Мазмұнға өту
kazinform_kz

kazinform_kz

Сайтта 2014 ж. 3 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

242

пікірлер

2

тіркелуші

5

жазылу

1

Қазақстанда Аи-92/93 бензинінің бағасы 99 теңгеге дейін арзандады

Бүгін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің сайтында (energo.gov.kz) «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы» ҚР Энергетика министрінің №67 бұйрығы жарияланды. Құжатта: «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі заңының 7-бабының 15-тармақшасына, 9-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Бағаларына мемлекеттік реттеу бегіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға ҚҚС-ты есепке ала отырып, мынадай мөлшерде белгіленсін: Дизель отыны - литріне 99 теңге; Аи-80 - литріне 89 теңге; Аи-92/93 - литріне 99 теңге», - деп жазылған. ҚазАқпарат Бүгін Қазақстан Республикасы Энергетика…

0
0
229

Алматы билбордтарында зообақ жануарларының суреті жарияланады

Алматы қалалық Мәдениет басқармасы ведомстволық мекемелерді жарнамалау науқанын жүргізбек. Бұл туралы басқарманың баспасөз хатшысы Рашида Тыливалдиева айтты. Оның айтуынша, қалалық Мәдениет басқармасының төл жобасы қаладағы мәдени орындарды жарнамалауға арналған. Ең алдымен зообақ тұрғындарының суреті Алматы көшелерін безендірмек. Одан кейін цирк, ұлттық аспаптар музейі, қуыршақ театры жарнамаланады. «Адамдардың көпшілігі қазір бос уақыттарын сауда үйлерінде, кинотеатрларды өткізуді қалайды. Мұндай имидждік жарнама арқылы біз қаламызда түрлі мәдени мекемелер бар екендігін тұрғындар мен қонақтардың есіне саламыз. Әр кәсіпорынға бір жарнама агенттігі бекітіліп берілген. «Алматы жарнама», « РТС Деко» компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында қаламыздағы 300-ге жуық билбордта зообағымыздың сүй…

0
0
385

Қазақстанда тұңғыш жартылай синтетикалық мата өндіру фабрикасы ашылды

Индустриялық-инновациялық дамудың бірінші бесжылдығы артта қалды. Ел экономикасын дамытудың қозғаушы күші болып отырған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы осы уақыт аралығында Қазақстанның өндірістік қуатын арттырып, әлеуметтік ахуалын бір серпілтіп тастағаны анық. Жаңадан ашылған жобалар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, жаңа жұмыс орнымен қамтуға септігін тигізді. Сондай кәсіпорындардың бірі - сапасы жоғары отандық мата шығаратын «Сәуле» тігін-трикотаж фабрикасы. Жаңа фабриканың іске қосылуына «Қазақстанды жаңаша индустрияландыру: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың қорытындылары» атты жалпыұлттық телекөпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев рұқсат берген болатын. Жаңа өндіріс орнының алға қойған мақсаттары туралы «Сәуле» тігін-трикотаж фабр…

0
0
552

Астаналық 50 зейнеткер шаңғы жарысына қатысты

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаңғы сайысына 50 астам астаналық ардагер мен зейнеткер қатысты. Жыл сайынғы жарысқа қатысушылар биыл да спорттық құлшыныстарын көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. «Бес жыл көлемінде өткізіліп келе жатқан бұл жарыс жақсы дәстүрге айналды. Бүгінгі сайыстың басты мақсаты - ардагерлер мен зейнеткерлердің денсаулығына көңіл бөлу. Өзіміз үлгі көрсетіп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз», - деді қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Есболат Дүйсенов. Шаңғы жарысына Астананың үш ауданының ардагерлері қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы сайыста Людмила Старых көш бастады. Ал ерлер арасында бірінші орынды Леонид Антонов п…

0
0
323

Алматыда онкологиялық науқастарды емдеудің жаңа әдісімен 20 адам емделіп шықты

Алматы Онкологиялық орталығында былтыр сәулемен емдеуді күшейткіш аппаратымен жүзеге асатын емдеудің жаңа технологиясы енгізілген болатын. Осы әдіспен бүгінде 20 адам емделіп шықты. Бұл туралы қалалық Онкологиялық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Нұрлан Балтаев мәлім етті. «Алматы Онкологиялық орталығында қатерлі ісікті емдеудің замануи технологиясын енгізіп отырмыз. Өткен жылы сәулемен емдеуді мобильді күшейткіш аппаратын сатып алдық. Мұндай заманауи технология ТМД елдерінде жоқ. Аталған технология науқасты емдеу күндерін қысқартып, нәтижесін жақсартады. Оны сүт безі қатерлі ісігі интраоперациялық ота жасау кезінде қолдандық. Қазір 20 шақты адам емделіп шықты», - деді Нұрлан Балтаев. Сонымен қатар оның айтуынша, қазіргі таңда әлемде жақсы нәтиже беріп отырған лапроскопиялық емдеу әд…

0
0
363

Алматы облысының әкімдігі мен жүйеқұраушы кәсіпорындар жұмыс орындарын сақтау жөніндегі меморандумдарға қол қойды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың ҚР Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді орындау мақсатындағы Алматы және Қостанай облыстарына жұмыс сапарлары жалғасты, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі. Сапар барысында Б.Сапарбаев облыстардың өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысты, еңбек ұжымдарымен кездесті. Премьер-Министрдің орынбасары кеңестерге қатысушыларға республика бойынша өңірлер әкімдері мен кәсіпорындар басшыларының арасында өндірістік үдерістерді тұрақтандыру және қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі өзара ынтымақтастығы, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен кәсіпорындар арасында өзара іс-қимыл туралы меморандумдар жасасу жөніндегі кең ауқымды жұмыстар баст…

0
0
185

Қазақстандық балуандар Парижде өткен бәсекеде 4 медальға ие болды

Грек-рим күресі бойынша қазақстандық балуандар Париждегі бәсекеде 4 медальға ие болды, деп хабарлады спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметінен. 71 кг салмақ дәрежесінде Асхат Жаңбыров ақтық сында Швециялық Закарьясу Талдотудан жеңіліп, күміс медальға ие болды. Осы салмақ дәрежесінде қола жүлде қазақстандық Ибрагим Магомадовқа бұйырды. 59 кг салмақ дәрежесінде Мейірбек Дөненбеков екінші орынға ие болды. Ақтық сында ол жергілікті спортшы Тарику Белмаданиден ұтылды. Нұрлан Әлжанов қоладан алқа тақты. Биыл гран-приде Қазақстаннан грек-рим күресі бойынша құрама ғана қатысты. Еске сала кетейік, грек-рим күресі бойынша өзге құрама Колорадо Спрингсте (АҚШ) өткен халықаралық додада 10 медальға қол жеткізді. Оның 4 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль…

0
0
218

Астанадағы Қаллеки театры «Абылай ханның арманы» тарихи драмасын ұсынады

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры ақпанның 7 жұлдызында, сағат 18.00-де «Абылай ханның арманы» атты тарихи драмасын Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап ұсынады, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі. Аталмыш қойылымды ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова бастаған мемлекет және қоғам қайраткерлері тамашалайды, деп күтілуде. Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында «Абылай ханның арманы» атты тарихи драмасы аздаған өңдеуден өтіп, көрерменге қайта ұсынылады. Авторы - белгілі жазушы, журналист, зерттеуші, драматург Думан Рамазан, режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Бұл Д.Рамазан мен Б.Ұзақов шығармашылығындағы екінші тарихи туынды болмақ. Бұған дейін 2010 жылы драматург пен режиссер үндестігінде «Кенесары - Күнімжан…

0
0
717

Алматыда №2 автопарк 11 көлікті қағып кеткен автобусқа тиесілі лицензиясынан айырылды

Алматыда №2 автопаркі №31 маршрутының лицензиясынан айрылды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті.

№2 автопаркке тиесілі №31 бағыт бойынша жүретін автобус осыдан 10 күн бұрын апатқа ұшыраған болатын.

Оқыс оқиға 18 қаңтарда «Қазақфильм» шағын ауданында орын алған. Исиналиев көшесімен төмен құлдилаған автобус көше бойында тұрған 11 автокөлікті қағып, қоқыс машинасына соқтығысып бір-ақ тоқтаған болатын. Кейін көлік жүргізушісі тежегіштің істемей қалғанын айтып еді.

Апат салдарынан 9 адам жапа шекті.

Ендігі кезекте аталған маршрутқа қызмет көрсету құқығы басқа тасымалдаушы компанияларға берілетін болды.

ҚазАқпарат

0
0
287

«Тұлпар-Тальго» пойыздарының билеттерін сатып алуда жаңа жеңілдіктер енгізілді

1 ақпаннан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарында алдын ала билет сатып алған жағдайдағы жеңілдіктер мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен. «Егер бұрын 35% жеңілдік пойыздың жүруіне 44 тәуліктен 40 тәулікке дейін қалғанда ғана берілсе, енді 35% жеңілдікті пойыздың жүруіне 10 тәулік қалғанда билет алған жағдайда және 20% жеңілдікті пойыздың жүруіне 2 тәулік қалғанда билет алған жағдайда пайдалануға болады. Мәселен, қазір Астанадан Атырауға дейін «Тұлпар-Тальго» пойызына билеттің базалық бағасы 14 054 теңге болса, билетті ертерек сатып алсаңыз, оның бағасы 9 223 теңгеге дейін арзандауы мүмкін. Мұндай жеңілдіктерді «Тұлпар-Тальго» пойызының 19/20 Астана-Атырау, 87/88 Ақтөбе-Астана, 79/80 Астана-Шымкент, 77/78 Алматы-Атырау, 49/50 Алматы-Ақтөбе, 89/90 Аст…

0
0
437