Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

«Барыс» Гагарин Кубогының ширекфиналында төртінші матчта овертаймда «Салауат Юлаевтан» ұтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Барыс» хоккей клубы Гагарин Кубогының ширекфиналында төртінші матчта овертаймда «Салауат Юлаевқа» 2:3 есебімен жол берді. «Барыс» пен «Салауат Юлаев» арасындағы төртінші ойын Уфада өтті, онда қазақстандық және ресейлік жанкүйерлер плей-офф сериясындағы жақсы ойын өрнегін күтті. Матчтағы оқиғалар шабуылдағы хоккейдің жақсы дәстүрлерімен өрістеді. Бірінші және екінші кезеңдерде үйдегі жаттығуларын ортаға салған екі команда да есеп аша алмады, екі голкипер де ешқандай қате жібермей, қақпаны сенімді күзетті. Үшінші кезеңнің жиырма минутында «Барыс» қақпасына уфалық клубтың шабуылшысы Игорь Мирнов алғашқы шайба салды. Қазақстандық хоккейшілер бұдан бұрынғы матчтағыдай, оларды қуалап жүруге мәжбүр болды. 55-минутта «барыстық» форвард Найджел Доус матчтағы есепті теңестірді…

0
0
452

Ж.Алдабергенова фристайлдан Еуропа кубогы кезеңінде жеңіске жетті

Италияның Кьеза ин Вальмаленко қалашығында фристайлдан Еуропа кубогының қорытынды кезеңі өтті, деп хабарлады sports.kz. Әйелдер арасында шаңғы акробатикасынан өткен жарыстың алғашқы күнінде ресейлік Александра Орлованың мерейі үстем болды. Екінші орын украиндық спортшы Надежда Мохнацкаяға бұйырса, үздік үштікті қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова қорытындылады. Келесі күні әйелдер арасында акробатикалық секіруден жарыс өтті. Бұл күні Ж.Алдабергенова үздік нәтиже көрсетсе, А.Орлова екінші орынға сырғыды. Үшінші орын оның отандасы Любовь Никитинаға бұйырды. Еуропа кубогының жалпы есебінде 350 рейтингтік ұпай жинаған Жанбота 449 ұпай жинаған А.Орловадан кейінгі орында тұр. Ал Никитина үшінші орында — 263 ұпай. Фристайл. Еуропа кубогы. Кьеза ин Вальмаленко (Италия), Әйелдер. Акробатика…

0
0
324

Хоккей: «Барыс» «Салават Юлаев» командасына есе жіберіп алды

ҚХЛ аясында бүгін сырт алаңда астаналық «Барыс» Гагарин Кубогы ойынындағы үшінші кездесуде Уфаның «Салават Юлаев» командасына есе жіберіп алды. Бұл кездесуде елордалықтар алаң иелеріне 5:2 есебімен ұтылды. Енді төртінші ойын Уфадағы мұз айдынында 25 наурызда өтеді. Ал 27 наурыздағы бесінші ойында астаналықтар «Салават Юлаевты» өз алаңында қабылдайды. Айта кетейік, плей-оффтың келесі кезеңіне өту үшін, «Барыс» аталған командамен тартыста төрт жеңіске қол жеткізуі тиіс. Бұдан бұрын хабарланғандай, 21 және 22 наурыз күндері Астанада өткен екі ойынның қорытындысы бойынша қос команданың сериядағы есебі 1:1 болды. Бірінші кездесуде уфалықтар 2:3 есебімен ұтса, екіншісінде 5:2 есебімен «Барыс» алға шыққан болатын. Енді астаналықтар бүгінгі кездесуден ұтылғаннан кейін «Салават Юлаев» серияда 2:1…

0
0
226

Көкшетау қаласында баскетболдан әйелдер арасында «А» дивизионы бойынша ҚР Чемпионатының кезекті ойындары өтуде

Бүгін жергілікті Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы Астананың «Тигрына» қарымта ойын өткізді. Алма-кезек шабуылмен өткен кездесуде астаналық қыздардың бағы басым болды. Әсіресе, тартысты ойынның алғашқы кезеңдерінде жақсы ойын өрнегін көрсеткен көкшетаулықтар соңғы сәтте қарсыластарына есе жіберіп алды. Нәтижесінде кездесу қорытындысы 52:61 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Осылайша, алаң иелері ойламаған жерде қарымта ойында ұпай жоғалтып алды. Еске сала кетсек, кеше «Оқжетпес» пен «Тигр» Көкшетауда алғашқы кездесуін өткізген болатын. Онда алаң иелері қонақтарға дес бермей, 82:78 есебімен басым түсті. Бүгін қонақтар сол жіберген есені қайтарып алды. Енді, турнир кестесіне сәйкес наурыздың 29 және 30 күндері «Оқжетпес» өз алаңында Павлодардың «Ертісіне» қарсы қос ойын өткізбек. КӨКШЕТ…

0
0
361

«Ертіс» хоккейден ҚР чемпионатының алғашқы плей-офф финалисі болды

«Ертіс» хоккейден ҚР чемпионатының алғашқы плей-офф финалисі болды

Хоккейден ҚР чемпионатының жартылай финалдық плей-офф сериясы матчында павлодарлық «Ертіс» Теміртаудың «Арыстан» командасын 4:1 есебімен ұтып, турнирдің алғашқы финалисі болды, деп хабарлады sports.kz.

Жеңімпаздар құрамында Томаш Вак, Михал Грман (дубль) және Мартин Хьюс гол салуда көзге түсті. Теміртаулықтардың бірден-бір шайбасын Томаш Кан салды.

«Ертіс» — Арыстан  4:1 (2:0, 1:1, 1:0)

Серия есебі: 4:1 (3:2 О.Т, 4:0, 4:3, 2:3, 4:1).

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
284

Хоккей: Әлем чемипонатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының алдын ала құрамы жасақталды

6-12 сәуір күні Латвияда Әлем чемипонатына қатысатын хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасының алдын ала құрамы жасақталды, деп хабарлайды sports.kz сайты. Вентспилс қаласында өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы «И» дивизионында өнер көрсетеді. Сонымен, ұлттық құраманың алдын ала құрамы мынадай: Қақпашылар: Татьяна Можаева (ОРМБЖМ), Айжан Раушанова («Айсұлу»). Қорғаушылар: Ажар Хамимулдинова («Томирис»), Ольга Конышева, Дария Молдабай, Ләззат Мыңжасарова, Виктория Сазонова, Екатерина Скобелкина, Асем Тулеубаева (барлығы «Айсұлу» командасынан). Шабуылшылар: Валерия Каменская («Устинка»), Карина Фельзинк, Надежда Филимонова, Алёна Фукс, Любовь Ибрагимова, Айя Қалиола, Татьяна Королёва, Татьяна Лихаус, Галия Нұрғалиева, Меруерт Рыспек, Арай Шегебаева, Зарина Тухтиева, Салтанат Үрпекб…

0
0
423

Бүгін «Барыс» сырт алаңда «Салават Юлаевқа» қарсы ойынын жалғастырады

ҚХЛ аясында бүгін сырт алаңда астаналық «Барыс» Уфаның «Салават Юлаев» командасына қарсы плей-офф сериясындағы үшінші ойынын өткізеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 21 және 22 наурыз күндері Астанада өткен екі ойынның қорытынсы бойынша қос команданың сериядағы есебі 1:1 болды. Бірінші кездесуде  уфалықтар 2:3 есебімен ұтса, екіншісінде 5:2 есебімен «Барыс» алға шыққан болатын.

Сонымен қатар 25 наурызда Уфадағы мұз айдынында екі команданың төртінші кездесуі өтеді. Ал бесінші ойында астаналықтар өз алаңында «Салават Юлаевты» қарсы алады. Айта кетейік, плей-оффтың келесі кезеңіне өту үшін, «Барыс» аталған командамен тартыста төрт жеңіске қол жеткізуі тиіс.

0
0
210

«Сарыарқа» ЖХЛ плей-офф сериясында жартылай финалға өтті

Қарағандының «Сарыарқа» командасы
Қарағандының «Сарыарқа» командасы Краснодардың «Кубань» хоккейшілерін жеңіп, Жоғары хоккей лигасы плей-офф сериясында жартылай финалға өтті.

Айта кетейік, қарағандылық команда сырт алаңдағы бұл ойында «Кубаньді» 3:0 есебімен тізе бүктірді. Осы арқылы «Сарыарқа» аталған командаға қарсы төртінші жеңісті ойынын өткізіп, серияны 4:0 есебімен ұтты.

«Құрметті жерлестер! Біздің сүйікті «Сарыарқа» хоккей командасы ЖХЛ плей-офф тартысында жартылай финалға өтті. Құттықтаймын! Команданың Финалға өтуіне тілектеспін!»,- деп жазды твиттерде Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев.

 
0
0
196

Ережесіз жекпе-жек: Шахмарал Жетпісов Джефф Монсонды сұлатып салды

Шахмарал Жетпісов

Қазақстандық  Alash Pride командасының мүшесі Шахмарал Жетпісов Алматыда өткен ережесіз жекпе-жектің басты жарыстарының бірі -«Diamond Fight -Достық» турнирінде АҚШ-тың әйгілі спортшысы Джефф Мон­соннан басым түсті.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі кездесу үшінші раундта Жетпісовтың жеңісімен аяқталды. Жерлесіміз 43 жастағы америкалық спортшыны нокаутқа жіберді. Бұл Шахмаралдың 5 кездесуіндегі үшінші жеңісі, ал Монсонның 68 кездесуіндегі 16-ыншы жеңілісі.

«Достық» турнирі дәстүрлі түрде өтетін және елдер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған бәсеке, деп хабарлайды Vesti.kz.

0
0
536

WTA турнирі: Зарина Дияс жарыстан шығып қалды

Зарина Дияс

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA турнирінің үшінші айналымына шыға алмады.

Ол екінші айналымның матчында жарыстың 17-ракеткасы, америкалық теннисші Слоан Стивенстен 5:7, 3:6 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Енді екінші айналымда Слоан Стивенстің қарсыласы бәсекенің 11-ракеткасы дат теннисшісі Каролин Возняцки болмақ.

0
0
263