Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Нысана көздеуден әлем кубогындағы үздік көрсеткішіміз – алтыншы орын

Бүгін Американың Форт Беннинг деп аталатын ірі әскери базасының орталығында нысана көздеуден әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Өкінішке қарай, әлем кубогының биылғы маусымдағы бірінші кезеңінде Қазақстан мергендері жүлделі орындарға іліге алар емес. Тек Сергей Вохмянин ғана финалға ілігіп, тапаншамен 25 метр қашықтықтан жамбы атуда 6-орынға ие болды. Ол іріктеу сынында бесінші орынды иеленгенімен, ақтық сында бір саты төмендеп, үздік алтылықты түйіндеді. Десек те, айта кетуге тиіспіз, кейінгі кезде осы Сергей көңілге қонымды нәтиже көрсетіп, аракідік жүлделі орындарға ілігіп жүр. Өкінішке қарай қалған спортшыларымыз жоғары нәтижелерімен қуанта алар емес. Айтпақшы, АҚШ-тағы әлем кубогының бірінші кезеңінде Владимир Исаченко тапаншамен 10 метрлік қашықты…

0
0
392

Футбол саясаттың жетегінде кетпеуі керек

Астанада өткен УЕФА-ның XXXVIII Конгресінде Мишель Платини бірнеше маңызды мәселелерге мейілінше мән беріп, айрықша тоқталып өтті. Бүгінгі таңда УЕФА үшін шектен тыс маңызды болып отырған сол өзекті мәселелерге атүсті тоқталып өтсек деп едік, — деп жазады Tengrinews.kz «Алаш айнасы» газетіне сілтеме жасап. 1) УЕФА президентінің тебірене тілге тиек еткен мәселелерінің бірі бүгінгі таңдағы саясат пен футбол болды. Мишель Платнидің айтқандарын қазақшалап жеткізер болсақ, оның сөздері «футбол саясаттың жетегінде кетпеуі керек» дегенге саяды. «Қазір әлемде саяси жағдай ушығып тұр, футбол саясаттың айтқанымен жүрмеуі керек. Керісінше, оларды ымыраға келтіріп, бітімгершілікке шақыруға тырысуы керек. Спорт қашанда бейбітшіліктің символы болған. Ешқашан да содан айнымауымыз керек. Футбол – әлем ха…

0
0
416

Жерлесіміз Дмитрий Петрухин 175 метр биіктіктен секірді

Отандық байкер Дмитрий Петрухин Виктория сарқырамасында арқан арқылы 175 метр биіктіктен секірді.

Осы 57 жастағы саяхатшының ерлігі талайды тәнті етті. Себебі, өз елінің байрағын арқасына байлап секірген жағдай бұрын-соңды болмаған. Айта кетейік, Дмитрий Петрухин қазір Африка елдерін аралап жүр. Мақсаты – елімізде өтетін ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін кеңінен насихаттау.

0
0
291

«Гент-Вевельгем» біркүндік веложарысы өтті

Бельгияда дәстүрлі өтетін «Гент-Вевельгем» веложарысы биыл тартысқа толы болды.

Жарысқа шыққан 200-ге жуық шабандоздың тең жартысы мәреге жете алмады. Жиі сүрініп, жарақат алып жатқандардың арасында «Астана» командасының спортшылары да бар. Қазақстандық клуб сапындағы Борут Бозич 233 шақырым бойы үздіктер қатарынан көрінген. Тек мәреге 200 метр қалғанда жолдан тайып, жарыстан шығып қалды. Осының салдарынан астаналық Анрей Гривко, Дмитрий Муравьев және Руслан Тілеубаевтар да үздіктер қатарынан іліге алмады. Ақыры германиялық Джон Дегенкольб жарыс жеңімпазы атанды.

Авторлары: Аслан Қаженов, Бақытбек Нұртаев

0
0
230

«Астана Арландары» плей-оффты сәтті бастады

«Астана Арландары» бүкіләлемдік бокс сериясының плей-офф кезеңін сәтті бастады.

Германиялық командамен кездескен қазақстандық клуб 2:3 есебімен басым түсті. Арландар сапынан Теміртас Жүсіпов, Сергей Деревянченко және аса ауыр салмақтағы Василий Левит қарсыластарын айқын басымдықпен ұтқан. Ал орта салмақтағы Мейiрболат Тоитов пен Асхат Уалиханов есеп айырмасымен есе жіберді. Енді қос құрама 5 сәуірде Алматыда өтетін қарымта кездесуге дайындалады. Айта кетейік, «Астана Арландары» 2013 жылы бүкіләлемдік бокс сериясының бас жүлдесін ұтып алған болатын.

Авторлары: Аслан Қаженов, Бақытбек Нұртаев

0
0
384

Оралда бокстан халықаралық жарыс өтуде

Оралдағы жабық мұз айдыны сарайында кеше, 31 наурыз күні ересектер арасында ҚР бокс федерациясының құрметті президенті Асқар Құлыбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнир жалауын көтерді. Жарысқа қатысушыларды Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, аталмыш турнирдің бесінші рет ұйымдастырылып отырғанын атап өтті. Бұл тегіннен-тегін емес. Өңірде спортпен шұғылдануға жақсы жағдай жасалған. Облыс тұрғындарының 22 пайыздан астамы өз денесін шынықтырумен айналысады. Дәстүрлі жарысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан елдерінен барлығы 144 боксшы қатысып, бақ сынауда. Батыс Қазақстаннан 13 боксшы облыс намысын қорғауда. Құрметті қонақ ретінде аталмыш додаға бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері, әлем чемпионы, олимпиада ойындарының екі мәрте күміс жүлдегері Бо…

0
0
469

Каратанчева Чарльстонда біліктілік финалында Кудрявцеваға жол берді

Қазақстандық Сесиль Каратанчева Чарльстондағы біліктілік турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлады sports.kz.

Ресейлік Алла Кудрявцева Чарльстондағы теннис турнирінің негізгі сынынан орын алды, бұл сайыстың жалпы сыйлық қоры 710 мың долларды құрайды.

Кудрявцева біліктілік финалында үш партияда қазақстандық өкіл Сесиль Каратанчеваның қарсылығына 5:7, 6:3, 6:2 есебімен есе қайтарды. Кездесу екі сағатқа жалғасты.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
273

Ярослава Шведова жарыстың екінші раундына шықты

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Чарльстондағы WTA турнирін оңайлықпен келмеген жеңіспен бастады, деп хабарлады sports.kz.

Жарыстың бірінші айналымында әлемдік рейтингте 55-орындағы 26 жастағы Шведова әлемнің 147-ші ракеткасы 20 жастағы қытайлық Сайсай Чженмен кездесті.

Шведова қарсыласын үш партияда 6/2, 3/6, 7/5 есептерімен жеңген. Ойынға 2 сағат 6 минут кеткен.

Жарыстың екінші раундтағы матчын Ярослава енді жетінші нөмірлі австралиялық Саманта Стосурмен өткізеді.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
268

«Қайрат» Лучано Спаллеттимен келісімшарт жасағандығын жария етті

Edit This Post Питерлік «Зенит» футбол клубының бұрынғы бас жаттықтырушысы Лучано Спаллетти Қазақстан чемпионатында өз мансабын жалғастыратын болады. 55 жастағы итальяндық маман жергілікті «Қайратпен» келісімшарт жасау үшін Алматыға келді, деп хабарлады қазақстандық клубтың ресми сайты. Әзірге бонус сомасына байланысты түйткіл бар. Бірақ тараптар бұл мәселенің шешілетіндігіне сенімді. Айта кетер жайт, Лучано Спаллетти Алматыға өзінің жаттықтырушылар штабын ала келмек. Итальяндық мамандардың алдына қойылған басты талап — «Қайратты» Еуропа Лигасының ¼ финалына шығару. Лучано Спаллеттидің соңғы жұмыс орны — «Зенит» (2009). Ол командадан 2014 жылғы наурыздың басында шығарылған болатын. Итальяндық жаттықтырушы болған кезеңде питерлік клуб Ресейдің екі дүркін чемпионы (2010 және 2011/12) атанды…

0
0
292

Велоспорт: «Tinkoff Saxo Bank» «Астана» клубына қосылуды жоспарлауда

Танымал ресейлік кәсіпкер, «Tinkoff Saxo Bank» велокомандасының құрылтайшысы Олег Тиньков радиостанциялардың біріне берген сұхбатында өз командасын қазақстандық «Астана» велоклубына қосу жөнінде келіссөз жүргізіп жатқандығын мәлім етті, деп хабарлайды astanafans.com. Мұндай қызығушылық банктің болашақ жоспарынан туындап отыр. Көп жылдан бері Ресей нарығында жұмыс жасап келе жатқан банк жаңа аумақтарға, соның ішінде Қазақстан нарығына шығуды көздеуде. Ресейдегі қаржылық нарықтың тұрақсыздығынан банк жаңа елдерге ойыспақ, ал Қазақстандағы велоспорттың танымалдылығын ескеретін болсақ, бұдан жақсы жарнама, сірә табыла қоймас. Егер екі клуб бірігетін болса, бұл велоспорттағы ең елеулі оқиғалардың бірі болмақ. «Астана» клубының сапында талай рет қанжығасына түрлі гран-турлардың кубоктарын байла…

0
0
209