Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Элизавета Тұрсынбаева Италияда топ жарды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизавета Тұрсынбаева Италияда өткен «Gardena Spring Trophy» жарысында топ жарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елизавета жасөспірімдер арасындағы сында бақ сынады. Қысқа бағдарламадан кейін екінші орынға табан тіреп, еркін бағдарламада қарсыластарын басып озып, 157,86 ұпай жинаған спортшымыз екі сайыс қорытындысы бойынша алтын медаль алды. Ал, күміс медальды 143,26 ұпай жинаған америкалық мәнерлеп сырғанаушы Эшли Шин алса, үшінші орынды 140, 56 ұпай жинаған тағы бір америкалық спортшы қыз Брэдли Таннел иеленді. Жалпы 20 жылдан бері өтіп келе жатқан турнирге биыл Италия, АҚШ, Канада, Австрия, Франция сынды елдерден 23 мәнерлеп сырғанаушы қатысты. Еліміздің намысын бұл додада жалғыз Тұрсынбаева ғана қорғаған. Жас мәнерлеп сырғанаушымыздың бұл маусым…

0
0
257

Қарағандылық самбошы Бейімбет Қанжанов Әлем кубогында алтын медаль иеленді

Қарағандылық самбошы Бейімбет Қанжанов «Харлампиев мемориалы» Әлем кубогында жеңімпаз атанды. Мәскеу қаласында 25-26 наурыз күндері өткен Әлем кубогына 29 елден 300-ге жуық спортшы қатысқан. Бұл дүбірлі додада Қазақстанның намысын Шымкент, Орал, Ақтөбе, Талдықорған, Алматы, Астана, Түркістан, Атырау және Қарағанды қалаларынан барлығы 35 спортшы қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық самбошылар тоғыз жүлделі орынды олжалады, оның ішінде алты қола, екі күміс және бір алтын медаль бар. Алтынды 52 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қарағандылық Бейімбет Қанжанов иеленсе, Райымқұлов Болатбек (52 кг) пен Жылқыбаева Әлия (80 кг) күміс жүлдегерлер атанды. Ал қола жүлдені Қайранбеков Серік (57 кг), Қуанов Есет (62 кг), Абдамит Арслан (100 кг), Тұрмаханова Гаухар (48 кг), Тайжанова Қалжан (72 к…

0
0
568

Голландиялық қазақ Мұрат Өнал шымкенттік команданың ойыншысы атанбақ

Бірінші лигада өнер көрсететін Шымкенттің «Қыран» командасына голландиялық қазақ футболшы Мұрат Өнал қосылатын болды. Наурыз айының басында Түркияның Алания қаласында өткен оқу-жаттығу жиынында бапкерлердің көңілінен шыққан Мұрат жаңа маусымды «Қыранда» бастайды. «Аякс» мектебінің түлегі, бұрын Бельгия, Голландия, Финляндия командаларының формасын киген қандасымыз алғаш рет атамекеніне аяқ баспақ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлайды. Айта кетейік, бірінші лига ойындары 6 сәуірде басталады. «Қыран» командасы бірінші турда «Астана-64» командасын қабылдайды. Мұрат Өнал 1987 жылы 20 шілдеде Түркияның Салихли қаласында дүниеге келген. Қазіргі тұрғылықты жері — Амстердам (Голландия). Бойы — 179 см, салмағы — 76 кг. Ойнаған командалары: 2006-2007 жж. — Брюг…

0
0
337

Астаналық «Барыс» Гагарин кубогы үшін жарысты аяқтады

Астананың «Барыс» командасы ҚХЛ плей-офф кезеңінің екінші айналымының алтыншы матчында «Салават Юлаев» командасына есе жіберіп алып, Гагарин кубогы үшін жарысты аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Кездесу Уфа қаласында өтіп, 3:2 есебімен жергілікті команданың жеңісімен аяқталды. Ойындағы алғашқы есепті алаң иелері ашты. Атап айтқанда, Иван Вишневский 4-ші минута ашса, 13-ші минутта барыстық Евгений Блохин есепті теңестірді. Матчтың екінші кезеңінде бірде-бір шайба соғылмады. Ал үшінші айналымда қақпаға үш бірдей гол соғылды. Ойынның 43-ші минутында Игорь Мирнов ерекше көзге түсті. Ал 52-ші минутта Антон Слепышев есепті 3:1 көрсеткішіне жеткізді. Матчтың аяқталуына 3 минут уақыт қалғанда Найджел Доус қарсыластарға бір шайба салғанымен, алаң иелері соққыны одан әрі еселеуге мүмкіндік…

0
0
244

«Астана арландары» неміс боксшыларынан басым түсті

«Астана арландары» неміс боксшыларынан 3:2 есебімен басым түсті, деп жазады kazsporttv.kz. Дүниежүзілік бокс сериясының ширек финалындағы «Team Germany» мен «Астана арландары» кездесуінің соңғы жекпе-жегінде 91 келі салмақтағы боксшылары шаршы алаңға шықты. Бұл жекпе-жекте Василий Левитке германиялық Артур Манн қарсылас атанды. Манн топтық кезеңде екі рет жекпе-жек өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жеткен. Ал әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Василий Левит топтық бәсекеде өткізген төрт жекпе-жектің барлығын жеңіспен аяқтаған. Бұл жолы да қазақстандық боксшы жекпе-жекті өз пайдасына шешілді. Василий Левит кезекті жеңісіне қол жеткізіп қоймай, ширек финалдың алғашқы кездесуінде «Астана арландарына» жеңіс әкелді. Қорытынды есеп: «Астана арландары» мен «Team Germany» - 3:2. Бұған дейін Мей…

0
0
377

«Барыс»-«Салават Юлаев» арасындағы серия ҚХЛ -дың ең қызықты тартысы деп танылды

Ресейдің Чемпионат.com порталы жүргізген сауалнамасы бойынша Гагарин кубогындағы астаналық «Барыс» пен уфалық «Салават Юлаев» арасындағы ширек финалдық серия бүкіл Құрлықаралық хоккей лигасындағы ең қызықты тартыс болып танылды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Шығыс конференциясының финалына осы екі командадан 4-2 есебімен жеңіске жеткен «Салават Юлаев» шықты. Ал «Барыс» өз тарихында тұңғыш рет Гагарин кубогының екінші айналымына өтті.

Айта кетейік, Шығыс конференциясының финалында «Салават Юлаев» енді магнитогорскілік «Металлургпен» ойнайды. Ал Гагарин кубогының басқа жартылай финалында прагалық «Лев» пен ярославтық «Локомотив» күш сынасады.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
299

Биыл тамызда әлемнің ең мықты таеквондошылары Астанаға табан тірейді

2014 жылғы тамызда Астанада таеквондодан «Бүкіләлемдік Гран-при сериясы» турнирі өтеді. Мұндай шешімді Қытайдың Тайпей қаласында өткен бас ассамблеяда Бүкіләлемдік таэквондо федерациясы (WTF) қабылдады. Қазақстан таеквондо федерациясының мәліметінше, «Бүкіләлемдік Гран-при сериясы» жобасы 2013 жылы қарашада бастау алған. Бұл жарысқа тек белгіленген ұпай санын жинап, әлемдік деңгейге көтерілген споршылар ғана қатыса алады. Биылғы тамызда Астана осы жарысты қабылдайтын екінші қала болмақ. Бірінші жарыс шілдеде Қытайдың Сучжоу қаласында, үшіншісі қазанда Англияның Манчестер қаласында, төртіншісі желтоқсанда Мексиканың Керетаро қаласында өтеді. Айта кету керек, ҚР жастар командасының мүшесі Серікбай Ғалымжан Қытайдың Нанкин қаласында өтетін жастар арасындағы Олимпиада ойындарына қатысуға жолд…

0
0
316

Шығыс Еуропаның үздік боксшылары рейтингісінде Головкин Кличкодан кейінгі екінші орынға жайғасты

WBA және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Шығыс Еуропаның 10 үздік былғары қолғап шебері рейтингісінде екінші орында тұғырланды. Бұл рейтінгті америкалық «Bleacher Report» спорт порталы құрды, деп жазады Vesti.kz. Кәсіпқой рингте Г. Головкин 29 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті және оның 26-сын нокаутпен аяқтады. Қазақстандық спортшы әлемнің қазіргі кездегі барлық чемпиондары арасында үздік нокаутшы болып танылды. Аталған рейтингте бірінші орынды WBA, WBO, IBF және IBO нұсқалары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиндық Владимир Кличко иеленді. Сонымен қатар тізімдегі үштікке WBO нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы ресейлік Сергей Кобалев енді. Автор: Руслан Ғаббасов Басты сөздер: Спорт АСТАНА. ҚазА…

0
0
250

Хоккей: Кевин Даллмэн Қазақстан құрамасына шақырылды

Питердің СКА командасының қорғаушысы Кевин Даллмэн  хоккейден Минскіде өтетін    2014 жылғы әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстан құрамасынан шақырту алды.

Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясының ресми сайтында хабарланды.

Даллмэн ӘЧ-2014 дайындық аясында ұлттық құраманың оқу-жаттығуына қатысатын кандидаттар тізіміне кірді.

Еске сала кетсек, әлем чемпионаты 9-25 мамыр аралығында Минскіде болады. Қазақстан құрамасы алғашқы матчын 10 мамыр күні Германия командасымен өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
358

«Astana Arlans» пен «German Eagles» командаларының қарымта кездесуіне қатысатын боксшылар анықталды

WSB cериясының ширек финалында кездесетін «Astana Arlans» пен «German Eagles» командалары арасындағы қарымта кездесуге қатысатын былғары қолғап шеберлерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 5 сәуір күні Алматының «Балуан Шолақ» атындағы спорт ғимаратында өтетін бұл кездесуде бірінші болып 52 келіде «арлан» Мирас Жақыпов пен Роони Беблик жұдырықтасады. 60 келі салмақта біздің команданың капитаны Самат Бәшенов пен Артур Брил шықса, 69 келі салмақта Мейірім Нұрсұлтанов пен Вячеслав Кербер қолғап түйістіреді. Ал, 81 келіде Лондон Олимпиадасына қатысқан Данабек Сужанов пен Сержа Мишель кездесетін болса, кешті +91 келі, яғни аса ауыр салмақтағы боксшылар Руслан Мырсатаев пен Аматыда өткен әлем чемпионатының ширек финалына дейін жеткен Эрик Пфайфер қорытындылайды. Еге…

0
0
268