Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

ҚХЛ: «Барыс» плей-оффтың бесінші ойынында «Салауат Юлаевты» тізе бүктірді

Қазақстанның «Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогы аясындағы плей-оффтық кездесудің бесінші ойынында «Салауат Юлаевқа» есе қайтарды.

Астанада өткен матч 2:1 (1:1, 1:0, 0:0) есебімен жергілікті команданың жеңісімен аяқталды. Кездесудің жетінші минутында Константин Руденко есеп ашқан болатын, бірақ сегіз минуттан кейін Вишневский есепті теңестірді. Ал ойынның 37-минутында Дастин Бойд жеңісті гол салды.

Осы жеңісінің арқасында «Барыс» Уфаның «Салауат Юлаев» командасына жетіп қалды, сериядағы есеп «СЮ» клубының пайдасына 2:3-ке жетті. Келесі ойын 29 наурызда Уфада өтеді.

Басты сөздер: СпортАстана
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
295

БОКС: Головкин мен Чавестің командасы жекпе-жектің қай күні, қайда өтетіндігі жөнінде келісті

Американдық спорттық функционер және Top Rank проумоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум орта салмақтағы WBA и IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Хулио Сезар кіші -Чавес арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру туралы келісімнен хабардар етті. «Біз қазіргі таңда Головкинмен келісім жүргізудеміз. Чавестің командасы бұл жекпе-жек өтеді деген көңіл-күйде. Шындықты айтсам, көптеген мәселелер орайын тапты. Менің ойымша, таяу уақытта кездесу жайлы түпкілікті шешіледі. Әзірше алдын ала келісім бойынша, жекпе-жек шілде айында Лос-Анджелесте өтетін болды»,-деп мәлім етті Арум журналист Анна Драгостке берген сұхбатында. Шамасы, Головкин — Чавес кездесуі 12 шілдеде Лос-Анджелес маңындағы Инглвудте орналасқан »Форум» (Forum) жабық аренасында өтеді, деп хабар…

0
0
280

Қазақстан хоккейінің финалында – «Ертiс» пен «Арлан»

Шайбалы хоккейден Павлодардың «Ертiсі» мен Көкшетаудың «Арланы» Қазақстан чемпионатының финалында кездесіп, саф алтынды сарапқа салатын болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Плей-офф жүйесімен жалғасып жатқан ел чемпионатының жартылай финалдық ойындары толықтай аяқталды. Екі жұптағы мұзайдын додасы да 4:1 есебімен аяқталды. Екі жұпта да ақтық сынның жолдамасы бес-ақ ойында шешілгенімен, жартылай финалдық ойындардың барлығы дерлік шектен тыс тартысты өтті. «Ертiс» — «Арыстан» (Теміртау) жұбында павлодарлықтардың жеңіске жететіндігіне ешкім де күмән келтірмеген болар. Десек те, Теміртау клубы намысты қолдан берген жоқ. Аталған екі команда арасындағы бірінші ойында жеңімпаз тек овертаймда анықталды (3:2 ОТ). Рас, екінші ойында «Ертіс» үстемдік танытты (4:0). Бірақ бұдан кейінгі екі матч өте…

0
0
500

Абзал Рақымғалиев әлем чемпионатын одан әрі жалғастырады

Бүгін Жапонияның Саитаме қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталды. Оған біздің елден тек Абзал Рақымғалиев қатысуда, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жалпы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты алғаш рет 1896 жылы Санкт-Петербургте өткен. Биыл «Күншығыс елінде» жалауын желбіретті. Бұл Жапонияның осы спорт түрінен әлем чемпионатын алтыншы рет өткізуі. Негізі, әлем чемпионатына Халықаралық коньки спорты түрлері федерациясының (ISU) құрамына кіретін елдер 1998 жылдың 1 шілдесіне дейін туған спортшыларын үкілеп қоса алады. Нақтырақ айтқанда, мәнерлеп сырғанаудың төрт сынына (ерлер, әйелдер, спорттық жұп, би жұбы) әр мемлекеттің бір спортшыдан (жұптан) қатыстыруына болады. Ал кейбір мемлекеттер бұған дейінгі әлем чемпионаттарының қорытындысы бойынша 2-3 спортшыдан (жұптан) қосуға құ…

0
0
468

Астанадағы УЕФА конгресін бүкіл Еуропа бақылайды

27 наурызда Астанада өтетін УЕФА ұйымының кезекті XXXVIII конгресі еуропа футболының маңызды оқиғаларының бірі болады, дейді FIFPro бас хатшысы Тео Ван Сеггелен. Кәсіби футболшылар қауымдастықтары халықаралық федерациясының (FIFPro) бас хатшысы елордада өткен баспасөз мәслихатында атап көрсеткеніндей, УЕФА конгресінде қазіргі замандағы әлемдік және еуропалық футболдың өзекті мәселелері мен футболшылардың құқықтары талқыланады. «Конгресс — өте маңызды шара. Ертең бірқатар түйткілді мәселелер талқыланады, маңызды шешімдер қабылданады. Шараны барлық Еуропа бақылап отырады. Ұйымдастыру жағы өте жоғары деңгейде», — дейді Т.Сеггелен. Сонымен қатар оның айтуынша, футболшылар өздерінің құқықтарын сауатты қорғауы тиіс. «Қазақстандық футболшылардың жеке құқықтарын қорғай алатыны мені қуантады. Бұл…

0
0
352

УЕФА басшысы М. Платини: Қазақстан — керемет ел

Қазақстан — керемет ел, Астана — жас әрi әдемi елорда, дедi бүгiн Астанада УЕФА Конгресiнiң отырысында ұйым басшысы, даңқты футболшы Мишель Платини.

«60 жыл бұрын УЕФА құрылған кезде осынау ұйымның XXXVIII кезектi отырысы Қазақстан атты керемет елде және жас әрi сұлу елорда — Астанада өтедi деп кiм ойлаған? Қонақжайлықтарыңызға мың алғыс бiлдiремiн», — дедi УЕФА президентi Мишель Платини.

Оның сөзiне қарағанда бүгiнгi конгресс жылнамада мәңгi сақталатын болады және оның қатысушылары УЕФА болашақ тарихын жазуға атсалыспақ.

«60 жыл — ол тұтас эпопея, қызығы мол тарих және бiз бүгiн оның жазылуына атсалысып отырмыз», — дедi ол.

Басты сөздер: СпортАстана
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
284

Дэвис Кубогының ширек финалында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Сәуірдің 4-6 аралығында Женевада Дэвис Кубогы үшін өтетін әлемдік топ матчының ширек финалында Швейцария командасына қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды, деп хабарлады sports.kz.

Қазақстанның ұлттық командасының капитаны Дияс Досқараев осы матчқа қатысуға Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов пен Евгений Королевті шақырды.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Швейцария құрамалары матчының жеңімпазы жартылай финалда Ұлыбритания мен Италия арасында өткен кездесуде басымдық танытқанымен кездеседі.

Басты сөздер: Спорт
0
0
268

ФИФА президенті Й. Блаттер Қазақстанға ат басын бұрмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат — ФИФА президенті Йозеф Блаттер Қырғыз Республикасына, Тәжікстанға және Қазақстанға төрт күндік ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Р-Спорт.

24 наурызда Бішкекте басталған сапар барысында Й. Блаттер бірқатар спорт және мемлекеттік билік өкілдерімен кездесулер өткізіп, бірнеше футбол алаңдарының ашылуына қатысады.

Йозеф Блаттер 27 наурызда Астанада өтетін УЕФА-ның XXXVIII кезекті конгресінде сөз сөйлейді деп күтілуде.

Басты сөздер: Спорт
0
0
335

«Севастополь» мен «Таврия» Ресей біріншілігінде өнер көрсетуі мүмкін

Қырымның Ресей құрамына кіруіне байланысты Украинаның «Севастополь» және «Таврия» командалары футболдан Ресей біріншілігінде өнер көрсетуі мүмкін. Бірақ, бұл екі команда Ресей біріншілігіне қосылса, онда УЕФА аясындағы бірде-бір турнирлерге қатыса алмайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еуроодақ Қырымда өткен референдумды мойындамай отыр. Сондықтан да «Севастополь» мен «Таврия» Еурокубоктарға жолдама алатын болса, Еуропа футбол ассоциясы (УЕФА) бұл командаларды өзінің аясында өтетін турнирлерге қатыстырмайды. Одан бөлек, егер Ресей футбол федерациясы Қырымның қос командасын Ресей біріншілігіне қосатын болса УЕФА Ресейге де түрлі санкциялар қолданамыз деп отыр. Бүгінгі таңдағы Киев пен Мәскеу арасындағы келеңсіз жағдайларға байланысты Украина мен Ресейдің кіл мықты командаларының ба…

0
0
377

Екінші турдағы алты ойында төрт гол ғана соғылды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында ХХІІІ ел чемпионатының екінші туры өтті. Ондағы алты ойынның ешқайсысында да алаң иелері жеңіске жете алмады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Екінші турдағы алты ойынның төртеуі тең аяқталды. Әрі оның үшеуінде есеп ашылған жоқ. Екі ойында қонақтар жеңіске жетті. Алты ойында бар болғаны төрт-ақ гол соғылды. Негізі, бұл турдағы «Жетісу» – «Қайрат» клубтары арасындағы ойын Талдықорғанда өтуі керек болатын. Бірақ «Жетісу» Алматы клубын өз алаңында қабылдай алмады. Сондықтан «Қайратпен» келісіп, бұл ойынды Алматыда өткізді. Бірақ іс жүзінде екі команда Алматыда ойнағанымен, қағаз жүзінде алаң иелері «Жетісу» болып саналды. Бұл кездесуде 1:0 есебімен Талдықорған клубы жеңіске жетті. Ал екінші турдың орталық кездесуі саналған «Шахтер» мен «Ақтөбе» арасындағы…

0
0
402