«Астана» баскетболшылары ел кубогын еншіледі
Елордада баскетболдан Қазақстан кубогының биылғы маусымдағы жеңімпазы анықталып, биыл да «Астана» баскетбол клубы теңдессіз шықты, деп хабарлайдыTengrinews.kz. Биылғы ел кубогын «Ұлттық лигадағы» алты команда сарапқа салды. Олар әуелі екі топқа бөлініп, сынға түсті. Жартылай финалда «А» тобында топ жарған «Астана» «В» тобында екінші орынға ие болған «Барсы» (Атырау) баскетболшыларын тізе бүктірді. Есеп – 80:70. Жартылай финалдық екінші жұпта «В» тобында үздік шыққан «Каспий» (Ақтау) «А» тобында екінші орынды иеленген «Қапшағай» (Алматы облысы) командасынан 57:65 есебімен ұтылып қалды. Бұдан кейін ақтық ойындар өтті. 5-орын үшін өткен матча екі топта соңғы орынды қанағат тұтқан «Тигры» (Астана) және «Тобыл» (Қостанай) клубтары кездесіп, елордалықтар 84:82 есебімен басым түсті. Содан соң қо…






