Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Астанада аулалар арасында бұқаралық спорт түрлерінен турнир ұйымдастырылды

Елордада шағын футбол мен баскетболдан «Сарыарқа» ауданы аулаларының жасөспірімдері арасында турнир өтуде. Аталмыш турнир «Сарыарқа» ауданының әкімдігі, Астана қаласы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы және қалалық Туризм, спорт және дене тәрбиесі, Денсаулық сақтау басқармаларымен ұйымдастырылды, деп хабарлады astana.gov.kz.

Турнирдің ашылуы Ш. Айманов көшесіндегі спорт алаңдарының бірінде өтті. Ашылу рәсіміне 800-ден астам қала тұрғыны қатысты. Турнирге қатысуға 70 құрама ниет білдірген. Алғашқы күні баскетболдан 13, шағын футболдан 5 құрама өзара шеберлік байқасады.

Турнир жеңімпаздары Астана қаласы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы атынан сыйлықтарға ие болды. Шара маусымның 26 дейін жалғасады.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
317

Сағымбаев Ерлан «Барыс» ХК» бас бапкері болып тағайындалды

«Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры қамқорлық кеңесінің шешімімен «Барыс» ХК» бас бапкері болып Сағымбаев Ерлан Ерлесұлы тағайындалды, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. Е. Сағымбаев Өскеменде 1970 жылы 5 сәуірде туған. Қазақстандық хоккей клубының, Өскемен қаласы «Торпедо» хоккей клубының тәрбиеленушісі. Көптеген жылдар бойы: «Торпедо», «Автомобилист» (Қарағанды қ.), «Авангард» (Омбы қ.), «Металлург» (Новокузнецк қ.), «Сібір» (Новосибирск қ.) хоккей клубтарында жұмыс істеді, ҚР хоккей құрама командасының құрамында ойнады. «Казцинк-Торпедо» (Өскемен қ), «Сары-Арқа» (Қарағанды қ.), «Ертіс» (Павлодар қ) клубтарының бас бапкері болды. «Қар қабыланы», «Барыс» хоккей клубтарының бапкерлік штабына кірді. ҚР Халықаралық сыныпты (шайбамен хоккей бойынш) спорт шебері. ҚР еңбек с…

0
0
344

Алматы полицейлері кәсіби мерекелерін дәстүрлі эстафетамен атап өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматы полицейлері биыл кәсіби мерекелерін дәстүрлі эстафетамен атап өтті. «Динамо» стадионында ұйымдастырылған спорттық шараға 200 ден астам полицей қатысты. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Эстафета Алматы көшелерінде өтті. Газтұтқышпен, автоматпен жүгіру кезеңдерінде 15 команда бақ сынады. «Ең басты талап полицей киімімен жүгіру болды. Бұл азаматтардың бойында құқық қорғау органдарының жұмысын көрсетіп, оларға сенімін нығайту үшін жасалды. Салауатты өмір салты полицейлердің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі. Дені сау полицей әрқашан қылмысты ашуда, оны болдырмауда үлкен көмек көрсетеді. Бүгінде ІІД жеке құрамында кәсіби спортшылар, спорт шеберлері, халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері өте көп. Олар әлемдік додаларда Қазақстанның атын шығарып ж…

0
0
281

«Астана арландары» — Дүниежүзілік бокс сериясы бойынша бесінші маусымның чемпионы!

Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде екі күнге созылған Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бойынша «Астана арландары» мен «Куба домадорес» арасындағы финалдық кездесуде қазақстандық команда чемпион атанды. Ақтық айқаста «Астана арландарына» негізгі жеңісті + 91 келі салмақта Иван Дычко сыйлады. Ол Йоханди Тойрак Ортеганы айқын басымдықпен ұтып, «Куба домадорес» командасын тізе бүктірді. Жалпы есеп «Астана арландарының» пайдасында — 6:4! Осылайша, Дүниежүзілік бокс сериясының бесінші маусымында «Астана арландары» чемпион атанып отыр. Айта кетерлігі, бұған дейін бірінші күннің қорытындысы бойынша қазақстандық команда 3:2 есебімен алға шықса, екінші күні біздің боксшылар тура сол жеңіс жолын қайталады. Атап айтқанда, бокс жекпе-жегінің екінші күні Олжас Сәттібаев сәтті өнер көрсетіп, Йосвани Вей…

0
0
307

«Ақжайық» көш басындағы команданы 2:0 есебімен ұтты

Футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» П.Атоян атындағы стадионда көш басында келе жатқан Семейдің «Спартагын» қабылдады. Алма-кезек шабуылмен басталған кездесуде қонақтардың да, алаң иелерінің де доп соғатындай мүмкіндіктері болды. Сондай сәттердің бірінде Иван Антиповтың пасынан кейін оң қапталдан «Спартактың» айып алаңына енген Эльдар Абдрахмановты Тимур Байжанов шалып жықты. Сөйтіп ол екінші ескерту алып, алаңнан қуылды. Семейліктердің қақпасына белгіленген 11 метрлік айып добын «Ақжайықтың» мерген ойыншыларының бірі Алексей Мальцев дәл орындап, есеп ашты. Екінші таймда қарымта шабуыл кезінде сол қапталдан суырылып шыққан Николай Забродиннің пасына Олег Хромцов үлгермесе де, допқа бірінші жеткен Иван Антипов қақпаға сүңгіте салды. Бұдан кейін «Спа…

0
0
275

«Астана» велошабандоздары Еуропа ойындарында алтын және күміс жүлдені олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Астана» велошабандоздары  — испандық Луис Леон Санчес пен украиналық Андрей Гривко Бакуде өтіп жатқан «Еуропа ойындарында» 215,8 шақырымдық қашықтыққа топтық веложарыста алтын және күміс медальге ие болды.

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Луис Леон Санчес алтын медаль иеленіп, өз мықтылығын дәлелдесе, Гривко күмістен алқа тағынды. Ал Чехия елінің өкілі Петр Вакоц қоланы қанағат тұтты.

0
0
242

Денис Тен 2015/2016 маусым Гран-приінің екі кезеңінде өнер көрсетеді

Денис Тен

АСТАНА. ҚазАқпарат — Таяуда мәнерлеп сырғанаудан 2015/2016 маусым Гран-при кезеңдеріне қатысушылар құрамының жеребесі болып өтті, деп хабарлайды sports.kz.

Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық жұлдыз — Денис Тен Гран-придің екі кезеңінде өнер көрсетеді. Денис Гран-придің Милуокида (АҚШ) өтетін «Skate America» бастапқы кезеңі мен Бордода (Франция) өтетін «Trophée Bompard» төртінші кезеңіне қатысады.

0
0
278

Бакуде І Еуропа ойындарына арналған музей ашылады

Бакудің Олимпиада стадионындаІ Еуропа ойындарына арналған мұражай ашылады. Бұл туралы Әзербайжан жастар және спорт министрі Азад Рагимов айтты деп хабарлады Trend.

«Мұражайға негізінен І Еуропа ойындарының ашылу салтанаты кезінде пайдаланылған бұйымдар мен киімдер қойылатын болады», деді министр.

Музей І Еуропа ойындары аяқатлған соң бірден ашылмақ.

Жалпы, Бакуде 20 спорттық жарыс түрлерінен сайыстар өткізіледі: оның 16-сы — олимпиадалық спорт ойындары болса, қалған 4-уі — олимпиадалық емес спорт түрлері. Еуропаның түкпір-түкпірінен жиналған 6 мыңнан астам спортшы 17 күн бойы өз елінің намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, 2012 жылғы желтоқсанда Еуропалық Олимпиада комитеті Бакуды Еуропалық ойындарды өткізуге лайық деп таныған болатын.

 
Басты сөздер: СпортӘзербайжанТМД
0
0
330

Белгілі бапкер М.Елеусіновтің жүлдесі үшін бокстан халықаралық жарыс мәреге жетті

16 маусым күні Қазталов ауданында КСРО спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Елеусіновтің жүлдесі үшін бокстан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир мәреге жетті. Аталған жарысқа Батыс Қазақстанмен қатар Маңғыстау, Ақтөбе, сондай-ақ көршілес Ресей Федерациясы Саратов облысынан (Александров-Гай ауданы) барлығы 146 балғын боксшы қатысып, бақ сынады. Жарыстың жабылу рәсіміне Марат Елеусіновпен бірге бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері, олимпиада ойындарына қатысқан, әлем және Азия чемпионы Галиф Джафаров, Азия ойындарының жеңімпазы Нұржан Кәрімжанов мәртебелі мейман ретінде қатысты. М.Елеусіновті аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр қабылдап, ауыл-аймақта бокс өнерін одан әрі дамыту хақында әңгімелесті. Сонымен қатар, оған өткен жылы аудандық мәслихаттың шешімімен «…

0
0
407

З.Дияс Бирмингем турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Vesti.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина бірінші айналымда негізгі турнирге іріктеу сайыстарынан өтіп, қосылған украин қызы Катерина Бондаренкомен күш сынасты. Екі сағаттай уақытқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші қос тай-брейкті де 9:7, 7:5 есебімен өз пайдасына жазды. З.Дияс негізі алғашқы айналымда итальяндық Камила Джорджимен шеберлік байқасуы тиіс болатын. Бірақ ол бұл турнирге қатысудан бас тартты. Зарина екінші айналымда атақты белорус теннисшісі, осы турнирдің 12-інші ракеткасы Виктория Азаренкомен кортқа шығады. Айта кетейік, жаңартылған әлемдік рейтингте З.Дияс екі орынға сырғып, 34-інші сатыға орналасқан болатын. К.Бо…

0
0
260