейдің кең байтақ өлкесін шарлап, таулары мен өзендерінен, ормандары мен алқаптарынан асып, ең соңында «Фишт» стадионына келіп қонады.

Бұл шығарманың авторы А.Петров 2000 жылы «Шал мен теңіз» атты мультфильмі үшін американдық киноакадемияның «Оскар» сыйлығын иемденген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты Сочидегі «Фишт» стадионында 7 наурыз күні өтеді.

Басты сөздер: ОлимпиадаСпорт
0
0
320

Астанада теннис күні аталып өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Жыл сайын 3 наурызда ITF Халықаралық теннис федерациясының бастамасымен Дүниежүзілік теннис күні атап өтіледі. Аталған спорт түрінің елордалық әуесқойлары — 6-8 жастағы балалар да бұл мерекеден тыс қалған жоқ. «Дәулет» СК балаларға арналған іс-шара барысында кортта көңілді старт түріндегі 10 түрлі жарыс ұйымдастырылды. 150 астам жас теннисші өзара күш сынасты, ал ата-аналары жанкүйерлер ретінде оларға қолдау көрсетті, деп хабарлайды қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан. Іс-шараға қатысқандар мен жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды. Қазақстандық Теннис федерациясының атынан Диас Досқараев балаларды құттықтап, сөз сөйледі, ал «Дәулет» спорт кешенінің директоры Қуандық Елжанов іс-шараның бастамашысы ретінде балаларға жаттығу кезінде де осындай ж…

0
0
311

Головкин Чавеспен жұдырықтасуға үміткерлердің тізіміне енді

АСТАНА. ҚазАқпарат — WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикандық спортшы кіші Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасуы мүмкін үміткерлер тізімен енді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Чавестің жекпе-жегін өткізетін келесі қарсыласын анықтау бойынша дауыс берулерді Американың танымал спорттық телеарнасы ESPN жүргізеді. Аталмыш тізімге Головкиннен өзге аргентиналық Серхио Мартинес, британдық Карл Фроч пен американдық Андре Уорд енгізілген.

Чавестің өзі болса, ендігі додада Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін мәлім етті.

Басты сөздер: Спорт
0
0
350